Негізгі әдебиет:1. [1.7: 23], 2. [1.7: 24], 3. [1.7: 25] 4. [1.7: 26].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 1], 1. [1.7: 14].
№ 14 дәріс тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлем. Сабақтас құрмалас сөйлем. Аралас құрмалас сөйлем. Синтаксистен бастауыш сыныпта берілетін материалдар және оларды оқыту.
1 сағат. 14-апта Дәріс тезисі: Құрмалас құрамындағы компоненттердің бір-бірімен салаласа байланысуы – жай сөйлемдерді құрмаластырудағы негізгі және бастапқы тәсілі. Салаласа құрмаласу деп құрмалас сөйлем құрамына енген компоненттердің грамматикалық жағынан бір-біріне тәуелді, бағынышты болмай, өзара теңдік қатынаста тұрып, салаласа құрмаласуын айтады. Салалас құрмалас сөйлем компоненттері тиянақты болады дегенде біз олардың мағыналық немесе интонациялық тиянақтылығын емес, компоненттердің баяндауыш формасы жағынан тиянақты болатынын айтамыз. Егер компоненттер мағыналық жағынан немесе интонациялық жағынан тиянақты болатын болса, олар құрмалас сөйлем компоненті бола алмас еді Бірақ салалас құрмалас сөйлем компоненттерінің байланысы олардың бір-бірімен мағына жағындағы, мағыналық іліктестіктері арқылы ғана емес (әрине, бұл негізгі белгі), сонымен бірге, басқа да көптеген көмекші тәсілдер арқылы да байқалады. Сондай грамматикалық тәсілдің бірі – интонация. Әрбір салалас сөйлем аяқталған біртұтас интонациямен ғана айтылады. Ал оның әр компонентінен кейін келетін интонация – аяқталмаған, тиянақсыз, санамалы, салаластырушы интонация болады. Мұндай интонация пікірдің аяқталмағанын, тағы бірдемелердің айтылуы керектігін, жалғасы барлығын білдіріп тұрады. Салалас сөйлем компоненттерін бір-бірімен құрмаластыратын грамматикалық тәсілдер ішіндегі маңыздысы – жай сөйлемдерді жалғаулықтар арқылы құрмаластыру тәсілі. Компоненттердің мағыналык катынасы жағынан алғанда, қазақ тілінде салалас құрмалас сөйлемнің сегіз түрі бар. Олар: 1. Мезгілдес салалас. 2. Себептес салалас. 3. Қарсылас салалас. 4. Талғаулы салалас. 5. Кезектес салалас. 6. Түсіндірмелі салалас. 7. Салыстырмалы салалас. 8 Шартты салалас. Бұлардың алдыңғы үшеуі жалғаулықты да, жалғаулықсыз да болып келеді, 4-5 сандағылар тек жалғаулықты түрде, соңғы үшеуі жалғаулықсыз түрде айтылады.