Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика»


Ұлттық тәрбиенің мақсатына



бет57/74
Дата24.05.2023
өлшемі215,38 Kb.
#96685
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   74
Ұлттық тәрбиенің мақсатына тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлау, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.
Жалпыадамзаттық құндылықтар - адам өмірі, бостандық, отбасы, қарым - қатынас, адам бақыты, ұрпақ жалғастыру, еңбек ету, табыс, ынтымақтастық, белсенділік, тәуелсіздік, махаббат, заңдылық, еркіндік, мәдениет, бейбітшілік, денсаулық және т.б.
Әлеуметтік құндылықтар - әлеуметтік орта, статус, бедел, намыс, абырой, парыз, қарыз, тұрмыс, теңдік, еркіндік және т.б.
Рухани адамгершілік мәдени құндылықтар – өнер, мәдениет, әдебиет, тарих, тіл, діл, ар, ұят, дәстүр, әдет- ғұрып, салт, ұлттық дүниетаным, туыстық қатынастар, Отан, Ана, Жер және т.б.».
Тәрбиенің замануи тұжырымдамалары мен бағдарламалары. Еліміз егемендік алғаннан кейін ұлттық тәрбие мәселесіне бағытталған ғылыми зерттеу жұмыстарына аса мән берілді. «Қазақ мектептері мен мектепке дейінгі балалар мекемелеріне имандылық-эстетикалық тәрбие берудің кешенді бағдарламасы», «Қазақстан Республикасы мәдени-этикалық тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасы тарихи сананы қалыптастыру туралы тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасы білім беру жүйесіндегі тәрбиенің кешенді бағдарламасы» т.б. құжаттар дайындалды.
Тәрбие мәселесіне байланысты тәрбие тұжырымдамасы үш рет қабылданғаны белгілі. Алғаш рет 1995 жылы ұлттық тәрбиеге негізделген тәрбие тұжырымдамасы қабылданып, аталған құжатқа негізделген үздіксіз білім беру жүйесіне тәрбие жүйесі құрылды. 2009 жылы 12 бағыттан тұратын «Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы», 2015 жылғы «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде» 8 бағыттан тұратын тәрбие тұжырымдамасы оқу тәрбие жүйесін жандандырды. Ұлттық негіздегі төл оқулықтар, оқу құралдары енгізіле бастады. Оқу-тәрбие жүйесінде ерекше даму үдерісі басталды.
Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің 1995 жылы қабылдаған “Тәлім-тәрбие тұжырымдамасында” отбасы, мектепке дейінгі, мектептегі тәрбиенің сындарлы жүйесі жасалды. Тұжырымдамада жас ұрпаққа имандылық, адамгершілік, еңбексүйгіштік, патриоттық, ерлік, эстетикалық тәлім-тәрбие беру мәселелері жан-жақты қамтылған. Тәлім-тәрбие тұжырымдамасында қазақ халқының жауынгерлік және ерлік тарихын, ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін қалдырған қас батырлардың өмір-өнегесімен таныстыру; өз жерін, елін қорғай алатын елжанды, ұлттық намысы мол жігерлі мол жігерлі азаматтар тәрбиелеу, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ерекшеліктер, салт-дәстүрлерді бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдалануға аса мән берілген.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2015 жылы ұсынған«Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде» болашақ қазақстандық жастар патриот, білімді, дені сау, жауапты және жігерлі, инновациялық экономика жағдайында табысты қызмет ететін, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген, қазақ халқының құндылықтары мен мәдениетін сіңірген, толерантты, дүниежүзіне танымал және мәртебелі, кәсіби құзыретті болады деп атап көрсетеді. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында және қазақстандық қоғамдағы заманауи әлеуметтік-мәдени трансформацияны ескере отырып әзірленген.
Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің “Тәлім-тәрбие тұжырымдамасын” негізге ала отырып мектептегі, балабақшадағы тәрбие жұмысын жетілдіруге арналған республика ғалымдарының бірнеше бағдарламалары жарыққа шықты. Б.Баймұратова, М.Сәтімбекова, Ә.Әмірованың басшылығымен мектепке дейінгі тәрбиеге арналған “Балбөбек” бағдарламасы тұңғыш дүниеге келді. Сондай-ақ, Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. “Ұлттық мәдениет тарихы”, “Қазақ мәдениетінің тарихы”, “Қазақ этнопедагогикасы” т.б., Оразаев М., Смаилова М.Ж. “Қазақ халқының салт-дәстүрлері”, С.Қ.Қалиев, С.Т.Иманбаева С.М.Төрениязованың “Болашақ“ оқушылар ұйымының Ережесі, М.Құрсабаевтың “Атамекен”, З.Ахметованың “Кәусар бұлақ”, М.Х.Балтабаевтың “Елім-ай” т.б. бағдарламалары жоғары, орта оқу орындарындағы және мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарын ұлттық бейнеде ұйымдастыруға үлкен ықпалын тигізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет