Ферми-Дирак үлестірілуі –өзара әрекеттестігін есепке алмауға болатын теңбе-тең фермиондардың энергетикалық деңгейлер бойынша үлестірілуін сипаттайтын өрнек. Бұл күйге сәйкес келетін осындай бөлшектердің орта саны Ферми-Дирак үлестірілуімен анықталады:
фермион – жартылай бүтін спинге ие болатын бөлшек немесе квазибөлшек. Фермиондарға электрон, протон, нейтрон, кварктар және т.б. жатады
флуктуация – көп бөлшектерден тұратын жүйені сипаттайтын физикалық шамалардың орта мәндерінен кездейсоқ ауытқулары