Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 12], 2. [1.7: 13], 3. [1.7: 14].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 10], 2. [1.7: 9].
№ 5 БАОӨЖ тақырыбы: Сөз және оның мағынасы.
Тапсырмалар: 1-тапсырма. Мәтіннен лексикалық мағынасы жоқ сөздерді табыңыздар.
ОТЫЗ БІРІНШІ СӨЗ
Естілген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар: әуелі – көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші – сол нәрсені естігенде я көргенде, ғибратлану керек, көңілденіп, тұщынып, ынтамен ұғу керек; үшінші – сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші – ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер (Абай).
2-тапсырма. Мәтіндегі сөздердің мағыналарын түсіндірме сөздік бойынша анықтаңыздар.
Ханды қабылдауға тігілген үйге одан өзге бұйым қойылмапты. Кө исі шығып кетеді деп, саба да асылмапты. Мұрттары енді түлеген он шақты жігіт қайыңнан жасалған шара табақтарға мөлтілдете құйып, қымыз әкелді. Арғын батырының ағыл-тегіл қонақасысы басталды да кетті. Қысырақтың қымызы, құр тайдың қазысы, қыста сойылған жабағының мүйіз сүрі, уызға салып пісірген сырбаз, булап пісірген бағылан... – нелер жылы-жұмсақ шетінен бір ауыз тиіліп жатыр. Ертеңіне Жәнібек меймандарын бәйге шаптырып, палуан күрестіріп, жамбы атыстырып қызықтатты. ...Қалың тал сайын бір миясар, біреуі – зергер, біреуі – ұста, біреуі – ісмер (Ә.Кекілбаев).
3-тапсырма. Сөз және мағына: лексикалық мағына мен грамматикалық мағына. Сөздің тура және ауыспалы мағынасын ажыратыңыз.
Биыл иығынан бір батпан жүк түскендей болып, Абдырадан алынатын жаңа тоғанның жұмысын бастап беріп келген Дәмежан да бір көңілді шағы еді. Биылғы жаз бел шешіп бір дем алатын, берекелі, бейбіт жазым болар деп, жайлауға да жақсы ниетпен келген. Жылдағыға қарағанда биыл биені де мол байлайтын, жаңа жұртқа бір өңкей ою-өрнекті, ақ шаңқан үйлер тіккізіп, елге де, өзіне де қызық, бір салтанатты жаз өткізбек болатын. Бибі бес жасқа толған Назарбектің тайға мінген тойын да осы жайлау үстінде жасамақ болып, ауылдың жігіт-желең, қатын-қызы қазір сол алдағы мерекенің дайындығында жүрген (Қ.Жұмаділов).