Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені мрsrk 09 ҚР құқық жүйесі модулі


Мемлекеттік шекараны қорғау режимі



бет49/65
Дата27.11.2023
өлшемі403,56 Kb.
#130119
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   65
5. Мемлекеттік шекараны қорғау режимі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйенің құрамдас бөлігі ретінде қорғау мемлекеттік органдардың өз өкілеттіктері шегінде саяси, әскери, жедел-іздестіру, дипломатиялық, кедендік, экономикалық, экологиялық және өзге де шараларды қабылдау жөніндегі келісілген іс-қимылынан тұрады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғаудың құрамдас бөлігі ретінде күзету ұлттық мүддені іске асыруға кедергі келтіретін немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында оларға қауіп төндіретін жағдайларды, процестер мен факторларды ашу және олардың алдын алу жөніндегі тұрақты сипаттағы құқықтық, ұйымдық, әскери, жедел-іздестіру, кедендік, техникалық, ақпараттық шараларды жүзеге асырудан тұрады.

Тақырып бойынша қайталау-пысықтау сұрақтары: Әкімшілік-құқықтық режимдерінің түсінігі, түрлері қандай? Төтенше жағдайдың құқықтық режимі дегеніміз не? Ерекше жағдай режимі қандай жағдайда туындайды? Қандай жағдайда соғыс жағдай режимі туындайды? Мемлекеттік шекараны қорғау режимін қалай түсінесіз?

Ұсынылған әдебиеттер:
1. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексі 2014.31-шілде
2.Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, «КазГУ Баспа үйі» ЖШС,-2003,-284бет.
3.Бахрах Д.Н. Административное право.М.:БЕК,»1993.
4.Таранов А.А. Коментарий к Кодексу об административных правонарушениях, в двух книгах. Алматы. Норма-К.2002.
5.М.Қызылов Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы
6.Е.Баянов Әкімшілк құқық -сызба-2003
13 тақырып. Экономика аясын әкімшілік құқықтық реттеу.
Дәрістің мақсаты: Өнеркәсіпті, энергетика мен сауданы басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі туралы түсінік қалыптастыру; Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету. Көлік және коммуникацияларды мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық объект ретіндегі мәртебесін айқындау.

Глоссарий:Әкімшілік – құқықтық режим – заңды түрде анықталған әкімшілік құқықтық әдістердің реттелуі қандай да бір ерекше жағдайларға байланысты қатынас субъектілеріне қолданылатын тыйым салу түрлері болып саналады.

Жоспар:
1.Өнеркәсіпті, энергетика мен сауданы басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесінің құқықтық негіздері.
2.Көлік және коммуникацияларды мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі. Табиғатты пайдалану және табиғи тесурстарды қорғауды басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі.
3.Қаржы мен несиені мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі. Қаржылық бақылау стандарттары. Қазақстан Республикасының қаржы қатынастары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет