Зертханалық жұмыс 4 Тақырыбы: Кристаллогидраттану жылуын анықтау.
Мақсаты: Әр түрлі құрамдағы жүйенің жылу сыйымдылығы, химиялық реакциялардың, физика-химиялық процестердің жылу эффектілерін өлшеу, жылу әсерінің күй параметрлеріне тәуелділігін анықтау.
Студент білуі қажет: Калориметр түрлерін, калориметрлік жүйенің жылулық мәнін анықтауды, жылу сыйымдылық жайлы түсінік, жылу түрлерін және оларды есептеу жолдарын.
Бақылау сұрақтары:
Жылу мен жұмыстың айырмашылығы қандай?
Жылу сыйымдылығы дегеніміз не?
Жылу сыйымдылығының температураға тәуелділігі қандай формуламен өрнектеледі?
Еру жылуы дегеніміз не?
Бейтараптану жылуы дегеніміз не?
Кристаллогидраттану жылуы дегеніміз не?
Өткізілу әдістемесі Тәжірибені жүргізу үшін ұнтақталған кристаллогидраттың (тотыяинның) 7,5 г. екі өлшемдісін әзірлейді. Оның біреуін кристалды гидраттың еру жылуын анықтау үшін пайдаланады да екіншісін фарфор табақшасына салып, көк түстен ақ түске айналғанша қыздырады және оны тез пробиркаға салып, мұқият тығындайды. Қыздырғанда құрамындағы өзімен бірге кристалданған судың бес молекуласы буланып, ұшады да көк түс аққа айналып, сусыз тұз шығады. Қыздырылған сусыз тұзды аддын ала өлшенген пробиркада салқындатылғаннан кейін, тағы да өлшейді. Сусыз мыс сульфатын ерітуге 300 г, ал кристалдық суы барға - 297 г суды құяды. Мұндағы 300-297=3 г - су айырмасы (7,5 г кристалдағы суға сәйкес).