Дауыс ырғағы (интонация) Дауыс ырғағы (интонация) және кідіріс (пауза) туралы жалпы түсінік. Адам сөйлеп тұрғанда, айтылған пікірдің тыңдаушыға түсінікті болу үшін, мәнерлеп оқу үшін дауыс ырғағы мен кідірістің маңызы зор екендігі; дауыс ырғағы арқылы сөйлемдегі сөздердің жеке айтылмай, бір ғана мағыналық топқа жинақталып, үздіксіз ұласа айтылатындығы. Кідіріс арқылы жеке мағыналы сөздер немесе мағына жағынан жинақталып ұласқан сөз топтарының басқа сөздерден бөлініп үздікүздік жіктеліп айтылатындығы. Ауа толқыны арқылы топталған фонетикалық бөліктер: сөйлеудің кідірістік, буындық жіктері (фраза, такт немесе синтагмалар). Паузадан кейінгі күшті бас буын, паузаның алдындағы күшті соңғы буын. Дауыс ырғағының грамматикалық мағыналарды білдірудегі суперсегменттік қызметі. Дауыс ырғағының түрлері: сөз тіркестері, бірыңғай мүшелер, айқындауыш мүшелер: төл сөз бен автор сөздері сияқты түрлі категориялардың немесе хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдердің әр түрлі (біркелкі, тұтас, санамалы, көтеріңкі, бәсең, кідірісті,т.б.с.с.) дауыс ырғақтары.
Екпін (акцентуация) Екпін, оның бастыбасты түрлері: ой екпіні (логикалық екпін) және инверсия, көңіл күйі екпіні (эмфазалық екпін), сөз екпіні (словесное ударение) және олардың бірбірінен айырмалары. Сөз екпіні, оның түрлері: үнді (музыкалық, тоникалық екпін); лебізді (динамикалық, экспираторлық) екпін. Лебізді екпіннің күшті лебізді, бәсең лебізді болып бөлінетіні: тіркес екпіні (фразалық немесе комплекстік); көмекші (квантитатив) екпін. Қазақтың төл сөздері мен халықаралық сөздердегі негізгі және квантитатив сөз екпіндері. Лебізді сөз екпінінің тиянақты, тичнақсыз: тұрақты түрлері. Қазақ тіліндегі сөздердің екпіні көбңнесе тиянақты (көбінесе соңғы буынға түсетін) және көбінесе тұрақты (омоним тұлғалы сөздерден басқалары) болып келетіні. Екпіні тұрақсыз сөздердегі сөз екпінінің атқаратын лексикаграмматикалық қызметтері. Қазақ тілі сөздерінің екпінді қабылдамайтын элементтері.
III. Аралық бақылаулар мен емтихандардың сұрақтары: