Зерттеу мәселесі қалыптасқан (нақты бар) және қалаған жағдай арасындағы қарама-қайшылықтарды анықтау негізінде тұжырымдалады. Педагогикада зерттеу мәселесі жиі қандай да бір қарама-қарсылықтар арасындағы қарама-қайшылық ретінде түсіндіріледі.
Бұл қарама-қайшылықтар тұтас бір объектінің ішінде орналасқан. Зерттеу мәселесі -білу мен білмеу арасындағы белгілі бір шекара. Ол бұрынғы білім жеткіліксіз, ал жаңа білім не жоқ, не дамымаған жағдайда пайда болады.
Бір қатар қарама-қайшылықтар бөлінуі мүмкін, бірақ әр жағдайда әрбір қарама-қайшылықтың қарама-қарсы тұстары не практикаға, не теорияға жатады. Анықталған қарама-қайшылық негізінде зерттеу мәселесі тұжырымдалады. Зерттеу мәселесі қарама-қайшылық ретінде жазылады, алайда ғылым тәжірибеде туындаған қарама-қайшылықтарды шешпейді, тек оларды шешудің алғышарттарын жасайды. Зерттеу тақырыбы – бұл зерттеу мәселесінің бір бөлігі.
Алайда, кез келген қарама-қайшылық ғылымның құралдарымен шешіле бермейді - ол материалдық, кадрлық қиындықтарға, қажетті жабдықтың болмауына байланысты болуы мүмкін. Мұндай қайшылықтар таза практикалық сипатқа ие және зерттеу жүргізуге негіз болмайды.
Зерттеу мәселесін және зерттеу тақырыбын тұжырымдау зерттеу нысанын таңдауға
әкеледі.
Тақырыпта мәселе көрінуі тиіс. Тақырып ғылымдағы жетістіктердің қозғалысын, қалыпты жағдайдан жаңаға ұмтылу, ескі мен жаңаның байланысын бейнелейді.
Зерттеу тақырыбы қойылған мәселенің ғылым аймағында зерттелу дәрежесінен туындайды.
Зерттеу тақырыбын анықтай отырып, оның көкейтестілігін төрт бағытта қарастыруға болады:
көпшілік жұртшылықтың бұл зерттеуді қажетсінуі;
қоғам талабына сай болуы;
тәжірибедегі маңыздылығы
теориядағы зерттелуі;
Зерттеудің (тақырыптың) өзектілігі – қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде білімге қоятын талаптарының қысқаша көрініс табуы, педагогикалық ғылымды дамыту үшін әлеуметтік-педагогикалық маңыздығы, мәнділігі, мәселеге ғылыми әдебиеттерге талдау жасалғаны және педагогикалық практиканы жетілдіру үшін осы зерттеудің дер кезінде жүргізілгені (қазіргі уақытта неге нақ осы проблеманы зерделеу қажет?).
Зерттеу тақырыбын негіздеу – нақты тақырыпты зерттеу қажеттілігін растау;
Тақырыпты алғашқы негіздеу – мәселе бойынша ғылымның жан – күйін қысқаша сипаттау және нашар немесе жеткіліксіз әзірленген сұрақтарды нақтылау. Тақырыпты екінші қайтара негіздеу ғылымдағы қандай да бір сұрақтардың жеткіліксіз әзірленгендігіне байланысты қанағаттандырылмаған педагогикалық тәжірибенің қажеттілігінен туындайды.