Кооперация– топ ішіндегі адамдар бір-біріне көмектесе отырып ортақ мақсатқа жетуді көздейді.
Конкуренция– топ ішіндегі адамдар бәсекелестік жағдайында бірі бірінен озып шығуға тырысады. Бұл бәсекелестікке таласуды шиеленіске бармайтындай қылып ұйымдастыру мұғалімнің құзырында.
Перцептивтік қарым-қатынас- басқа адамның ішкі жан дүниесін сезіне алу (perceptio - қабылдау, сезіну, психикалық түйсіну қызметі). Перцепция – сезім органдары арқылы алынған ақпараттарды өңдеу мен танудың, түйсінудің психикалық қызметі. Әрине, даму үстіндегі тұлғаның ішкі жан дүниесін түсіну күрделі процесс. Бұл қабілет көбінесе психологтарда, дәрігерлерде, педагогтарда жақсы дамыған. Адамның өзін басқаның орнына қоя алып оны сөзсіз түсіне алуы, сезінуіэмпатия деп аталады. Әсіресе мұғалім мен шәкірт арасындағы қарым-қатынаста эмпатия арқылы балалардың тұлғалық қасиеттерін бағалауға болады. Сонымен педагогикалық іс-әрекеттегі эмпатия – мұғалімнің өз шәкіртінің ішкі жан дүниесін сезіне алуынан, өзін оның орнына қоя алуынан байқалады. Педагогтың эмпатиялығы оқушылармен тығыз қарым-қатынастағы кикілжің, шиеленіс жағдайлардан тиімді жол тауып шығуына көп септігін тигізеді.
Әртүрлі жастағы оқушылармен педагогикалық қарым-қатынастың ерекшеліктері.Педагогикалық қарым-қатынасының тұлға дамуындағы маңыздылығын атай отырып, оның атқаратын қызметтеріне мынандай негізгі қызметтеріне (функцияларына) тоқталып өтейік:
Қарым-қатынастың коммуникативтік қызметі арқылы ақпараттармен алмасу процессі іске асырылады. Оқушыларды тәрбиелеу, оқыту, олардың тұлғаларын дамытып қалыптастыруда маңызы зор.
Қарым-қатынастың интерактивтік қызметі арқылы оқушылардың өзара бірлескен ынтымақтастық іс-әрекеттерін ұйымдастыру, реттеу, басқару іске асырылады.