Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет17/69
Дата15.11.2023
өлшемі437,3 Kb.
#123666
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   69
Байланысты:
Педагогика факультеті

Тандап тексеру - ауызша


Жаппай тексеру - дәптерлерін жинау
Жаңа материалды меңгеруіне дайындық кезеңі. Мақсаты бұрын игерген материалдарды еске түсіру, бір бірімен байланыстыру, жаңа тақырыппен байланысын анықтау . Бұл кезеңнің уақыты ұзақ болмау керек.
Жаңа материалмен таныстыру кезеңі. Жаңа тақырыпқа жаймен көшу болады немесе проблемалық жағдай жасау арқылы. Мұғалім дайын білімдерді бермей, оқушыларды жұмыс істетіп, жаңа білімдерді өздері табуға жағдайды ұйымдастыру қажет.

Бекіту кезеңдері тағыда екі кіші кезеңге бөлінеді.


Бекіту кезеңінің бастапқы сатысы тапсырмалар жаңа тақырыпты түсіндірген тапсырмаларға ұқсас болуы керек.
Екінші сатылық бекіту кезеңі басқа жағдайда бөлек көрнекілік материалдарды пайдаланатын тапсырмалар берілуі мүмкін немесе өзіндік жұмыс ұсынады.
Үй тапсырмасын беру. Үй тапсырмасы сабақтың әр уақытысында берілуі мүмкін. Бастауыш сыныпта үй жұмысы сабақтың жұмысынан бір екі бөлігін алу керек және сыныптағы жұмыстан жеңілдірек болған жөн.
Баға койылу кезеңі. Осы кезеңде мұғалім міндетті түрде баға не үшін койылғанын жариялау керек. Жоғарғы сыныптарда өздері өздерін бағалауы мүмкін.
Сабақтың қорытындысын шығару кезеңі. Сұрақтары сабақтың негізгі мәселелерін көтеріп, оқу материалдардың бәрін талдап, жинақтау қажет.
VIII түрдегі арнайы мектептегі негізгі міндеттер ақыл-ой дамуы кешеуілдеген баланың психикалдық дамуы мен танымдық қабілеттерінің, эмоциялық-ерік сферасының максимальды түрдегі дамуын қамтамасыз ету, оларды кәсіби еңбекке баулу, әлеуметтік ортаға бейімдеу болып табылады.
VIII түрдегі мектептерде математиканы оқыту әдістемесінің міндеттерін анықтау үшін негізгі міндеттерді анықтауымыз қажет. Олар:
-мектептің жалпы білім берудегі міндеттерінің бірі математикалық білім, ісерлік, дағдыны қалыптастырудағы жеткілікті жүйелерді қолдану;
VIII түрдегі мектеп оқушылары білім алуда мынадай математикалық білім мен іскерліктерді игерулері тиіс:
а) натурал сандар қатары, нөл, натурал сандар, қарапайым және ондық бөлшектер туралы ұғымдар;
б) негізгі өлшем бірліктерді меңгеру, (кесіндінің ұзындығы, заттың құны, фигуралардың ауданы, дененің массасы мен сыйымдылығы) оларды өлшеуде қолданудың тәсілдерін игеру;
в) метрлік жүйелер, уақыт өлшем бірліктері оларды тәжірибеде қолданудағы іскерлікті меңгеру;
г) қарапайым өлшемдер, сызғыш, өлшемдік кружка, сағат, таразыны пайдаланып өлшеу дағдыларын қалыптастыру;
д) көп таңбалы сандармен және бөлшектерді есептеудегі негізгі арифметикалық төрт амалды пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
е) 3-4 амалдан тұратын қарапайым және күрделі арифметикалық есептерді шығаруға дағдылану;
ж) геометриялық фигуралардың көлемі мен тығыздығы туралы ұғымдармен танысу, оларды өлшеуге арналған құралдармен (сызғыш, циркуль, транспортир) жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;
Арнайы мектептерде математиканы оқытуда оқушылардың қажетті материалдарды игеруінде автоматты түрдегі жаттау арқылы игерту жұмыстарын емес, балалардың саналы түрде математикалық біліммен қарулануын қамтамасыз етуіміз қажет. Ол үшін қарапайымнан күрделіге көшудегі көрнекі құралдарды қолдану арқылы жеткілікті түрдегі математикалық түсініктерді қалыптастыру отырып, заттық, көрнекілік негізден оларды практикада қолдануға баулу.
VIII түрдегі мектеп оқушылар математикалық білімнің теориялық негіздерін де ұғынулары тиіс. Теориялық білімнің мазмұны оқушыларға натурал сандар қатарымен танысуда ондық жүйелердің арасындағы заңдылықтармен танысулары тиіс.
VIIIтүрдегі мектептердегі математиканы оқытудағы спецификалық әдістердің бірі оқушылардың танымдық қабілеттері, интеллектуалдық, ерік сферасын қалыптастыру жұмыстары ұйымдастырылады.
Көрнекіліктердің көмегімен оқушыларды қарапайымнан күрделіге қарай оқытуда мұғалым оқушының көрнекі-заттық, көрнекі-әрекеттік ойлаудан абстрактілі, логикалық ойлауға көшуіне мүмкіндік жасайды.
Математика сабақтарында оқыту мен тәрбиелеу барысындағы коррекциялық түзету жұмыстары арқылы баланың қарапайым математикалық ойлауы дамиды, анализ, синтез, сатыстыру жасау сияқты қабілеттері қалыптасады. Баланың қорытындылау мен нақтылауға бағытталған қабілеті қалыптасып, есте сақтау, қабылдау, т.б. сияқты басқа да психикалық функциялары қалыптасады. Математиканы оқыту барысында арнаулы терминдермен танысу, оларды орынды қолдану жұмыстары орындалады.
Математика сабақтарындағы мүсіндеу, сурет салу, бояу жұмыстарын ұйымдастыруда баланың ұсақ қол қимыл моторикасының дамуы жүзеге асады.
VIII түрдегі мектептердегі математиканы оқытудағы тәрбиелік міндеттер мыналар: баланың ауылшаруашылық жұмыстарында қолданылатын құралдармен таныстырады.
Жалпы білім беретін, коррекциялық мектептердегі математиканы оқыту әдістері басқа пәндермен тығыз байланыс жасау арқылы шешіледі. Соның ішінде математика сабақтарының еңбекпен байланысы маңызды. VIII мектептегі практиканың нәтижесі математика сабақтарында белсенділік көрсеткен оқушылар еңбек сабақтарында жақсы болатындығы көрсетілген.
Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген оқушылар өз бетімен пән арасындағы байланыстарды анықтай алмайды. Сондықтан мұғалім балаға осы тұрғыда көмек көрсетуі тиіс.
Математика сабақтарындағы білім мазмұнын география, тарих, бейнелеу, сызу, еңбек сабақтарымен байланыстыруымыз қажет. Осы пәндерден жинақталған мәліметтер арифметикалық амалдарды құрастыру мен оларды орындауда көмегін тигізеді.
Отанымыз туралы байлық ошақтарының санын білу, тарихи даталарды жатқа білу баланың арифметикалық амалдарды орындауына көмек береді. Еңбек етуге жіберілген уақыт көлемін табуда оқушылар анализ, синтез, салыстыру сияқты күрделі психикалық процестерді орындай алады. Математика сабақтары басқа пәндерді игеру кезінде де маңызды. Мысалы, еңбек сабағында көйлекке жұмсалатын матаның шығынын шығаруда математикалық білім керек.
Олар геометриялық фигураларды қолданып шаблондар дайындау, ермексаздан дидактикалық материалдар дайындау жұмыстарын жүргізеді. Шаршы, үшбұрыш, дөңгелектердің атауларымен танысып, оларды сызудың тәсілдерімен танысады. Геометриялық фигуралардан математикалық дағды мен білімді бекіту мақсатында түрлі композициялар құрастырады (үй, аққала, орнаменттер, аңдардың бейнелері). Геометриялық фигураларды құрастыру мен оларды бастыру арқылы игерген теориялық білімдерін кеңейтеді. Математика сабақтарында ұзын-қысқа, қалың-жұқа сөздерінің мағынасымен танысса, еңбек сабақтарында түрлі заттарды қолданып олардың материалдық қасиеттерімен танысады. Ермексаздан (саңырауқұлақ, пирамида, балық) түрлі бейнелерді жасаумен, тігу сабақтарында шнурлардың қалы-жұқа болатын түрлерімен танысады.
Еңбек сабақтарында кеңістікті бағдарлау ұғымдарымен танысуда, қағаздың оң, сол, асты, үсті, ортасы, жаны болатынын білу арқылы, аппаликациялау жұмыстарында кеңістіктегі заттардың орналасуымен танысады. Қағазбен және картонмен жұмыс жасау арқылы шаблонмен, сызғышпен, циркульмен разметка жасау жұмыстарымен танысады.
Математика сабақтарында геометриялық фигуралар: нүкте, түзу сызық, дөңгелек, сәуле, кесінді, төртбұрыш, үшбұрышпен танысса, бейнелеу сабақтарында сурет салу арқылы оларды бекітеді. Мысалы, 1 сыныпта тірек нүктелердің көмегімен берілген өрнектерді сызуда, балалар олардың қандай фигура екендігін естеріне түсіреді де, фигуралардың қасиеттеррімен танысады. Математика сабақтарында игерілген білім мен дағды бейнелеу сабақтарында сурет салу арқылы бекітіледі де, бала бойында геометриялық фигураларды бейнелей білу қабілет қалыптасады.
Мысалы, 7 сыныпта оқушылар симметриялы фигуралар туралы білім алып, симметрияның осьтерімен танысады. Мұның алдындағы дайындық жұмыстары 3-4 сыныптарда симметриялы орналасқан заттарды (балға, балалар күрегі, теннис ойнауға арналған ракетка) бейнелеуде жүргізіледі.
География сабақтарындағы «Масштаб», «План» сабақтарымен танысуда оқушылар ауданды табу, периметрді табудың тәсілдерімен танысады.
Тарих сабақтарында тарихи жағдайлардың пайда болу уақыты мен олардың ұзақтығын есептеуде математикалық білім мен дағды қалыптасады.
Дене шынықтыру сабақтарында масса, ұзындық туралы ұғымдармен танысады. Жүріп немесе жүгіріп өтетін жолдың арақашықтығын табуда да математикалық білдім қажет болады.
Математика сабақтары үшін алынған ақпараттардың дәл, нақты, анық болуы математикалық есептердің шығару жолдарын дәл табуға көмектеседі.
Математика сабақтарында мұғалім оқушының сөйлеу тіліне мән беруі тиіс.
VIII түрдегі арнайы мектепте математика сабағы мен еңбекке баулу сабақтарының міндеттері бір-бірін толықтырып отырады.
Математика сабақтарын қоырытындылауда балаларды мектеп участоктарында жүргізген жұмыстары арқылы қорытындылап отырады.
Педагогикалық және психологиялдық зерттеулердің қорытындысы ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалардың тұрмыста кездескен математикалық қажеттіліктерді өз бетінше сәйкестендіре алмайтындықтарын көрсетеді.
Математика сабақтарында өлшеу, графикалық суреттерді бейнелеу, конструктивтік жұмыстарды жүргізу, есептеу жұмыстары ұйымдастыру сияқты практикалық дағдыларды қалыптастыру жұмыстары бағдарламада қарастырылады.
Математика сабақтарында тең 100 шаршыға бөлінген, 10 жолаққа бөлінген түрлі материалдар, абақ, кластар мен разраядтардың кестесі, арияметикалық амалдарға арналған кестелер қолданылады. 10 жолақтың бойына аудан мен көлемді өлшеуге арналған бірліктер (1 см2, 1 дм2, 1 см3, 1 дм3) жазылады.
Арнайы мектеп мұғалімдері математиканы оқыту бағдарламасының мазмұны мен көлемін жақсы меңгеруі қажет.
Математиканы оқытуды үйымдастырудың негізгі түрі сабақ болып табылады. Дайындық сыныптарында және дайындық кезеңдерінде сабақтан басқа, мектепке дейінгі оқыту және экскурсиялар кеңінен қолданылады.
Мұғалім сабақ тақырыбын түсіндіргенде мысалдар мен есепті шығару жолдары, білімді меңгеру кезеңдерін (кайталау, бекіту және т.б.) көп сөзді қолданбай, нақты математикалық материалдармен бере білу керек. Бұл мәліметтер сабақ жоспарына енгізілу керек. Кейде бір тақырыпты оқытуға бірнеше сағат бөлінуі мүмкін. Бүндай сабақтар қойылған мақсат, оқу тапсырмалары мен жаттығуларына қарай бір-бірінен өзгешеленеді. Мүғалім жіктеу және жекелеу әдістемесін қолдана отырып, оқушылармен жаппай жүмыс жүргізеді. Математиканы табысты оқыту мүғалімнің математикалық нақты материалдарды жақсы білетініне, оқытудың арнайы әдістемесіне, мектеп жасындағы балалардың математиканы менгеру ерекшеліктеріне және де ақыл-ойы дамуындағы кемшіліктері бар балалардың таным қызметіндегі кемшіліктеріне тәуелді болады.
Әрбір сабақ қажетті көрнекі қүралдар мен дидактикалық материалдармен (тарататын және көрсететін) қамтамасыз етілуі қажет.
Ауызша санау сабақтың міндетті бір бөлігі болып табынады. Бұл тәсілді орындағанда балалар әр түрлі қозғалыс қимылдарын жасауға болады.
Математиканың әрбір сабағының міндетті талабы өз бетімен жұмыс түрін үйымдастыру. Мұғалім өз бетімен істелетін жұмыс түрін тексеріп, қажетті жағдайда жіберілген қателерді түзетеді.
Мұғалім оқушылардың білім жағдайын күнделікті ағымды бақылаумен бірге, тоқсан сайын 2-3 рет бақылау жұмыстарын жүргізеді.
Бағдарлама негізіне арнайы мектеп оқушыларының даму деңгейіне сәйкес математикалық білім мен икемділіктің көлемін анықтайды. Бірақ әрбір сыныпта берілген уақыт ішінде оқу материалын меңгере алмайтын оқушылар кездеседі, мұғалімге олармен жеке жүмыс жүргізу қажет. Ондай оқушыларға жеңіл тапсырмалар мен жаттығулар беріп, жалпы жұмысқа қатыстыру қажет. Бүндай оқушылар тобының өз бетімен жұмыс істеуі үшін есеп жаттығулар, мысалдардың жеңілденген түрі ұсынылады. Ескертпеде бұл оқушыларға арналған материалдар жеңіл түрде берілген.
Оқушылармен арнайы әдістемелік тәсілдерді қолданып жеке жұмыс жүргізілген соң ғана, олардан нәтижесі шықпаса төменгі деңгейдегі топқа ауыстыруға болады. Өзгертілген бағдарлама бойынша оқушылар білімін, оларға қойылған талаптарға сәйкес бағалау керек.
Мұғалім арнайы мектептерде математикадан басқа барлық пәндерден үлгеретін оқушьшардан топ құрастырып, олар мектеп педагогикалық кеңсесінде бекітілген жеке бағдарлама бойынша оқытылады.
Бұндай окушылар өздерінің мүмкіншіліктеріне қарай оқытылып аттестациядан өткізіліп, сыныптан сыныпқа көшіріледі.
Әсіресе бірінші сынып бағдарламасын оқытуға көп көңіл бөлінеді (5-ке дейін санау), егер оқушылар бұл материалды жақсы меңгерсе, оларға 6-дан

  1. ға дейінгі сандарды беру керек. Оқушыларды меңгерген білім деңгейінде оқытуды тоқтатпау керек.

Бағдарламаның негізгі материалдарын қиындықсыз меңгерген жоғары сынып оқушыларына қосымша материалдар беріледі. Олар 5-сыныптан жоғары бағдарламаның тақырыбына сәйкес келетін тараулардан алынады.
Математика және кәсіби еңбек циклы пәндерінің пәнаралық байланысында бағдарлама материалдарының орны (мазмұнын өзгертпей) ауыстырылуы мүмкін.


Дәріс мазмұны бойынша тапсырмалар мен сұрақтар:


    1. VIII түрдегі арнайы мектептерде қандай жалпы және арнаулы міндеттер шешіледі?

    2. Пән аралық байланыстарды шешудің жолдары қалайша орындалады?

    3. Жалпы білім беретін және арнайы мектеп бағдарламасының салыстырмалы талдауын жаса.

    4. Арнайы мектепте математиканы игеруде пәнаралық байланыстың маңызы қандай?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет