Конференцияны өткізу. Егер конференция жақсы дайындалса, ол қатысушылар тарапынан да, ұйымдастырушылар тарапынан да жағымды баға алады.
Конференция қатысушыларды қарсы алу мен тіркеуден басталады. Тіркеу үстелдерінің жанына ақпарат стендін орнатыңыздар, онда конференция к.н тәртібі, әділқазылар үшін нұсқау, секция жұмыстары туралы т.б. ақпарат орналастырылады. Анықтама үстелі жұмысын да ұйымдастыруға болады.
Екінші кезең екі параллель шарадан: ашылу салтанаты мен әділқазылар мүшелеріне нұсқау жүргізуден тұрады. Ашылу салтанаты – ол қатысушыларды табысқа уәждейтін жарқын шара. Сөз қысқа және эмоционалды болу керек. Процедураның өзі 10-15 мин. артық болмау керек.
Сол мезетте басқа бөлмеде (кабинетте) әділқазылар мүшелеріне нұсқаужүргізіледі. Секциялар жұмысының тәртібі, жұмысты бағалау критерийлері, жеңімпаздарды анықтау тәсілі жарияланады. Барлық әділқазы мүшелеріне арнайы нұсқаулық таратуға болады (төменде үлгісі берілген).
Конференцияны ұйымдастыру және өткізу бойынша міндеттерді бөлу, пайдаланылатын бөлмелер көрсетілген
Мамандық бойынша ғылыми зерттеу конференциясын ұйымдастырудың бағдарламасын жазып көрсетіңіз.
Практикалық сабақ 13. Тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстар және оны ұйымдастыру мазмұны Тәжірибелік – эксперименталдық жұмыстар келесі бағыттарда ұйымдастырылады:жастардың кәсіби дайындығы бойынша жинақталған тәжірибелерді оқып–үйрену; оқушылардың кәсіби оқыту бағдарламаларын эксперименттік тексеру; әдістемелік нұсқауларды тексеру және оларды оқу үрдісіне ендіру.
I.Жастардың кәсіби дайындығы тәжірибесін зерттеу. Жұмыстың мақсаты: 1. Ғылым мен жаңа технология қарқынының, қазіргі замандық мамандықтарға қоятын талаптарын анықтау.
2. Оқушыларды, жастардың өндірістегі, КТУ – тегі кәсіби дайындығы мазмұнын және шарттарын талдау.
3. Кәсіби оқыту формаларын, әдістерін және оқыту құралдарын анықтау.
Алға қойылған мақсаттарды шешуде практикада орын алған әлеуметтік жағдайларға және алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерге үйрену қажет.
Ю. К. Бабанскийдің тұжырымдауы бойынша, әлеуметтік практиканы талдау: біріншіден – зерттеу бағытындағы маңызы бар мәселелердің оқыту практикасында орын алатынын; екіншіден – эксперимент көлемін мейлінше тарылту; үшіншіден – ғылыми болжамға байланысты практикалық дәлелді алуға нақтылы септігін тигізеді.
Озық тәжірибелерді үйренуде ғалымдар төмендегілерді:
Алғашқыда тәжірибелі оқытушылар оқыту шеберлерінің озық тәжірибелік элементтерін анықтау;
Алынған тәжірибеге объективті баға беретін критерийлерді және тәсілдерді таңдау;
Осы критерийлер және тәсілдер арқылы олардың тиімділігін анықтау;
Теориялық тұрғыдан тәжірибені дәйектеу және оны жетілдіру;
Жетілдірілген тәжірибені эксперимент тұрғысынан тексеру;
Алдыңғы тәжірибелермен салыстырарлық оның оқу – тәрбие мазмұнындағы тиімділігін анықтау;
Таңдалып алынған тәжірибеге сипат бере отырып, оны қалыптасқан тәжірибеден ерекшелігін анықтау, оған ғылыми – педагогикалық сипат беруді ұсынады.
Тәжірибелерді талдау жасауда бақылау, әңгімелесу, анкета, әртүрлі құжаттарға талдаулар және т. с.с. әдістер жиынтығын пайдалануға болады. Мұның ішінде өте мұқият дайындықты, әзірлеуді анкета мазмұны қажет етеді. Оларды дайындау барысында:
Сенімді ақпарат бере алатын, зерттелетін құбылысқа нақтылы сипаттама беретін сұрақтарды таңдай білу;
Тура және жанама сұрақтар ескерілуі;
Сұрақтарды түзегенде жауапқа бағдар берілмеуі;
Сұрақтың екі жартылай мәні болмауына;
Жабық сұрақтары шектеулі анкеталар және респонденттік өз пікірін білдіруге мұрсат берерлік сұрақтардың түзілуіне;
Алдын ала сұрақтардың жауап беруге ыңғайлы жеңілдіктерін бақылауға байланысты жағын респонденттермен жұмыс жүргізуге және осының негізінде ішінара өзгерістер жасауға назар аудару керек
Фронтальды – топтық (бригадалық)
Сабақ:
УПК
КТУ
Арнайы курста
Жұмыс орнында
Өнеркәсіпте
Жеке сабақ
УПК
КТУ
ОӨК
Өнімді өндіру барысында үйрету.
Озық еңбек әдістері мен тәсілдеріне үйрету.
Зертханалық – практикалық сабақтарда
Инструктаж.
Өндірістік практика кезінде
Оқу барысындағы практика кезеңінде
Шығармашылық әрекеттерге араластыру.
Оқыту үрдісінде:
Прблемалық ситуацияларда;
Өндірісте сипаттағыесептер мен тапсырмаларды пайдалану;