Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика»


Тәрбиенің ізгілік бағыттылығы



бет47/74
Дата13.10.2022
өлшемі212,74 Kb.
#42837
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   74
Байланысты:
П нні О У- дістемелік кешені «Педагогика»

Тәрбиенің ізгілік бағыттылығы - тәрбие мазмұнының құндылық, дүниетанымдық бағытын немесе құндылықтар жүйелерін және өмірдің мәнін , рухани байлықты түсіну, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу; жалпыадамзаттық және ұлттық мәдениетті игеру; әлеуметтендіру, қоғамдық тәжірибені жинақтап, тұлғаның азаматтық іс-әрекет тәжірибесін дамыту; тұлғалық бағдарын дамыту (өзін-өзі тану, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бақылау, өз өмірін ұйымдастыру қабілетін жетілдіру); тұлғаның денсаулығы мен тән түзілісіне байланысты табиғи бағдарын ескеру.
Жалпыадамзаттық құндылықтар - халықтық дәстүрлерде, адамгершілік үдерістерде, жеке тұлғаның қасиеттері, адамгершілік үлгілері жинақталған күйде, әдептіліктің қоғамда қабылданған үлгісі ретінде, түрлі халықтың, түрлі діннің, түрлі дәуірдің рухани мақсаттарын жақындастыратын құбылыс.
Мәдениеттілік - адамзат игілігі ретінде ұрпақтанұрпаққа, материалдық және рухани байлық жасауынан көрінетін, қоғам мен адамның белгілі тарихи даму дәрежесі, қазақ халқының мәдени мұраларында мемлекет құраушы ұлттың дүниетанымы,тілі мен ділі, болмыс-бітімі көрініс тауып, олар ұлттық мәдениетті адамды қоғамға лайық тәрбиелеу, жетілдіру, қызмет істетуОтан, адам, тұлға, өмір, адамдардың бір-біріне мейрімділік қарым-қатынасы, шыншылдық, әділеттілік, білім, ғылым, өнер адамның өмір сүруіне деген материалдық жағдайдың болуы.
Ұлттық тәрбие беру - әр адамзаттың өз Отанына деген саналы қатынасын, мемлекеттік тілді, мемлекет құрушы ұлттың мәдениетін меңгеруді, мемлекеттің ұлттық бірлігін нығайту қажеттілігін түсінуді қалыптастыру. Сонымен бірге тәуелсіз Қазақстанның жетістіктеріне мақтанып, ұлттық рухты күшейтуге, азаматтық борыш, перзенттік парыз ұғымдарын дұрыс қалыптастырып бағыттауға, болашақ мамандардың кәсіби жауапкершілігін дамытуға ықпал ету.

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде тәрбие үдерісін ұйымдастырудың келесі әдіснамалық тұғырларын ұсынады:


Өркениеттіліктұрғысынан алатын болсақ еліміз әлемдік деңгейде білім кеңістігіне кіріктірілуі тәрбие үдерісіне де жаңашыл көзқарастармен қарауды талап етіп отыр. Ұлттық және әлемдік құндылықтарды кіріктіре отырып, әлемдік деңгейде талап етілетін құндылықтарды тұлғаның бойына сіңіруімізбен қатар, қоғамда әлемдік деңгейде көзқарастарды қалыптастыру. Қазақ елі көп ұлттың басын біріктіріп отырған демократияшыл және өркениетті елдер тұрғысынан мәдениеті, рухани - адамгершілік құндылықтар жағынан әлемдік өркениет көшіне ілесе алатын елдер қатарынан табылуы өркениеттіліктің басты шарты де бағаланады.
Тұлғалық-бағдарлы тұғыр – өзара байланысты түсініктер, идеялар және іс-әрекет тәсілдері жүйесіне сүйену, тұлғаның өзін-өзі тану және өзін-өзі жетілдіру процесіне қолдау көрсету, оның дербестігін дамыту. Тұлғалық ықпал тұрғысынан - әр тұлғаға оның жас ерекшелігімен қоса мінез-құлқы, өзінің туа біткен темпераментіне, психологиялық жаратылысына байланысты әрекет ете отырып, оның бойындағы рухани адамгершілік құндылық қасиеттерін дамытуға ықпал ету.
Аксиологиялық тұғыр – адамның әлемге, өзге адамдарға, өз-өзіне және т.б. қарым-қатынасын ұғынуымен және тұлғалық мағынасымен анықталатын ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар. құндылықтар жүйесі негізінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлы дала елінің мәңгілік ел идеясы негізінде тұлғаның бойындағы ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталады.
Қызметтік тұғыр – тұлғаның оның қызметімен бірлігі, ол тұлғаның құрылымдарына тікелей және жанама түрде өзгеріс жасауды жүзеге асырады.
Құзыреттілік тұғыр – тәрбие мақсаттарын анықтаудың, тәрбие процесін ұйымдастыру мен оның нәтижелерін бағалаудың, оқушыларда құзыреттіліктерді қалыптастыруда және олардың табысты әлеуметтенуін қамтамасыз ететін ортақ ұстанымдар жиынтығы.
Әлеуметтік тұғыр – тұлға мақсаты мен міндеттеріне әлеуметтік ақиқаттың өмір бойы ықпал етуі, осы ықпалдың адам және қоғам үшін педагогикалық салдарлары.Әлеуметтік тұрғыда ықпал ету тұғыры - әлеуметтік орта мен тәрбиелік кеңістікті орнықтыру, тұлғаны әлеуметтендіру үрдісі, әлеуметтік қарым-қатынас негізінде тұлғаның рухани-адамгершілік құндылығын қалыптастыруға бағытталады. Қоғам мен әлеуметтік ортаның дамуы мен сұранысынан тәрбие жүйесінде тұлғаның қоғамға бейімделуі, әлеуметтенуі т.б. мүмкіндік жасалады.
Іс - әрекеттік тұғыр негізінен қарастыратын болсақ тұлғаның тәрбиелік қасиеті оның іс – әрекеті, қарым - қатынас, мінез - құлқы негізінде іске асатынын негізге ала отырып, тұлғаның құндылықтар жүйесін қалыптастыруға бағытталады.
Жүйелілік тұғырынысанды оны құрайтын бөліктердің жиынтығына жатпайтын және иерархиялық құрылымы бар күрделі құрылыс ретінде қарастыруды көздейді. Жүйелі түрде қарастыру құрылымдық компоненттерді, олардың қызметін бөліп көрсетуді, қызметтік-иерархиялық байланыстар орнатуды, жүйеқұраушы факторларды анықтауды, сыртқы байланыстарды талдау қажет. Жүйелілік тұғыр тәрбиенің мақсаты, міндетіне сәйкес, мазмұнын жүйелі құра білу, жүйелі, бірізді, сабақтастықта берілуі оқушының санасы мен танымына ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет