Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика»


Педагогика және философия



бет26/74
Дата13.10.2022
өлшемі212,74 Kb.
#42837
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   74
Байланысты:
П нні О У- дістемелік кешені «Педагогика»

Педагогика және философия. Философия мен педагогиканың өзара байланысының қүрделілігі бүгінгі күнгі ақиқат.
Философия педагогика ғылымын дүниетанымдық деңгейде де талдайды. Зерттеудің бұл саласы педагогика ғылымының философиясы, білім беру философиясы, дидактика философиясы, тәрбие философиясыдеп аталады. Педагогтардың ғылыми қызметін философиядан бөліп алу мүмкіндігі, жекелей алғанда, онда сциентизм мен технократизмнің, кейде тіпті гуманистік және гуманитарлық негіздерге залалын тигізе отырып,
Педагогиканың философиялық бағдарлары:Неомарксизм, Экзистенциализм, Феноменология, Структурализм, Прагматизм, Герменевтика, Аналитикалық философия, Персонализм, Постмодернизм, Философиялық антропология болып бөлінеді.
Педагогиканың психологиялық бағдарлары
Психологиялық және педагогикалық зерттеу жалпы әдіснамалық ұстанымдар негізінде құрылады. Әдіснамалық ұстанымдарды және баланың психикасының ерекшеліктерінен туындайтын нақты мақсаттарды басшылыққа ала отырып, психологиялық зерттеудің стратегиясы, жалпы барысы анықталады. Психологиялық және педагогикалық зерттеу логикасы әдіснамалық ұстанымдарға негізделеді. Олар: детерменизм ұстанымы, ақиқаттылық ұстанымы, даму ұстанымы.




6-дәріс

6 - дәріс. Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістері.

  1. Педагогика ғылымының әдіснамасы мен педагогтың әдіснамалық мәдениеті туралы түсінік.

  2. Педагогика әдіснамасының деңгейлері.

  3. Философиялық заңдар, заңдылықтар.

  4. Педагогикалық теориялар.

  5. Педагогика ғылымының әдістері.

Педагогика ғылымының әдіснамасы
Кез келген ғылымның даму жетістігі оның әдіснамасы мен теориясының деңгейімен анықталады. Ғылыми-зерттеу жұмысында әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. Әдіснама «грек тілінен аударғанда «әдіс туралы ғылым» деген мағынаны береді. Сондықтан әдіснама – зерттеу үдерісі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі. Теория – педагогикалық құбылыстардың, кез-келген әдіснаманың негізі болады және сол әдіснаманың көмегімен табылған фактілер негізінде кеңейеді. Теория – таным үдерісінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл – теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі. Таным теориясы тұтас танымдық іс-әрекет үдерісін және оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді.
М.А. Данилов педагогика әдіснамасының келесідей анықтамасын ұсынды: «Педагогиканың әдіснамасы педагогикалық шынайы болмысты бейнелейтін педагогикалық теорияның құрылымы мен негіздері, білімдер жасауға қажет тұғырлар мен тәсілдердің қағидалары туралы білімдер жүйесі болып табылады».
Заманауи анықтамаларға жақынырақ әдіснама мазмұнының анықтамасын В.И. Загвязинский берді: «Педагогиканың әдіснамасы – бұл педагогикалық білім туралы, оны меңгеру үдерісі, түсіндіру әдістері және оқыту мен тәрбиелеу жүйесін түрлендіру немесе жетілдіру үшін практикалық қолдану шарттары туралы білім».
Педагогиканың әдіснамасы түрлі мағыналарда, мәндерінде және түрлі қырларында түсінілуі мүмкін. Педагогика әдіснамасы - педагогтардың ғылыми-танымның тиімділігі мен нәтижелігіне жетуді қамтамасыз етудегі әрекетінің құрылымы, логикалық ұйымдастыруы, әдістері мен тәсілдері, олардың мақсаттары мен қызметтері туралы ілім.
Сонымен, педагогика әдіснамасыкең мағынада теория, оның пәні зерттеудің жалпы ғылымилық және арнайы әдістерін біріктіретін жәнетар мағынада – жаңа ғылыми-педагогикалық ақпарат алу, оны талдау мен түсіндірудің әдістері туралы білімдер жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет