Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Мамандыққы кіріспе» 5В072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы үшін ОҚУ Әдістемелік материалдары



бет55/83
Дата06.01.2022
өлшемі194,26 Kb.
#13300
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   83
4. Қазіргі химияның пайда болуы. Орта ғасырдың аяғы оккультизмнен алыстау, алхимияға деген қызығушылықтың құлдырауы және механистикалық көз қарастың табиғатқа таратуымен белгілі.

Ятрохимия (гр. тілінен Jatros-дәрігер). Алхимияның мақсаттарына деген көзқарасты Парацельс (1493-1541) ұстанды. Өздерінің таңдаған атымен (аса басым түсетін Цельса) тарихқа швед дәрігері Филипп фон Гогенгейм енді. Парацельстың да ойы Авиценна сияқты, алхимияның негізгі мақсаты – алтынның алыну жолдарын іздеу ғана емес, дәрілік заттарды дайындау жолдарын іздестіру. Ол алхимиялық оқудың дәстүрін материаның негізгі бөлімнің болуымен байланыстырды. Олар катты, жаңғыш, ұшпа қасиеттері тән - тұз, күкірт, сынап.Осы үш элемент макрокосманың (Әлемге) негізі және рух, жан, дене микрокосмоның (адаммен) байланысы. Аурудың пайда болу себебіне қарай Парацельс ағзада күкірттің артық болуынан безгек және оба аурулары, ал сынаптың артық болуынан сал ауруына шалдығады деп бекітті. Ятрохимиктардың принципі бойынша, медицина химияның бір саласы, барлық дәрігерлердің таза емес субстанциядан тазаны ажырату қабілетіне байланысты. Ағзаның барлық атқаратын қызметтері химиялық үдерістерге байланысты. Және алхимиктардың мақсаты медициналық қажеттіліктерге химиялық заттардың дайындалу жолын табумен қорытындылайды.

Ятрохимиялық бағыттың негізгі өкілдері Ян Гельмонт (1577-1644) болды, ол кәсібі бойынша дәрігер; Франциск Сильвий (1614-1672) медик ретінде ятрохимиялық ілімі "рухани" бастау дегенді қолдады; Андреас Либавий (шамамен 1550-1616) Ротенбург дәрігері. Оның зерттеулері химияның құралымын дербес ғылым ретінде тәжірибеден өткізді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет