№2 дәріс тезистері
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӨНІНДЕГІ ТЕОРИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР
ЖОСПАР:
1. Тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуындағы негізгі ұғымдар.
2. Баланың дамуына әсер ететін әлеуметтік, биологиялық, психологиялық факторлар.
3. Баланың дамуына әсер ететін әлеуметтік факторлар.
4. Баланың дамуына әсер ететін биологиялық факторлар.
5. Баланың дамуына әсер ететін психологиялық факторлар.
Педагогика баланың дамуына өте нәзік күрделі дидактикалық процесс деп қарастырады. Даму процестің қозушы күштері – ішкі қайшылық күресі. Даму процесінің сан өзгерістері сана өзгерістеріне ауысып отырады. Мысалы, баланың даму процестерінде мынандай заңдылықты байқауға болады: алғашқы кездерде бала тілінің дамуы, оның түсіне білуіне және сөйлей білуіне, сөздік қорына байланысты. Әрине, тілдің дамуы расымен аяқталып қалмайды, ол жетіле түседі. Сексеннен астам сөздерді меңгергеннен кейін баланың айналасындағы адамдармен қарым қатынасы кеңейіп, олардың сұрақтары мен сөздеріне түсіне бастайды. Баланың ойлау, сөйлеу, сезім сияқты психологиялық процесстерінде бірте–бірте өзгерістер пайда бола бастайды. Осының нәтижесінде баланың ақыл ойы дамуының жаңа кезеңдерінде көшеді.
Даму – әр уақытта бірыңғай тұтас процесс. Даму – адам ағзасында, психикасында, ой-өрісі мен рухани болмысы шеңберінде сыртқы да ішкі, басқарымды да өз бетінше жүріп жатқан ықпалдар себебінен болатын сандық және сапалық өзгерістер мен сол өзгерістердің нәтижесі. Организмнің дамуы ең алдымен мүшелердің өсіп жетілуіне байланысты. Ал, әр түрлі мүшелер (бастың көлемі, көкірек шеңбері, қол-аяқ және т.б.) бірқалыпты өсіп жетілмейді. Өйткені ағзаның өсу қарқыны тұрақты емес.
Баланың жоғары нерв қызметінің дамуы бас мидың үлкен жарты шарлары қабыршақтарын талдау және синтездеу қызметтінің жетілуіне байланысты. Ми қабыршақтарының талдау және синтездеу әрекеті қабылдау мен есту, қиял мен ойдың т.б. негізгі механизмі болады. Жоғарғы нерв қызметі екі сигналдық системаға байланысты И.П.Павловтың айтуы бойынша тері, көз, құлақ т.б. сезім мүшелері арқылы түйсіну, қабылдау, елестету жануарлар мен адамдарға ортақ – бірінші сигналдық системаға, сөз, ойлау адам баласына ғана тән, екінші сигналдық системаға жатады. Бала организмі мен нерв жүйесінің даму негізінде оның психикалық қызметтің (түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау, тіл, зейін, сезім т.б.) даму жетіле түседі Баланың әрбір даму кезеңінде жетекші іс – әрекеттер болады.
Іс–әрекет процесінде әр түрлі қиындықтарды жеңу үшін жеке адамды шешімділік, өзін ұстай білу, батылдық, төзімділік сияқты ерік қасиеттері пайда болады. Ал ерік дегеніміз - адамның белгілі бір мақсатқа ұмтылуы мен белсенді қимылы. Шешімділікдеп өз ойын тез қорытындылап, адамның бірден шешім қабылдауын айтады. Табандылық дегеніміз қандай қиындық кездессе де қажымай жеңіп, өзін–өзі билей білу, соның нәтижесінде негізгі мақсатына жетуі болып табылады. Сана дегеніміз обьективтік шындықтың бейненің жоғарғы формасы. Сана адамның іс- әрекеті барысында пайда болады. Баланың дамуына іс-әрекеттің рөлі өте зор. Ол адамның негізгі іс-әрекеттің түрлері: ойын, оқу қоғамдық пайдалы жұмыстар, көркемөнер, іс-әрекеті, спорт, т.б.
Даму және тәрбие процесінде түрлі өзгерістер болып отырады. Баланың организмі бүкіл өмірінде әртүрлі дене және психикалық өзгерістер арқылы дамиды. Әлеуметтік орта мен тәрбие балаға әртүрлі дәрежеде әсер етеді. Өйткені, баланың сыртқы әсерді қабылдауы оның ішкі сезіміне, санасына байланысты. Сондықтан қабылдау процесінде баланың санасында ішкі қайшылық туады. Бұл дамудың қозғаушы күші.
Даму – жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық процесі. Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен түсініктер және өжет, жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Баланың адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Баланың дамуына ықпал ететін факторларға тұқым қуалаушылық, әлеуметтік орта, тәрбие жатады.
Баланың дамуына ықпал ететін факторлар
Тұқым қуалаушылық
Орта
Тәрбие
Әлеуметтік орта
Табиғи орта
Баланың дамуына ықпал ететін факторлар
Тұқым қуалаушылық – ұрпақтың ата- ананың биологиялық ұқсастығын елестетуі. Кейбіреулер баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Бала қозғалыс мүшелерін, нерв жүйесінің функциялық қасиеттерін, ал кейде дауыс тембрі, музыкаға, биге, матеметикаға қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы алады. Тұқым қуалаушылық жайлы ғылымды генетика деп атайды. Адамда туа бітетін қасиеттер нышан түрінде болады. Организмнің анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктерінің, демек қабілеттің дамуына қажетті табиғи мүмкіншіліктерді нышан дейміз. Нышан өздігінен дамымайды, оны қозғау және дамыту тәрбиеге, әлеуметтік жағдайларға байланысты.
Орта – адам дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды. Табиғи орта – бұл түрлі табиғат жағдайларының адам тұрмысына, қызметіне ықпал жасауы. Жылы және суық климат жағдайы халықтардың тұрмысына әрекетіне елеулі ықпал етеді. Климаты ыстық жерлерде егін шаруашылығымен шұғылданады. Ал солтүстік жерлерде балық, бұғы шаруашылығымен айналысады. Табиғат жағдайына байланысты олардың мінез-құлықтары да ерекше байқалады.
Әлеуметтік орта – жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы әрекеттері. Әлеуметтік орта адамның қалыптасуына жоспарлы түрде ықпал жасамайды. Сондықтан ортада стихиялы жағдайлардың болуы да сөзсіз. Егер адамның қалыптасуына ортаның қатысы шамалы болса, онда орта адамның талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан адам өзінің дамуы үшін қажетті материалдарды осы әлеуметтік ортадан жинайды.
Мектептің ықпал жасауы нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттері дамып қалыптасады. Егер бала әлеуметтік ортадан тыс қалса, онда оның даму дәрежесі жануарладан жоғары болмайды. Адам жеке тұлға болып қалыпты өсуі және дамуы үшін тек қана адамдар арасында ғана өмір сүру қажет. Педагогика адам дамуындағы әлеуметтік ортаның ықпалын мойындайды, оған зор мән береді.
Жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі – тәрбие. Тәрбие балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылып, тәрбие адамдардың іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Ол үшін тәрбиеші алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша тәрбие жұмысын мақсатқа бағыттап ұйымдастырып, тәрбиенің құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады.
Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс-әрекеттерін тиімді етіп оның жақсы дамуына қажетті материалды іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады. Тәрбие жұмыстарының сара жолдарын табу нәтижесінде баланың ой-өрісі кеңейеді, эстетикалық сезімі мен талғамы артып, адамгершілік сапасы қалыптасады. Сонымен, тәрбие бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол – баланың қалыптасуындағы негізгі күш.
Достарыңызбен бөлісу: |