2-тапсырма. Оқшау сөздердің тыныс белгілерін ажыратыңыз.
- Әу, мынау Жәкеңнің өзі ғой!
- Бері жүріңіз, Жәке!
- Қайран сабазым-ай, қалай ғана кінамызды жуып-шаямыз?
- О, Жәке! «Ардағыңыз» бен «Қара көзіңізді» жайланып отырып, бабымен бізге айтып беріңізші, – деді етікші, – мынау үйге сыймай тұрған кеджей-кепшік біздің құжыраның етіне тойып, жарылқанамыз деп келген жоқ. Жарылғапбердінің әнімен жанын қуантқалы келді (М.Әлімбаев).
- Жә, жігіттер, сөз бен істі таныдық қой, Мағаш шырақ, барды көрді ғой көзің? (М.Әуезов). Тәйт, жу қолыңды! (Ш.Құмарова).
– Жә, жарайды онда, тек тоңып қалма, қарағым. – Тәйт, желіктірме ақымақ немені! (Ә.Сәрсенбаев).
- Пай, пай, қарны жер сызған мама биелер де бар екен (Х.Есенжанов).
Ұмытып барады екем жуырда елінен Әміржан келіп қалды. Сол ниетпен кірсем неге екенін кім білсін мені елеген адам болған жоқ (С.Мұқанов). Байқаймын менің ойымша ол мені танитын адамға ұқсайды (М.Иманжанов). Әй қарағым Мақпал-ай қай шеке қызғаннан көңілденген дейсің біздікі.Шырағым Бәтима мына қаршадай баланы ылғи ертіп кетесің. Осы немді бітіріп жүр әкем-ау. Несін жасырайын тезірек кетпесеңдер біздің де далаға тастар қызымыз жоқ жігіттер.Әй бейшара бейшара енді несіне өкінесің саған бір емес мың айтылған жоқ па? (А.Нұрманов).
3-тапсырма. Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылатын жағдайларды атаңыз.
- Ой, балам-ау, мына жер - жау жатағы.
Құнанбайға бұлардың ішінен көз алмай, қырандай қарап отырған – дәл төрдегі Байсал.
«Еділ-Жайық», «Жұпар қорығы», «Құла мерген» - бәрі де айтылады.
Адамның ішкі сезімінің айнасы – көз.
Көргеннен, білгеннен аспау, барды қанағат қылу – ой мешеулігі.
Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ.
Тіл – қатынас құралы.
Бірақ сол меймандар кетісімен-ақ оны біржола ұмытқан. Батыр атағы шыққан сол-ау деп ойланған да емес. Бұл бір қыз үшін нәубет еді. Панасы – анасы ғой. Соған барып жылаған. Жалғыз өкініші – сол: осы уақытқа дейін перзент сүймеген-ді.