Пәннің ОҚУ-Әдістемелік қҰралы физикалық және коллоидтық химия



бет25/31
Дата02.12.2023
өлшемі415,87 Kb.
#131921
түріҚұрамы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31
Байланысты:
УМКД+физ+химия

Есептеу формасы
1. Алынған тәжірибелік мәліметтерді кестеге толтырады.
Температура _____




реті

Реакция басталған кездегі уақыт

V1

V2

V3

V4

COH¯



Kc


















































































Орташа Kc=



Зертханалық жұмыс 8
Органикалық және бейорганикалық еріткіштер арасында йодтың таралу коэффициентін анықтау


Жұмыстың мақсаты: екі араласпайтын сұйықтықтар (су – органикалық еріткіш) арасында йодтың (I2) таралу коэффициентін анықтау.
Жұмысқа қажетті заттар:
0,05 моль/дм32S2O3 (натрий тиосульфаты) ерітіндісі; 0,01 моль/дм3 Na2S2O3 ерітіндісі; 1% крахмал ерітіндісі; 0,05 моль/дм3 органикалық еріткіштегі I2 ерітіндісі (оқытушы нұсқауымен); органикалық еріткіш, көлемі 200 см3 тығынмен жабылатын колбалар – 4-еу; 130-150 см3 бөлгіш сүзгі; араластыруға арналған аппарат; қабаттарды бөлуге арналған колба 150 см3 - 2-еу; 0,05 моль/дм32S2O3 ерітіндісімен (органикалық қабат) титрлеуге арналған бюретка; 0,01 моль/дм32S2O3 ерітіндісімен (сулы қабат) титрлеуге арналған бюретка; титрлеуге арналған түбі тегіс колбалар – 2-еу; пипеткалар 25 см3 және 2 см3; цилиндр 100 см3.
1.1 Жұмысты жүргізу реті
Көлемі 200 см3 тығынмен жабылған колбаларда 1 – кесте бойынша 4 ерітінді дайындайды.
1 кесте
Йод – органикалық еріткіш зерттелетін жүйесіндегі реакциялық қоспа құрамы





Органикалық еріткіштегі йод ерітіндісінің көлемі, мл

Таза органикалық еріткіш көлемі, мл.

Судың көлемі, мл

1

5

15

100

2

10

10

100

3

12

8

100

4

15

5

100

Органикалық еріткіш ретінде бензол, толуол, ксилол, күкірттікөміртек, эфир, хлороформ, дихлорэтан, төртхлорлы көміртек және т.б. қолдануға болады.


Тығынмен тығындалған колбаларды араластырғыш аппаратқа салып, 30-40 мин. араластырады. Сосын сұйықтықтар қабаттарға бөлінгенше 15-20 мин тыныш қалдырады да, сонан соң бөлгіш сүзгіге мұқият құяды, бірнеше минут өткесін сулы және сусыз қабаттарды әр түрлі колбаларға бөліп алады. Әрбір ерітіндіні тепе-теңдікте деп есептеуге болады, олардағы йод концентрациясы титрлеу арқылы анықталады.
Сусыз қабатты титрлеу. Титрлеуге арналған колбаға 25см3 дистилденген су құйып, оған 2 см3 пипеткамен үлгіні алып қосады, 5 тамшы крахмал ерітіндісін тамызып, 0,05 моль/дм32S2O3 ерітіндісімен титрлейді. Титрлеуге арналған үлгіге суды қосатын себебі, натрий тиосульфатымен тек сулы ерітінді ғана титрленеді. Титрлеу кезінде йод сулы қабатпен біртіндеп экстрагирлену үшін колбаны үздіксіз шайқап тұру қажет. Титрлеуді сулы қабат түссізденгенше жүргізеді, түссіздену йодтың органикалық қабаттан сулы қабатқа толық экстракцияланғанын көрсетеді. Титрлеу кезінде келесі реакция жүреді:



(6.5)

Әр ерітінді үш реттен титрленіп, орташа нәтиже алынады.
Сулы қабатты титрлеу. Титрлеуге арналған колбаға 25см3 дистилденген су құйып, 5 тамшы крахмал ерітіндісін тамызып, 0,01 моль/дм32S2O3 ерітіндісімен көк түс жойылғанша титрлейді.
Әр ерітінді үш реттен титрленіп, орташа нәтиже алынады.
Сулы және сусыз қабаттардағы йод концентрациясын келесі формула бойынша есептейді:



(6.6)

мұндағы - натрий тиосульфаты ерітіндісінің концентрациясы; – титрлеуге кеткен натрий тиосульфаты ерітіндісінің көлемі; титрлеуге алынған органикалық немесе бейорганикалық қабаттың аликвоттарының көлемі (сусыз қабатты титрленгенде қосылған су мөлшері есепке алынбайды).
Егер бірнеше әртүрлі концентрациялар зерттелсе, онда тәжірибелік мәндерді графикке салып, lgC1 = φ(lgC2) координатасында түзу сызық алады, сол түзудің тангенс бұрыш n-ге тең болады. С1 және С2 және n біле отырып, барлық төрт қоспа үшін таралу коэффициентін есептеп, орташа мәнін алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет