Пайдаланатын құралдар: проектор, слайдтар
Ақуыздар – пептидтік байланыспен байланысқан аминқышқылдарының қалдықтарынан тұратын макромолекулалық биополимерлер.
Белоктардың жіктелуі:1) күрделілік дәрежесіне қарай (қарапайым және күрделі), қарапайым протеиндер тек қана аминқышқылдары қалдықтарынан тұрады, күрделі протеидтер құрамына белокты заттардан басқа қосылыстардың қалдықтары кіреді; 2) молекула пішіиіне қарай (шар тәрізді және жіп тәрізді); 3) кейбір еріткіштерде еру қабілетіне қарай (суда еритіндер, әлсіз түз ерітінділерінде еритіндер - альбуминдер, спиртте еритіндер — проламиндер, сұйытылған қышқыл және сілті ерітінділерінде еритіндер глутелиндер); 4) атқаратын қызметтеріне қарай ( корға жиналатын белоктар, тірек қызметін атқаратын белоктар).