Глоссарий Ғылым-бұл табиғат, қоғам және ойлау туралы жаңа білім алуға бағытталған зерттеу саласы.
Зерттеу нысаны - педагогикалық жүйенің немесе процестің дербес бөлігін құрайтын
барлық массив. Зерттеу нысаны - бұл таным процесі бағытталған сала.
Зерттеу пәні - зерттеу барысында жан-жақты зерделенетін зерттеу нысанының нақты
бөлігі.
Болжам – қандай да бір салдарларды туындатқан себептер туралы, құбылыстар арасындағы елеулі байланыс, құбылыстың болуы туралы ой болжау.
Зерттеудің (тақырыптың) өзектілігі - қоғамның белгілі бір даму кезеңінде білімге, дидактиканы ғылым ретінде дамыту үшін әлеуметтік-педагогикалық мәніне, маңыздылығына қоятын талаптардың қысқаша көрінісі, проблеманың ғылыми әдебиетте өңделгендігі және педагогикалық практиканы жетілдіру үшін жүргізілетін зерттеудің уақыттылылығы (неге тап осы мәселені қазіргі уақытта зерделеу қажет?);
Зерттеу тақырыбы – дидактикалық зерттеу тақырыбының негізгі мазмұны; нақты
жағдайға қатысты мәселені жүзеге асыру (мұны қалай атауға болады?);
Монография - бір немесе бірнеше авторлардың бірыңғай көзқарасын ұстанатын ғылыми еңбегі, онда белгілі бір мәселе немесе тақырып неғұрлым толық зерттеледі. Монографияда осы мәселе бойынша әдебиеттер жинақталып, талданады, ғылымның дамуына ықпал ететін жаңа гипотезалар мен шешімдер ұсынылады.
Брошюра- аз көлемді (халықаралық тәжірибеде кемінде 5 және 48 беттен аспайтын) мерзімді емес баспа туындысы; аз көлемді, әдетте, ғылыми-көпшілік сипаттағы шығарма.
Ғылыми еңбектер жинағы - ғылыми мекемелердің, оқу орындарының немесе қоғамдардың зерттеу материалдары бар жинақ.
Мақала - шағын көлемдегі ғылыми шығарма, онда мәселе оның өзектілігін, теориялық және қолданбалы мәнін негіздеумен, жүргізілген зерттеудің әдістемесі мен нәтижелерін сипаттаумен қарастырылады.
Баяндама тезистері - ғылыми хабарлама мазмұнының қысқаша мазмұны.
Оқу құралы - оқу бағдарламасында көзделген және оқулықтарда жазылған білімді кеңейтуге, тереңдетуге, жақсы меңгеруге арналған оқу кітабы; оқулықты толықтырады немесе алмастырады (ішінара немесе толық).