Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика» Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Педагогикалық қарым-қатынас туралы түсінік



бет20/75
Дата20.10.2023
өлшемі480,5 Kb.
#120010
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   75
Байланысты:
Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика»-www.emirsaba.org

Педагогикалық қарым-қатынас туралы түсінік. Әрбір адам әлеуметтік ортада өмір сүргендіктенбасқа адамдармен ақпарат алмасады, тәжірибесімен бөліседі, бірігіп ынтымақтастық қарым-қатынастарды сақтауға тырысады. Қарым-қатынас үнемі әлеуметтік, ұжымдық сипатта болатындықтан оны адамның қоғамдық ортаға бейімделуінің негізгі факторларының бірі деп қарастыруға болады. Олай болса қарым-қатынас - қоршаған ортамен адамдар арасындағы байланысты тұрақтандырушы тетік.
Ғылым аралық ұғым ретінде қарым-қатынас - өзара іс-әрекеттер қажеттіліктерінен туындайтын және ақпараттармен алмасуды, өзара түсінісуді, қабылдауды қамтитын адамдар арасындағы байланыстарды орнатудың және дамытудың күрделі үрдісі ретінде қарастырылады.
В.А.Сластениннің пікіріншепедагогикалық қарым-қатынас- педагог пен оқушылардың арасындағы өзара әрекеттерінің мақсаты мен мазмұнынан туындайтын қатынастарды орнатудың, дамытудың, өзара түсінушілік пен әрекеттестікті ұйымдастырудың күрделі үрдісі.
Педагогикалық қарым-қатынаста педагог жетекші рөл атқарады, себебі ол баламен болатын қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін алдын ала көптеген педагогикалық міндеттерді анықтайды, сол міндеттерді шешудің тиімді жолдарын іздестіреді. Қарым-қатынасқа байланысты қойылатын міндеттер коммуникативтік міндеттер деп аталады.
Педагогика ғылымында коммуникативтік міндеттерді шешудің негізгікезеңдері анықталған:


қарым-қатынас жағдайын бағдарлау кезеңі (мұғалім сыныптың қандай екенін, олармен қандай стильде сөйлесу керек екенін, қандай оқушыларға сөйлеудің қандай әдістерін қолдану керек екенін анықтайды);


  • тыңдаушылардың қарым-қатынасқа даярлығын анықтау кезеңі (тыңдаушылар аудиториясындағы қарым-қатынасқа жағымды психологиялық ахуалдың барын не жоғын анықтайды);
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет