4-тапсырма. Түбірлес сөздерді буынға бөліп, буын түрлеріне талдаңыз. Бұл сөздердегі буынның бір түрінен екінші түріне ауысуы, буынның жылысуы сияқты құбылыстарды ажыратып, себебін түсіндіріңіз.
Біл – білім – біліс – білімді – білік – білімпаз – білін – білінді – білгіш; ат – ата – атақ – атақты – атақсыз – аталу – атау – атаулы - атаусыз; сан – сана – санас – санампаз – санақ – санағыш; есті – естіген – естуші; есіт – есіткен – есітіп; көңіл – көңілді – көңілшек – көңілдес – көңілі.
Бас – баса көктеу – басқыш – басқыншы – баспа – баспақ – баспалдақ – баспасөз – басу; ақ – ағар – ақта - ағараң; жи – жина – жинал – жиналыс – жиыл - жиылыс; жиыр – жиын.
5-тапсырма. Төмендегі сөздерді ережеге сай тасымалдап жазыңыздар.
Сол бір жаз балалықтың соңғы жазы екен. Сол жазда он алтыға жаңа толған Шымданның жүрегіне алау от пайда болды. Ауылдары Аяқөздің бойна қонған. Шымдан таң қараңғысынан түріп, мөлдір сулы, ну орманды - үлкен өзеннің жағасына барып қиялға шомар еді. Артта таңғы самалмен баяу аймаласқан қалын Терек. Аяқтың астында кең арна. Ағынды су. Бет алдында қөгілдір аспан. Әрине, қараңғыда бұның ешқайсысы көрінбейді. Теректің сылдыры, судың сырылы ғана естіледі. Ал қалғанын Шымдан оймен көріп, қөңілмен сезеді. Шымдан солқылдаған көк шым қабаттың үстінде тізесіне басып салған күйі маужырап ұзақ отырды. Тұңғиық қара күмбездің шығыс жақ жиегі сәл тарап, қою көк түске енген кезде басын көтеріп, таң атып келе жатқан ғажайып сәтті тамашалайды. Манағы қою көк енді көк торғын түску енедію Көкжиектің қанаты баяу көтеріледі. Осы кезде өзеннің бойындаерке таңғы самал еседі. Міне, көк торғын жиек енді зеңгірге айналады. Лебіне аспан тұтана бастағандай. Көкжиектен кып-қызыл тасқын көрінеді. Сол кезде дала лап етіп қызыл арайға бөлінеді. Жан есі тәтті ұйқының соңғы жұтымын тауысар шақ. Қас қағым ғана уақыт. Содан кейін жаңағы қызыл тасқын биіктей түсе кақ жарылады да, ішінен алтын күн жарқырап шығады.
Негізгі әдебиет:1. [1.7: 7], 2. [1.7: 8], 3. [1.7: 9].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 1], 2. [1.7: 2].
№ 3 БАОӨЖ тақырыбы: Буын және дыбыс үндестігі