Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика»



бет54/74
Дата24.05.2023
өлшемі215,38 Kb.
#96685
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   74
Тәрбиенің түрлері. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде» анықталған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін тәрбие жұмысының басым 8 бағыттарын ұсынады. Тәрбие жұмысын іске асыру тиімділігін өлшеуші ретінде критерийлер ұсынылды, олар тұлғаның қоршаған әлемге, қандай да бір құндылықтарға және құбылыстарға қарым-қатынастары арқылы байқалады.
Бірінші бағытҚазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие. Бұл бағыттың мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптастыруға, тұлғаның саяси мәдениетін дамытуға ықпал ету, балалар мен жастардың құқықтық мәдениетін, құқықтық санасын, балалар мен жастар ортасында қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру. Екінші бағыт – рухани-адамгершілік тәрбие. Бұл бағыттың мақсаты: Қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен, жалпыадамзаттық құндылықтармен келісілген, тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, адамгершілік қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру.
Үшінші бағыт – ұлттық тәрбие.Бұл бағыттың мақсаты: тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тіліне және мемлекеттік тілге құрмет, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу кеңістігін қалыптастыру.
Төртінші бағыт - отбасы тәрбиесі. Бұл бағыттың мақсаты: Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналарды оқыту, олардың рөлін көтеру және психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін арттыру.
Бесінші бағыт – еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие. Бұл бағыттың мақсаты: Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық пікірі мен кәсіби өзін-өзі анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру. Табиғатты сақтауда белсенді азаматтық ұстанымын тәрбиелеу; табиғатқа аялы қарым-қатынасын, оның байлығын еселеу ұмтылысын қалыптастыру; балалар мен жастарда экологиялық сауаттылықтың «экологиялық санасының» жоғары деңгейін, табиғат пен қоғамның экоэволюциясын қабылдау қабілетін дамыту және күнделікті өмірде оларды басшылыққа алуы үшін жағдай туғызу.
Алтыншы бағыт -көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие.Бұл бағыттың мақсаты: Білім беру ұйымдарының білім беру кеңістігін тұлғаның өзін-өзі сәйкестендіруінің көпмәдениетті ортасы ретінде құру, тұлғаның қоғамдағы жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
Жетінші бағыт - зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі. Бұл бағыттың мақсаты: әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік құру; балалар мен жастардың тұлғалық ұстанымдарын жандандыру, ақпаратпен жұмыс жасауда функционалдық дағдыларын, ақпараттық өзара әрекеттесуде этикалық нормалары мен құндылықты мақсаттарын қалыптастыру.
Сегізінші бағыт - дене тәрбиесі, салауатты өмір салты. Бұл бағыттың мақсаты: салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын ойдағыдай қалыптастыру, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігі үшін кеңістік орнату.
Тұжырымдамада көрсетілген тәрбие бағыттары бойынша ғылыми - зерттеу жұмыстары алыс және жақын шетел ғалымдары, еліміздегі зерттеулер, ғылыми еңбектерінде тәрбиенің негізгі бағытттарын, тәрбие үдерісінің өзіндік ұстанымдары мен тәрбиенің қоғамда атқаратын қызметіне қарай, өзіндік ерекшеліктері жан - жақты зерттелген. Көптеген ғалымдардың еңбектерінде тәрбиені мәдениет тұрғысынан да қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет