Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені мрsrk 09 ҚР құқық жүйесі модулі


Әкімшілік-құқықтық қатынастар –



бет2/65
Дата27.11.2023
өлшемі403,56 Kb.
#130119
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Әкімшілік-құқықтық қатынастарбұл мемлекеттік басқару саласында әкімшілік құқық нормаларымен реттелінетін қоғамдық қатынастар.

Әкімшілік – құқықтық қатынастардың мәнісі: әкімшілік құқық субъектілерінің әр түрлі мүдделерін, аса маңызды өмірлік қажеттіліктерін және құқықтық қатынас тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Басқару органы - әкімшілік құқықтық қатынас субъектісі ретінде адам мен азаматтардың мүддесінде мемлекеттің атынан өзінің биліктік өкілеттігін жүзеге асыратын орган.

Әкімшілік – құқықтық қатынастардың субъектісі - құқықтық қатынасқа қатысушы нормаға сай құқықтармен міндеттерге ие тұлға.

Әкімшілік құқықтың қайнар көздері - әкімшілік құқық субъектілерімен атқару – билік жүргізу қызмет аясында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттейтін, құқық нормаларының құқықтық нысан ретіндегі көрінісі.

Нормативтік құқықтық актілер – референдумда қабылданған уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгеретін, тоқтататын немесе уақытша тоқтата түратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат.

Құқық нормасы – нормативтік құқықтық актіде тұжырымдалған, көп мәрте қолдануға арналған және нормативтік реттелген ахуал шеңберінде барлық тұлғаларға қолданылатын жалпыға міндетті мінез-құлық ережесі.

Министрлік – мемлекеттік органдар арасындағы тұрақты ұйымдық форма.

Ведомство – ол белгілі бір министірлік нгемесе мемлекеттік комитет негізінде жеке салааралық басқару немесе арнайы салалық функцияларды атқарады.

Заңды жауапкершілік жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің мақсат-мұддесін қорғаудағы өте күрделі, өте маңызды шара.

Әкімшілік іс жүргізу – материалдық әкімшілік құқықтық нормаларды жүзеге асыру мақсатымен құрылған әрекеттер жиынтығы немесе басқаша айтатын болсақ атқарушы билік органдары іс-әрекеттерінің әкімшілік процессуалдық нормалармен реттелуі деп түсіндіруімізге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет