ScienceDirect мәліметтер базасы (Elsevier баспасы, Нидерланды)
Elsevier-әлемдегі ең ірі төрт ғылыми баспа үйінің бірі, жыл сайын әлемдегі ғылыми журналдардың төрттен бір бөлігін шығарады (сурет. 2.30). 1880 жылы Амстердамда (Нидерланды) құрылған бұл баспаның әлемнің әртүрлі елдерінде көптеген филиалдары бар, мысалы, Ұлыбритания, АҚШ, Бразилия және басқалары.
1999 жылы Elsevier ScienceDirect платформасын ашты, бұл интернет-дүкенмен біріктірілген баспаның барлық ресурстарының онлайн-дерекқоры болды. Ал ScienceDirect негізінде 2004 жылы Elsevier баспасы Scopus дәйексөздерінің дерекқорын құрды. Elsevier Wiley, Springer және Informa-мен бірге әлемдегі төрт жүйені құрайтын ғылыми баспалардың бірі болып табылады. Жыл сайын ол 2000-нан астам ғылыми журналдар шығарады, олардың құрамында 250 000-ға жуық мақала бар.
Бақылау сұрақтары:
Ғылыми жұмысты рәсімдеуді жалпылап түсіндіріңіз.
Ғылыми шығарманы жариялауға дайындаған жұмысыңызды көрсетіңіз.
Практикалық сабақ 15
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруда кәсіптік бағдар беру
жұмысының ерекшеліктері
Кәсіптік бағдар жұмысының саяси мазмұны қоғам мүшелерінің, әсіресе жастардың тілек-мүддесін, келешек жоспарларын жан-жақты біліп, оны жүзеге асыруға нақтылы жағдайлар жасау болып табылады.
Осы жұмыстың әлеуметтік жағы- кәсіпті таңдауда кездесетін қателіктер мен қиыншылықтарды алдын ала ескерту. Ол үшін әрбір адамның физиологиялық деректерін, денсаулығын, қабілетін, икемін, мүдделерін, жұмысы мен отбасы жағдайын және басқа да өмірлік жағдайларын терең білу қажет.
Мамандыққа таңдауға көмектесу жеке адамдардың психологиясын жан-жақты білуге тікелей байланысты. Демек, кәсіптік бағдар жұмысында, жастардың психологиялық қабілеті мен бейімділігін, мінез-құлқын, ерекшеліктерін және т.б. табу қажет. Бұл осы жұмыстың психологиялық мазмұны.
Кәсіптік бағдар қандай да бір мамандыққа уағыздайды және бейімдейді, сол бағытта сан алуан тәрбие, таныстыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Бұл кәсіптік бағдардың педагогикалық жағы.
Кәсіптік бағдардың экономикалық мәні – қоғамдық еңбек бөлінісіне сай әрбір адамның қабілетіне байланысты нақтылы қызмет түріне бейімдеу және орналастыру.
Өз мәнінде жүргізілген кәсіптік бағдар жұмысы халық шаруашылығын алға дамытып, адамдардың жан-жақты өсуінің басты факторларына айналады. Сөйтіп, кәсіптік бағдар жұмысының нәтижесі қоғам мүшелеріне мамандық жөнінде қажетті саяси, әлеуметтік-экономикалық, педагогикалық, психологиялық, физиологиялық және т.б сан алуан материалдарымен қамтамасыз етеді.
Кәсіптік бағдарды ұйымдасдыру сан алуан күрделі жұмыстар жиынтығы болып табылады. Олардың негізгілері: кәсіби хабар, кәсіби ағарту, кәсіптік ұйымдастыру және басқару, кәсіби кеңес, кәсіби іріктеу, кәсіби адаптация (бейімдеу) .
Кәсіптік бағдарды жақсартуоны ұйымдастырудың тиімді жолдарын іздестіріп отыруға тікелей байланысты. Еліміздегі қазіргі кәсіптік бағдар мен мамандық таңдау жұмысын ұйымдастыру және басқару жүйесі бар. Ол - кәсіптік бағдар орталығы. Кәсіптік бағдар жұмысын жүргізуді жалпы және кәсіби білім мектептер, министрліктер, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар, т.б ұйымдастырады.
Қазіргі кезде кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдасқан түрде жүргізудің алғашқы баспалдағы – жалпы білім беру мектебі. Бұл жұмыстың негізгі салмағы және жауапкершілігі осыларға жүктелген. Бұл тұжырым кәсіптік бағдар жұмысын мектепке дейінгі тәрбиелейтін мекемелер мен ұйымдарда ойластыру қажеттілігін жоққа шығармайды.
Мектепте жүргізілетін бұл жұмыс оқыту түріне сай: сырттан оқитын және күндізгі білім беретін мектептегі кәсіптік бағдар формаларына бөлінеді. Бұлардың өздеріне тән ұйымдастыру ерекшеліктері бар.
Жалпы білім беретін мектептерде ұйымдастырылатын кәсіптік бағдар жіне мамандық таңдау жұмысын төрт кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең – I-IV сыныптарда, екінші кезең –V-VII, үшінші кезең – VIII, төртінші кезең – X-XI сыныптарда жүргізілетін кәсіптік бағдар.
Бірінші кезең міндеті – мектепке дейінгі сәбилерді тәрбиелеу мекемелері мен ата-аналары арқылы оқушылардың ерекшеліктерін және қабілетін, толық білу негізінде кәсіптік бағдардың алғашқы қарапайым жұмыстарын бастау. Мұның бірінші және төртінші сынып оқушылары арасында өз ерекшеліктері бар. Негізгі мақсат – оқушыларды кәсіп пен мамандық жөнінде хабардар ету.
Екінші кезең – жеке кәсіптік таныстыруға бағытталады. Оқушылар барлық жеке кәсіптер жайында жан-жақты мағлұмат алады. Негізгі жұмыс – белгілі бір кәсіп пен мамандықты хабардар етуден, енді оны насихаттауға көшеді. Мақсат – белсенді насихат, мамандыққа бейімдеу. Бұл жерде жалпылама ақыл-кеңес беру оқушылар арасында өте күрделі құбылыс мамандық таңдаудың алғашқы баспалдағы. Бұл жұмысқа мұқият және өте сирек болған жөн. Өйткені жасөспірімдер өмірлік қажетті мамандығын талдау алдында тұр.
Үшінші кезеңде – кәсіп пен мамандықты жан-жақты белсенді насихаттау және нақтылы кеңес беру арқылы да оқушылардың бұған жауапты түрде қарайтындығы біршама орын алады, талғам, орталау мектепті бітірген оқушы мамандықты біршама таңдай алатын дәрежеге жетеді. Алайда жастардың көзқарасы субъективті түрде болатындығын естен шығармаған жөн.
Төртінші кезеңде – X – VI оқушылар өздері таңдаған мамандық ерекшеліктерін, сол мамандықтың келешегін жақсы білетіндей дәрежеге жетулері қажет. Бұл кезде мектеп оқушылары халық шаруашылығының мұқтажына сай, өзінің қабілетіне қарай нақтылы бір шешімге келеді. Осындай шешім мектепті бітірер жылдары таңдаған мамандықтың қыр сырына қанығу кезеңі жүреді. Бұл жалпы білім мектебінің кәсіптік бағдар жөніндегі қорытынды – жұмысы.
Кәсіптік бағдарды ұйымдастыру орындарда жүргізілетін жұмыстардың негізгі формасының бірі – кәсіби бағдар және кәсіби насихат жұмысы. Кәсіптік хабардың басты міндеті – оқып жүрген жастар мен жұмысқа орналасушы адамдарға халық шаруашылығының құрамы мен өсуін, өндірістегі жаңа техника мен технологиясының, еңбек ресурстарына деген қажеттілікті, кәсіби мектептерде оқу мүмкіншілігі, әрбір кәсіп пен мамандықтың бүгіні мен ертеңін оның сан алуан сырларын жұмысқа орналастырудың мүмкіндіктері жайлы мағлұматтармен таныстыру болып табылады.
1 – кесте
Студенттердің ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің формалары
|
Оқу іс-әрекеті
|
Аудиториядан тыс іс-әрекеті
|
Теориялық сабақтар
|
Лабораториялық-практикалық сабақтар
|
Студенттердің өзіндік жұмыстар
|
Техникалық шығармашылық үйірмелері
|
Оқу тәжірибесі
|
Өндірістік тәжірибесі
|
Шығармашылық топтардағы жұмыстар
|
|
Бұл жұмыс мектептерде сабақ кезінде экскурсия, әңгіме және кәсіптік бағдар кешін өткізгенде жүргізіледі. Кәсіпорындар мен мекемелер мектепте нақтылы материалдармен көмектеседі: кәсіпорындарының жағдайын көрсететін құжат, стенд, альбом, фотосуреттер жұмыс үрдісі мен өнім шығару жағдайын, еңбек озатарының үлгілі табысын баяндайтын жарнамалыр. Өнеркәсіптің даму тарихы және дәстүрімен таныстыру мақсатында экскурсия, мамандық таңдау күйін және еңбек озаттарымен кездесулерді ұйымдастырады. Оқушыларды өнеркәсіп орындарында нақтылы жұмыс істеуге араластыру, т.б көптеген жұмыстарды жүзеге асырады. Олардың негізгілері шеберханалар мен оқу – тәжірибе учаскелерінде жұмыс істеу, факультативтік оқу, пәндік үйірмелер, кәсіптік бағдар бригадасы болып табылады.
Кәсіби кеңес – мамандық таңдаудың және жұмысқа бейімдеудің басты және құрамдас бөлігі. Негізгі мақсаты – жастарға мамандық қалауға және жұмысқа орналасуға келген адамдарға еңбек орнын таңдауға көмек жасау. Ол үшін кәсіптік бағдар кабинеті жекелей және топтық кеңес өткізеді, конференциялар мен кездесулер ұйымдастырады. Кәсіби кеңес жұмыс жүргізудің негізгі шарттарының бірі көмек сұрап келген адамдардың денсаулығын , қабілетін, мүддесі мен әлеуметтік – экономикалық дамуы, әрбір еңбек ұжымының дәстүрі, қоғамдық тамақтандыру, сауда, тұрмыстық қызмет көрсететін мекемелердің мүмкіншілігін жан – жақты айтып түсіндіреді. Сондықтан бұл жұмысқа, экономистер, педагогтар, медиктер, психологтар, сациологтар сияқты сан алуан мамандық иелері қатысады.
Кәсіби іріктеу адамдардың денсаулығына, физиологиялық, психологиялық және интеллектуалдық ерекшеліктеріне байланысты нақтылы мамандық бойынша жұмыс істеуге жарамды екендігін анықтау болып табылады.
Кәсіби іріктеу адамдардың мамандық таңдау құқын, еріктілігін және бостандығын жоққа шығармайды және жойып та жібермейді. Мамандық таңдау, нақтылы бір жұмысқа орналасуға адамдардың еріктілігі мен бостандығы ҚР Конституциясында тұжырымдалған. Кәсіби іріктеу дұрыс таңдап және қабілетіне сай жұмысқа тұруды дұрыс шешуге көмектеседі. Бұл профессиограмма жасау арқылы жүзеге асады.
Профессиограмма жеке мамандыққа қажетті талаптар: денсаулық, психологиялық, мінез-құлық, жалпы және кәсіби білім дәрежесін анықтайды.
Кәсіби адаптация(бейімделу) – ос ы жұмыстардың шешуші буыны. Ол таңдаған мамандықтары бойынша еңбек ұжымына келіп, үйреніп кету мержімінде олар өз мамандығының мәнін шынайы түсінеді, еңбекке етене араласады, ұжымдық және өндіріс орнын біле бастайды.
Кәсіптік бағдар тек жастар арасында ғана емес, көпшілікке жүргізілетін жұмыс. Оның қажеттілігі мынадан туады. Біріншіден, жұмыс көп істеп жүрген ересек адамдар – жасөспірімдердің ата-аналары. Екіншіден, үнемі болып тұратын объективті жағдайдың салдарымен көптеген адамдар жұмыс орнын өзгертеді, қоныс аударады. Ғылыми-техникалық прогресін жеделдетужағдайында қызметкерлерді босатудың ауқымы едәуір тез өседі. Жаңа шаруашылық механизмі де осыған құлшындыратын болады және оны дұрыс жүргізу қажеттілігін күшейтеді.
Шығармашылық іс-әрекет студенттің білімге, нәтижеге жетуге деген өте белсенді, дербес танымдық іс әрекеті нәтижесінде жүзеге асатынын ескерсек, бұл бағыттағы зерттеу жұмыстарының қорытындылары мен ұсыныстары бұл ұғымның мәні, мазмұнын ашуда маңызы зор болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |