Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Мамандыққы кіріспе» 5В072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы үшін ОҚУ Әдістемелік материалдары



бет48/83
Дата06.01.2022
өлшемі194,26 Kb.
#13300
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   83
Байланысты:
0201ceb6-563e-11e5-884b-f6d299da70eeУММ 5В072000Мамандыққа кіріспе каз.

Шыны мен керамика. Көне әлемде шыны өте ерте белгілі болды. Шыны кездейсоқ финикия-теңізшілерімен ашылған. Олар апаттан кейін бір аралда от жағып соданың бөлшетерін шетіне салады. Сода балқып, құммен шыны түзеді. Осы оқиғаға сәйкес Көне Египетте шыныдан жасалған заттар – әшекейлер біздің замаңға дейінгі 2500 жылы табылған. Сол уақыттаға техникаға сәйкес шыныдан ірі заттар жасауға мүмкіндік болмады. Археологатармен біздің замаңға дейінгі 2800 жылы құмнан,ас тұздан және қорғасын тотығынан нашар балқытылған фаза табылған. Сапалық элементтік құрамы бойынша көне шыны қазіргі шыныдан кремнеземның төмен салыстырмалы мөлшерімен ажыратылды. Шынының нақты өндірісі Көне Египетте біздің замаңға дейінгі екінші мыңжылдықтың ортасында дамиды. Мақсаты әдемі және көрме материал алуда, даярлаушылар боялған шыны алуды мақсаттады. Кремнезем мен кальцийдың төмен мөлшері және натрийдың жоғары мөлшері шыны бақытуды және шыны алуды жеңілдетті, себебі балқу температурасы азайды, бірақ материалдың беріктігі төмендеді.

Шыны түсі қоспаларға байланысты. Аметист түсі біздің замаңға дейінгі 15 ғ. марганец қосылыстармен боялды. Қара түсті бір жағдайда мыс пен марганец, басқа жағдайда – темірдің жоғары мөлшерімен алды. Көк шыны мыспен бояу арқылы алынды.

Керамика даярлау көне қолөнер өндірісінің ең ескі түріне жатады. Бұйымдар Азия, Африка және Еуропа көне мәдени тұрғын жерлерінде табылды. Көне жылтырақтар балшық пен ұнтақталған ас тұзынан алынды. Кейін жетілдіру жолында металдардың тотықтары қосылды.

Керамикалық заттардың басқа да өндірістері кең таралған. Мысалы, месопотамиялық қалалардың құрылыстары сыртқы кірпіш болған бейнеленген плиткамен әшекейленді. Плиткалар келесі жолымен жасалды: кірпіштің үстіне жеңіл күйгеннен кейін сурет жіңішке қара жіппен салынды, жіптің арасы құрғақ жылтырмен толтырылды және кірпіш екінші рет күйеді. Глазурь шыныға айналады және кірпіштің бетімен тығыз байланысады. Осындай түсті глазурь эмальдың бір түрі болады және көп уақыт сақталады. Осындай жылтырақ түсті керамиканың үлгісі Берлин қ. ''Пергамон'' музейінде сақталған және арыстан, айдаһар, өгіз, жауынгер суретімен безендірілген. Суреттер көк, сары, жасыл түстермен орындалған. Бұл әдіс металдық бұйымдарды түсті эмальмен жабу әдісінің негізіне жатқызылған.

Түсті жылтыр керамикалық заттардың өндірісі көне Қытай мен Орта Азия архитектурасында белгілі болды. Қытайдың суреттеу керамикасының және онымен байланысты фарфор және фаянс өндірісінің ең аз дегенде 4 мыңдық тарихы бар. Шамамен II мың жыл біздің дәуірге дейін Междуречье, және де Египет елдерінде алғаш фаянс бұйымдары пайда болды. Көне египеттік фаянстың құрамы қазіргі фаянстан ерекше балшық пен кварцтық құмнан жасалған. Фаянс қоспалар даярлау мен пішіндеуде көне шеберлер күйетін органикалық затты қолданған. Фаянс бұйымдарын жылтырату үшін алғашынан сода мен металл оксидтерінің (малахит ұны) қоспасы қолданған. Кейін құрғақ жылтырды сода, құм құрамында міндетті кальций тұздары болатын, және бояу қоспалары қосындысын балқыту арқылы жасады.

Көне әлемде құрылыс материал ретінде кәдімгідей гипс қолданылған. Үндістанда осындай гипстық цемент біздің ғасырға дейін 2000 ж. құрылыстарда анықталған. Ізбес құрылыс материалдары қөне уақытта көптей белгісіз болған. Себебі ізбесті күйдіру өте жоғары температурада - шамамен 1100oС жүргізіледі.

Құрылыс салуда, Ассирия мен Вавилонияда сияқты, гипстық цементтың орнына асфальт және битум қолданылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет