Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика»



бет5/74
Дата13.10.2022
өлшемі212,74 Kb.
#42837
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74
Байланысты:
П нні О У- дістемелік кешені «Педагогика»

Дағдыларды игеру:
- ғылыми-зерттеушілік іс-әрекетті;
- педагогикалық қатынас пен педагогикалық техниканы;
- педагогикалық үдерістің барлық қатысушыларымен субъект-субъектілі өзара әрекеттестікті ұйымдастыру;
- білім беру кеңістігінде педагогикалық технологияларды қолдану;
- педагогикадан алған білімді кәсіптік практиканы өту барысында қолдану, сонымен қатар кәсіби міндеттерді шешу; кәсіби іс-әрекетке байланысты алуан түрлі жағдайлар мен жағдаяттарда икемді және мобилді (ұтқыр) болу дағдыларын меңгеруге;
- білім беру жүйесіндегі нормативті құжаттарда бекітілген кәсіби міндеттерді орындауда;
- қазіргі мектептегі кәсіби-педагогикалық іс-әрекет саласында;
- кәсіби біліктіліктер мен дағдыларды ары қарай дамыту тәсілдерінде құзыретті болуға міндетті.
Педагогика гуманитарлық білім жүйесіндегі пәнаралық байланыстар арқылы жүзеге асыруды талап ететін ғылым ретінде интеллектуалды тұлғаны қалыптастыруға бағдарланған. Бұл педагогика курсын оқыту студентке педагогикалық іс-әрекет пен нақты мотивацияланған өмірлік таңдауын сәйкестендіруге, сонымен қатар үздіксіз білім алу мен өздігінен білім алу қажеттілігін жете түсінуіне септігін тигізеді.
Академиялық тәртіп ережелері:
• Әрбір аудиториялық сабаққа төменде келтірілген кестеге сәйкес алдын ала дайындалуы керек. Тапсырманы дайындау тақырыбы талқыланатын аудиториялық сабаққа дейін аяқталуы тиіс.
• Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы орындалады.
• Үй тапсырмаларының көпшілігі деректер қорының мысалында сұрау арқылы жауап беруге болатын бірнеше сұрақтардан тұрады; сізге сұрауларды орындау қажет болады және сіз алған жауаптар үй жұмысының келесі бөлігі үшін пайдалануға болады.
Академиялық құндылықтар: пән бағдарламасы тақырыптық принцип бойынша құрылған. Әр тақырып оның мазмұнын ашатын негізгі мәселелер тізімін қамтиды, дәрістік курста жүйелі түрде баяндалады және студенттерге практикалық сабақтарда, сондай-ақ өзіндік жұмыс барысында оқытылады. Осы мәселелерді білу студентке оқу процесінде, ал оқытушыға бақылау іс-шаралары кезінде пәннің жекелеген тақырыптарын меңгеру дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет