вербальдық қатынасты орнату кезеңі (ақпаратты ең тиімді жолмен ұғынықты, логикалық жүйелі түрде жеткізу);
мазмұнды және эмоционалды кері байланысты ұйымдастыру кезеңі (тіл құралын дұрыс қолдану, ақпаратты баяндаудың логикалығы, монологтың орнына диалогтық қатынас орнату, сұрақтар қою арқылы аудиторияның зейінін тақырып аясына шоғырландыру, қызықты проблемалық сұрақтар қою, оқушылардың түсінген не түсінбегенін, қабылдау деңгейлерін анықтау).
В.А.Кан-Каликтың дәлелдеуінше педагогикалық қарым-қатынастың өзіндік даму динамикасы бар, ол түрлі сатыларбойынша іске асырылады.
Тәжірибеде бұл қарастырылып отырған педагогикалық қарым-қатынас сатыларының ұйымдастырылу ұзақтығы іс-әрекет мақсаты мен мазмұнына байланысты созылмалы немесе тым қысқа болуы мүмкін.
Педагогикалық қарым-қатынас барысында мұғалімнің жалпы мәдениетінің бір қырын байқауға болады. Қарым-қатынас орнатуда мұғалім тек сөйлеуші емес сонымен қатар жақсы тыңдаушы да бола алуы керек.
Кәсіптік-педагогикалық қарым-қатыныс түрлері. Адамның күнделікті өмірінде қарым-қатынастыңсан-алуан түрлері кездеседі. Психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибеде адамдар арасындағы қарым-қатынастар мынандай негізгі төрт түрге бөлініп қарастырылады: вербалды, вербалсыз, интерактивті, перцептивті қарым-қатынас.
Вербалды қарым-қатынас – адамдар арасындағы сөз арқылы жүргізілетін қарым-қатынас.
Вербалсыз қрым-қатынас – адамар арасындағы ым-ишараға негізделген сөзсіз қарым-қатынас.
Интерактивті қарым-қатынас – адамдардың өзара бірі-бірімен тығыз әрекеттестік байланыста болуы.
Перцептивтік қарым-қатынас – кез келген қарым-қатынас барысында адамдардың ішкі жан дүниесін түсіне алу, көңіл-күйлерінің қандай деңгейде екенін сезіне білу.
Аталған қарым-қатынас түрлерін педагогика саласындағы «мұғалім-оқушы» қарым-қатынастық жүйесіндегі ерекшеліктерін қарастырып өтейік.
Вербальды қарым-қатынас екі түрге бөлінеді: аксиалды және ретиалды.
Аксиалды қарым-қатынас – ақпаратты бір адамнан екінші бір адамға жеткізу үрдісі (мұғалім және жеке бір оқушы немесе оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынас).
Ретиалды қарым-қатынас - ақпаратты бір адамнан бір топадамға жеткізу үрдісі (Мектеп жағдайында мұғалім - ата-аналар, мұғалім - сынып оқушылары жүйесін атауға болады).
Достарыңызбен бөлісу: |