Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика»


Педагогтық кәсіпке деген қызығушылық, оның қоғамдағы рөлін түсіну - болашақ мұғалімнің кәсіби жолын таңдауы мен кәсіби өзін-өзі жетілдіру негізі



бет15/74
Дата13.10.2022
өлшемі212,74 Kb.
#42837
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   74
Байланысты:
П нні О У- дістемелік кешені «Педагогика»

Педагогтық кәсіпке деген қызығушылық, оның қоғамдағы рөлін түсіну - болашақ мұғалімнің кәсіби жолын таңдауы мен кәсіби өзін-өзі жетілдіру негізі. Ұлттың интеллектуалық әлеуетін дамытудың іргетасы - білім беру саласы және сапалы даярланған педагогтық кадрлар. Осыған орай педагогикалық парадигмалардың жаңару жағдайында болашақ педагогтарды даярлау саласына көптеген өзгерістер енгізілуде.
Педагогикалық мамандық «адам-адам» жүйесіне қатысты, себебі ол «ұстаз - оқушы» қарым-қатынастық жүйесіне негізделеді. Әр адам үшін ең алдымен осы салалардың қайсысына бейім екенін анықтап алғаны абзал. Қай мамандыққа адамның қабілеттері жеткілікті, қай мамандыққа бейімділігі басым екендігін анықтау үшін психология және педагогика ғылымдарында түрлі диагностикалық әдістемелер мен тестер жеткілікті.
Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық мәдениеті. Жеке тұлға өзінің саналылығы, ақылдылығы, белсенді іс-әрекеті негізінде қоршаған ортаның дайын заттарын пайдаланып қана қоймай, сонымен қатар оның өзгеруіне, қоғамның дамуына зор ықпал ете алады. Адамзаттың қоғамдық-тарихи даму үрдісінде қалыптастқан материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы мәдениет ұғымымен анықталады.
Кәсіби мәдениет белгілі бір кәсіби топ мүшелерінің арнайы кәсіби міндеттерді шешудің әдіс-тәсілдерін меңгеру, тәжірибе жүзінде қолдана алу дәрежесімен анықталады. Мұғалімдік іс-әрекеттің ерекшеліктеріне байланысты жалпы мәдениеттің маңызды бір бөлігі - педагогикалық мәдениет.
Кәсіби педагогикалық құзыреттілік және педагогикалық шеберлік. Адамзат қоғамының бүгінгі даму қарқыны бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігінде өзара ынтымақтастықта болу, өзара озық тәжірибемен бөлісуді талап етеді. XХI ғасырдағы білім беру мәселелері бойынша халықалықаралық комиссияда «Образование: сокрытое сокровище (Білім беру: ашылмаған асыл қазына)» (1996ж.) тақырыбында жасаған баяндамасында Жак Делор білім беруге негіз болатын адамның жалпы негізгі құзыреттіліктері ретінде төрт тұғырнаманы атап өтеді: танып білуге үйрену, істеуге үйрену, бірігіп өмір сүруге үйрену, өмір сүруге үйрену.
«Құзырет», «құзыреттілік» ұғымдары бүгінгі педагогика саласындағы ғылыми айналымға салыстырмалы түрде жаңадан енген, терең зерттелу үстіндегі ұғымдар болғандықтан олардың анықтамасы да әр зерттеушімен әр-түрлі берілуде. Дегенмен, көптеген анықтамаларды салыстырып талдау негізінде «құзыреттілік» ұғымына байланысты зерттеушілердің көзқарастарында бір ортақ пікірлер байқалады.
Қазақстанның Ұлттық энциклопедиясында құзырет ұғымы (лат. сompetentia – жетемін, лайықпын) екі мағынада түсіндіріледі:заңмен, жарғымен немесе өзге құжатпен берілген өкілеттіліктер шеңбері.белгілі бір саладағы білім, тәжірибе, біліктілік.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартында ұлттық деңгейдегі басты мақсаты - өркендеп өсіп келе жатқан еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне белсенді араласуға дайын тұратын құзыретті тұлғаның қалыптасуына ықпал ету деп анықталған.
Қазақстандық жалпы орта білім беру стандартында (2007ж.) «құзыреттілік» және «құзырет» деген екі ұғымды ажырата қарастырып оларға мынандай анықтамалар беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет