Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика»


Педагогтың рефлексивтік іскерлігі



бет18/74
Дата13.10.2022
өлшемі212,74 Kb.
#42837
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   74
Байланысты:
П нні О У- дістемелік кешені «Педагогика»

Педагогтың рефлексивтік іскерлігі. Өз іс-әрекеттерін бақылап бағалау, өзіне сырт көзбен қарап іс-әрекет нәтижелерінің тиімділігін талдау, өзін басқалармен салыстыра отырып нені өзгертудің қажеттілігін түсіну арқылы педагогтың кәсіби тәжірибесі жетіле түсетіні анық.
Қарастырылып отырған іскерліктер бір-бірімен тығыз байланысып келеді және өзара бірін бірі күшейте түсіп отырады.
Педагогикалық шеберлік дегеніміз не? Шеберлік – кез келген маманның өз тәжірибесінде ең тиімді әдістерді пайдаланып, жоғары нәтижелерге қол жеткізе алу қабілеті. Осыған орай А.С Макаренко «шеберлік – қол жеткізуге болатын нәрсе, шебер-ұста, шебер-дәрігер болатын сияқты, педагог та керемет шебер бола алады» - дейді.

  • Педагогикалық шеберлік мұғалімнің тұлғалық қасиетін көрсетеді.

  • Педагогикалық шеберлік арнайы психологиялық-педагогикалық дайындықты қажет етеді.

  • Педагогикалық шеберлік педагогикалық міндеттерді тиімді шеше алудан байқалады.

  • Педагогикалық шеберлік мазмұны өте кең, ол бір-неше құрамдас бөліктерден тұрады.




4- дәріс

Педагогтың үздіксіз кәсіби өсуінің факторлары

  1. 1.«Үздіксіз білім беру» ұғымының мәні.

  2. 2.Үздіксіз педагогикалық білім – мұғалімнің кәсіби-тұлғалық дамуындағы және өзін-өзі танытуындағы жетістігінің шарты.

  3. 3.Педагогикалық қарым-қатынас – педагогикалық үдеріс субъектілерінің өзара әрекеттестігінің негізі.

  4. 4.Педагогтың сөйлеу мәдениеті – кәсіби іс-әрекет жетістігінің шарты. 5.Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу - қазіргі мұғалім тұлғасын дамыту факторы, оның ерекшеліктері.

  5. 6.Педагогикалық рефлексия - өзін-өзі тәрбиелеудің негізі.

Педагогикалық қарым-қатынас туралы түсінік. Әрбір адам әлеуметтік ортада өмір сүргендіктенбасқа адамдармен ақпарат алмасады, тәжірибесімен бөліседі, бірігіп ынтымақтастық қарым-қатынастарды сақтауға тырысады. Қарым-қатынас үнемі әлеуметтік, ұжымдық сипатта болатындықтан оны адамның қоғамдық ортаға бейімделуінің негізгі факторларының бірі деп қарастыруға болады. Олай болса қарым-қатынас - қоршаған ортамен адамдар арасындағы байланысты тұрақтандырушы тетік.
Ғылым аралық ұғым ретінде қарым-қатынас - өзара іс-әрекеттер қажеттіліктерінен туындайтын және ақпараттармен алмасуды, өзара түсінісуді, қабылдауды қамтитын адамдар арасындағы байланыстарды орнатудың және дамытудың күрделі үрдісі ретінде қарастырылады.
В.А.Сластениннің пікіріншепедагогикалық қарым-қатынас- педагог пен оқушылардың арасындағы өзара әрекеттерінің мақсаты мен мазмұнынан туындайтын қатынастарды орнатудың, дамытудың, өзара түсінушілік пен әрекеттестікті ұйымдастырудың күрделі үрдісі.
Педагогикалық қарым-қатынаста педагог жетекші рөл атқарады, себебі ол баламен болатын қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін алдын ала көптеген педагогикалық міндеттерді анықтайды, сол міндеттерді шешудің тиімді жолдарын іздестіреді. Қарым-қатынасқа байланысты қойылатын міндеттер коммуникативтік міндеттер деп аталады.
Педагогика ғылымында коммуникативтік міндеттерді шешудің негізгікезеңдері анықталған:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет