Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика»


Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы



бет12/74
Дата13.10.2022
өлшемі212,74 Kb.
#42837
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   74
Байланысты:
П нні О У- дістемелік кешені «Педагогика»

Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы

  1. Кәсіп және мамандық туралы түсінік.

  2. Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы. Мұғалім еңбегінің профессиограммасы – мұғалім тұлғасының моделі ретінде.

  3. Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарында анықталған қазіргі заман мұғаліміне қойылатын кәсіби талаптар және оның құқықтары мен міндеттері.

  4. Педагогикалық іс-әрекет – әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрі.

  5. Педагогикалық мамандықтың пайда болып қалыптасуы және оның өзгешеліктері.

Білім берудің өзін қазіргі таңда кең ауқымы әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыра отырып, болашақ мұғалімдерді даярлау барысында кәсіпке баулу және әлеуметтендіру үрдістерін ұштастыру қажеттілігін аңғарамыз. Педагогикалық жоғары оқу орындарына келген әрбір студент жоғары сапалы деңгейде таңдаған кәсібін меңгеруі қажет, онсыз нағыз мұғалім, нағыз педагог тұлғасы қалыптаспайды, және онсыз кәсіптік білімберу ұғымы өзінің бастапқы мәнін де жоғалтып алуы мүмкін.
Педагог мамандығының маңыздылығы оныңқоғам дамуындағы рөліжайлы жетекші идеяменөзекті. Педагог мамандығындағы негізгі міндет – қоғам дамуының мақсаттарын жете түсініп, басқа адамдарды сол мақсаттарға жетуге бағыттау. Яғни, мұғалім өскелең ұрпақты қоғамның болашақ азаматтары ретінде тәрбиелеп, олардың әлеуметтенуіне байланысты жұмыстар атқарады. Мұғалімдер қоғамдағы ғасырлар бойы қалыптасқан әлеуметтік тәжірибені саралап ең дұрыс және ең қажетті жақтарын жасөспірімдердің бойында қалыптастыруға тырысады.
Мұғалім еңбегінің профессиограммасы – мұғалім тұлғасының моделі ретінде. Әл-Фараби ұстаздың мінез-құлық нормасы қандай болуы жайлы былай деп жазады: «..ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру – ұстаздың қадірін кетіреді. Оның берген сабағы мен ғылымға шәкірті селқос қарайтын болады».
Педагогика ғылымының негізін қалаушы Я.А.Коменский (XVIIғ.) «Мұғалімдергеең тамаша міндет жүктелген, күн астында одан жоғары тұрған еш нәрсе жоқ» - дей отырып, балаларды оқыту-тәрбиелеу барысында мұғалімдерден табиғатқа сәйкестілік және дидактикалық принциптердің орындалуын талап еткен.
Педагогика тарихында мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар А.Дистервег, К.А.Гельвеций, К.Д.Ушинский, П.Ф.Каптерев, А.С.Макаренко, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, В.А.Сухомлинский сынды белгілі педагогтар еңбектерінде ерекше қарастырылады.
П.Ф.Каптерев мұғалімдердің адамгершілік қадір-қасиеттерінің маңыздылығына көңіл бөле отырып, оқыту мен тәрбиелеу үрдістерінің тұтас жүргізілуі барысында «оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбиелей отырып оқыту» қағидасының сақталуын талап етеді.
Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптардың күрделенуіне байланысты педагогикалық теорияда профессиографиялық тұрғыдан зерттеулер орын ала бастады. Осы бағытта арнайы зерттеулермен айналысқан ғалымдар Ф.Н.Гоноболин, Н.В.Кузьмина, А.И.Щербаков, В.А.Сластенин, Ю.С.Алферов, Е.И.Антипова т.б. болды.
В.А. Сластенин мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар жүйесін оның педагогикалық еңбекке кәсіби даярлығы ретінде қарастырады. Ол даярлықтың құрамына мұғалімнің психологиялық, физиологиялық, даярлықтары мен қатар ғылыми-теориялық және практикалық құзыреттілігін жатқызады. В.А.Сластениннің пікірінше: «Мұғалім профессиограммасы мамандықтың паспорты ретінде оның квалификациялық сипаттамаларын, яғни қоғамдық-саяси, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық білімдерінің көлемдерін және ғылыми негізделген ара-қатынастарын, сонымен қатар болашақ мұғалімге қажетті педагогикалық, әдістемелік іскерліктер мен дағдыларды қамтуы қажет».Профессиограмма – мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің, педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет