Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені мрsrk 09 ҚР құқық жүйесі модулі


Өнеркәсіпті, энергетика мен сауданы басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесінің құқықтық негіздері



бет50/65
Дата27.11.2023
өлшемі403,56 Kb.
#130119
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   65
1.Өнеркәсіпті, энергетика мен сауданы басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесінің құқықтық негіздері. Қазақстан экономикасы мемлекетпен, тауар өндірушілермен және сатып алушылармен тығыз байланыста. Кез келген экономикалық жүйе - өз қызметі бойынша үш мәселеге мән береді: Не өндіру керек және қандай мөлшерде; Қалай өндіру керек және қандай шығындармен өндіру керек; Кім үшін өндіру керек және өндірілген өнімді қалай бөлу керек. Қазақстан Республикасында сауданы, сауда аралық қатынастарды реттейтін орталық орган- ол Қазақстан Республикасы энергетика, индустрия және сауда министрлігі. Оның негізгі функциялары: Республикадағы нарыққа басшылық жасау және сауданың дамуына болжам жасайды; Халыққа, яғни тұтынушыларға тауарды көтерме саудаға өткізу үшін жәрмеңке ұйымдастырады; Сауда құрылымдарын Қазақстан Республикасының «тұтынушылардың құқығын қорғау туралы»заңымен реттейді және оны бақылайды; Отандық және шетелдік сауда әдістерін, сауда жарнамаларын, оның нысандарын сауда саласында дамытуға байланысты шаралар ұйымдастырады; Экономика және сауда саласын дамытудағы күрделі мәселелерді басқа министрліктермен бірге ақылдаса отырып шешеді;Сауда -экономика саласын дамыту үшін Қазақстан Республикасы шет елдермен ақпарат- насихат жұмыстарын өткізеді. Осы функцияларды орындау үшін министрлік мынандай құқықтарға ие бола алады: Өндіріс мекемелері мен ұйымдарға, олардың нарықтық инфрақұрылымын қалыптастыру үшін, әдістемелік және экономикалық көмек көрсетуге құқылы; Өндіріс пен сауда саласын тиімді басқаруға құқылы; Тұтынушы нарығында мемлекеттік қолдауға құқылы; Министрлік өзіне керекті ақпараттарды өндіріс және сауда салалары бойынша сұрауына құқылы. Бұл министрлік барлық сауда салаларын нарықты басқару мақсатында және олардың ережелерді дұрыс орындауы үшін - бұйрықтар және инструкциялар шығарады. Министрліктің құрылымдық бөлімдері: департаменттер басқармалар.

2.Көлік және коммуникацияларды мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі.Көлік және коммуникацияларды басқаруды ұйымдастыру Үкіметпен және транспорттық мекемелермен іске асырылады. Біріншіден, Үкімет ұжымдық орган ретінде өз бастамасы бойынша транспорттық-коммуникация кешені аясында нормативті қаулылар қабылдай алады, мысалы,темір жолдардың уақытша жарғысы (Уставы); автомобиль жолдарын қолдану ережелері; ашу, жобалау, бекіту (установка) тәртібінің ережесі, Қазақстан Республикасы территориясында эксплутация және шет елден радиоэлектронды заттар мен жоғарғы дәрежелік құрылымдарды енгізу. Екіншіден, Үкімет, мемлекеттік басқару органының ұйымдастырушылық формасын таңдайды: 1.Орталық мемлекеттік басқару органдарының ішінде сол органның құқықтық мәртебесін.2. транспорттық- коммуникациялық кешенде мемлекеттік органдарға арналған заң актілеріне сәйкес құзіреті мен өкілеттілігін анықтайды. Үшіншіден, Үкімет транспорттық - коммуникациялық кешенде мемлекет саясатының әлеуметтік экономикалық негізгі мәселелерін іске асырады.Көлік қызметін мемлекеттік реттеу қажеттілігін қамтитын бірқатар факторлар бар. Бұл факторлар әртүрлі әлеуметтік-экономикалық процес-терге, қоршаған ортаға көліктің әсер етуіне, қоғамның қауіпсіздігіне байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет