1-тақырып.Кіріспе
Мазмұны. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы. Тіл білімінің басқа ғылымдар арасында алатын орны. Тіл білімінің методологиялық негіздері. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму барысы.
2-тақырып.Тілдің мәні
Мазмұны. Тілдің қоғамдық мәні. Мемлекеттік саясат және тіл. Тілдің негізгі қызметі. Тілдің танымдық және коммуникативтік қызметі. Тіл және ойлау. Ойлау жүйесі мен тілдік бірліктердің қарым-қатынасы. Тіл және сөйлеу.
Тілдің атауыштық және вербальдық қарым-қатынасы. Тілдің территориялық және әлеуметтік жағынан жіктелуі. Тілдің стильдік жіктелуі. Сөздің функционалды-стильдік және экспрессивті-стильдік бояуы.
3-тақырып.Тілдің тарихи дамуы
Мазмұны. Тілдің тарихы мен қоғам тарихының байланыстылығы. Тіл дамуының сыртқы және ішкі факторлары.
Тілдің шығуы. Тілдің шығуы жайлы теориялар. Біртұтас тіл теориясы. Тілдің даму кезеңдері. Халықтардың және тілдердің қалыптасуы. Ұлт тілдері.
Қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі әдеби тілдердің жайы. Жазба тіл, әдеби тіл, сөйлеу тілі ұғымдары. әдеби тіл және ұлттық мәдениет. Тілдердің өзара қарым-қатынасы. Субстрат, суперстрат, интерстрат құбылыстары. Қостілділік пен көптілділік мәселесі. Дүние жүзі тілдері, олардың жіктелісі. Халықаралық жасанды тілдер. Машина тілі және оның қолданылуы.
4-тақырып.Фонетика саласына кіріспе
Мазмұны. Фонетиканың міндеті мен мақсаты, қарастыратын мәселесі. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы жүйесіндегі терминтану мәселесі. Лингвистикалық түсіндірмелі сөздіктегі фонетика саласындағы бірліктер сипаты: тіл дыбыстары, таңба, акустика, артикуляция, тембр, шуыл, салдыр, сөйлеу аппараттары, сөйлеу мүшелері, дауысты дыбыстар, дауыссыз дыбыстар, аффрикат дыбыстар, сонар дауыссыздар, буын, екпін, интонация, ассимиляция, диссимиляция, анномедация, редукция, дыбыс үндестігі, фонема тағы басқалары.
5-тақырып.Лексика-фразеология саласына кіріспе
Мазмұны. Лексика фразеологияның зерттеу объектісі. Ономосология, семосиология, этимология, лексикография.
Сөздердің семасиологиялық сипаты: сөз, ұғым, мағына: номинатив-атауыш, түпкі, туынды, еркін, фразеологиялық байлаулы, синтаксистік шартты, битарап, бейнелі, терминдік; Метафора: тілдік, поэтикалық, жеке қолданыстағы метофоралар; Метонимия, синекдоха; Сөздің көп мағыналығы, омоним: омофон, омограф; Синоним: синонимдік қатар, ұя, доминант сөз; плеоназм, плеонастика, парафраза; Сөз варианттары; Антоним; Табу, эвфемизм, дисфемизм;
Сөздік құрам, сөздік қор: қазақтың байырғы төл сөзі, кірме сөздер;
Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлері: жалпылама, қолданылу өрісі тар лексика: кәсіби- терминдік – жалпыхалықтық, диалектілік (говорлық) кәсіби сөздер, диалектілік - нағыз лексикалық, лексика-семантикалық, этнографиялық диалектизмдер;
Сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлері: жалпыхалықтық лексика – сөйлеу лексикасы: тұрмыстық қарапайым сөздер, варваризмдер, әдеби сөйлеу лексикасы; жазба тіл лексикасы: ескі дәуірдегі кітаби , қазіргі кітаби лексика, стильаралық битарап лексика, мәнерлі-бояулы сөздер; Экспрессивтік-эмоционалды лексика; Актив және пассив сөздер; Көнерген сөздер: архаизм, историзм(тарихи); неологизм;
Фразеологизм түрлері: отандық және шетелдік ғалымдар классификациясы.
Сөздік түрлері: аударма, терминологиялық, орфографиялық, орфоэпиялық, түсіндірме,диалектологиялық, синонимдік, этимологиялық, фразеологиялық, т.б. сөздіктер.