Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені қазіргі заманғЫ Қазақ тілі негіздері



бет60/115
Дата03.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#133190
түріБағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   115
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Коллоквиум-әңгімелесу тәсілі оқытушы мен студенттер арасында курстың сол немесе басқа тақырыбына байланысты білімді тексеру немесе тереңдету мақсатында жүргізіледі. Әдетте ол семинарда белсенділік таныта алмай жүрген студенттерге қосымша сабақ ретінде ұйымдастырылады.
Жоғарыда қарастырылған семинар сабақтарының әрбір формасының өзіндік артықшылықтары мен қоса кемшіліктері де бар екендігін айта кеткен жөн. Сондықтан қандай да бір мәселені талқылағанда оқытушы қандай мақсатты көздеп отырғанына байланысты түрлендіріп өткізгені жөн. Әсіресе «аралас» семинар сабақтары кең қолдау жабуда. Сабақтың мұндай аралас түрі сабақ барысында әңгімелесудің әртүрлі формасының элементтерін, рефераттың немесе баяндаманың талқылануы, деректердің үзінділерін түсіндірмелі түрде оқу, кейбір мәселелерді студенттердің өз бетінше ойлау арқылы шешу сияқты формаларын қамтиды.
Оқу процесі барысында семинар формаларын күрделендіру қажеттілктері де туындап отыр. әдетте алғашқы семинар сабақтары негізінен кеңейтілген әңгімелесу түрінде өткені дұрыс, оның өзінде көптеген көрсетілген деректерден үзінділерді де келтіріп, түсіндірмелі түрде оқып шығуды да қамтып отыру қажет. Кейін баяндама, рефераттар беріліп, өз бетінше ойлауға жаттығулар ұсынылады. Сабақ түрлерінің осылай алуан түрлі болып келуі психологиялық тұрғыдан да қолдау тауып отыр; ойлау қызметінің сипаттарының ауысып келіп отыруы студенттердің қызығушылығын да, белсенділігін де арттырары сөзсіз.
Жаттықтыру-сабағы. Жаттықтыру сабақтары білімнің практикалық бағыттарын үйрететін арнаулы мақсаттарды шешіп қоймай, оқу материалын оқып-игеруге тығыз байланысты бола отырып, оны жете ұғынуға талпындырады.
Оны жүргізудің негізгі әдістері практикалық, зертханалық, сарамандық жұмыстар:
Оқушылар осы жұмыстарды өздігінен жүргізе отырып, алған теориялық білім-білік дағдыларын практикада пайдалануға бейімделіп, үйренеді.
Аралас сабақ. Аралас сабақ-бірнеше дидактикалық мақсаттардың қойылуымен және нәтижеге жетуімен ерекшеленеді.
Аралас сабақтың әр түрлі әдістеріне орай түрлері бар. Аралас сабаққа тән кезеңдер төмендегідей.
  • Сабақтың тақырыбын таныстыру, мақсаты мен міндетін анықтау.


  • Үй тапсырмасын тексеру.


  • Өткен тақырып бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру.


  • Жаңа тақырыпты баяндау.


  • Өтілген тақырыпты бекіту.


  • Сабақты қорытындылау және үй тапсырмасын беру кезеңі.




Семинар сабақ. Семинар сабақтары бір-бірімен байланысты екі белгілерімен сипатталады: оқу бағдарламасын оқушылардың өз бетімен меңгеруі; және сабақтағы олардың таным қабілеттерінің дамуын талдау. Семинарда оқушылар өздері дайындаған хабарламалармен таныстыруға, өз ойларын еркін айтып дәлелдеуге үйренеді. Сонымен қатар оқушылардың таным белсенділіктерін дамытуда семинарлардың рөлі зор. Қарым-қатынас мәдениеті қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет