Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені мрsrk 09 ҚР құқық жүйесі модулі


Қаржы мен несиені мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі және жүйесінің құрамы



бет51/65
Дата27.11.2023
өлшемі403,56 Kb.
#130119
түріБағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   65
3.Қаржы мен несиені мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі және жүйесінің құрамы. «Қаржы жүйесі» ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғымтар мағынада мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес.Жоғарыда көрсетілген ұғымның анықтамасына қаржының мәндік сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының қағидалық моделі, оның-қоғамдық-экономикалық үрдістегі орны берілген. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады: қаржы қатынастарының жиынтығы; ақша-қаражат қорларының жиынтығы; басқарудың қаржылық аппараты. Жалпы, қаржылардың бүкіл құрамы екі ірілендірілген бөлікке біріктіріледі:мемлекеттік және муниципалдық қаржы; шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы. Мемлекеттік қаржылар: Мемлекеттік қаржылар - мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігіндегі қаржы ресурстарын құру және мемлекеттің жұмыс істеуі үшін қажетті қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты ұлттық банктің бір бөлігі мен қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақша қатынастары.

4.Қаржылық бақылау стандарттары.Қазақстан Республикасының қаржы қатынастары. Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттары: Жалпы ережелер: - Мемлекеттік қаржылық бақылаудың осы стандарттары (бұдан әрі - Стандарттар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әзірленген және мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізуге бірыңғай талаптарды белгілейді. -Стандарттардың мақсаты мемлекеттік қаржылық бақылау органдары (бұдан әрі - бақылау органдары) мен олардың қызметкерлерінің бақылауды жүзеге асыруына негіз болатын бірыңғай талаптарды белгілеу болып табылады. - Стандарттар бақылаудың тиімділігін, тұтастығын, өзара байланыстылығын, дәйектілігін, сабақтастығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін әзірленді. -Стандарттарға жалпы стандарттар, жұмыс стандарттары, басқару және сапаны бақылау стандарттары жатады. - Стандарттарды іске асыру олардан шығатын бақылауды жүзеге асырудың әдістері мен рәсімдерін реттейтін ережелерді, әдістемелік және басқа құжаттарды мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органының әзірлеп, бекітуі арқылы қамтамасыз етіледі. - Стандарттардың сақталуын бақылауды Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі Есеп комитеті) жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган ішкі бақылау қызметтерінің Стандарттарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет