Пәннің студенттерге арналған оқу-жұмыс бағдарламасы


-тақырып. Грамматикаға кіріспе Мазмұны



бет4/8
Дата14.09.2023
өлшемі132,5 Kb.
#107388
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Тіл біліміне кіріспе пәнінен силлабус

6-тақырып. Грамматикаға кіріспе
Мазмұны. Тілдің грамматикалық құрылысы. Ғылыми өрісі: морфема, сөз формасы, грамматикалық мағыналар, сөз формасы, аффиксация, фузия, агглютинация, көмекші сөздер (предлог, септеулік шылау, артикль, көмекші етістік, жалғаулық шылау т.б) тағы басқалары.
Морфологиялық категориялар: сөз таптары, семантикалық, морфологиялық, синтаксистік белгілер, мағыналық және формальды критерийлер.
7-тақырып. Синтаксиске кіріспе.
Мазмұны. Синтаксистік байланыс түрі: салалас, сабақтас, орайлас, аралас. Синтаксистік қатынас түрі: предикаттық және предикаттық емес – анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық. Синтаксистік құрал түрі: аналитикалық немесе синтетикалық тәсіл.
Сөзтұлға бірліктері: сөз, күрделі сөз және оның түрлері, түйдекті тіркес, тұрақты тіркес, салаласқан тіркес. Аналитикалық тәсіл амалдары: интонация, орын тәртібі, шылау. Синтетикалық тәсіл амалдары: жіктік жалғау, септік жалғау, тәуелдік жалғау, көптік жалғау. Сөздердің байланысу түрі (формалары): қиысу, қабысу, матасу, меңгеру, жанасу.
Сөйлем мүшесінің түрі: бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш. Сөйлем мүшесінің құрамы: дара, күрделі, үйірлі және барлығына тән белгі бірыңғай мүшелі. Сөйлем мүшесінің мағыналық түрі: толықтауыш – тура, жанама; пысықтауыш – мекен, мезгіл, себеп, мақсат, амал; анықтауыш – анықтайтын сөзімен қабыса байланысқан немесе матаса байланысқан. Сөйлем мүшесінің жасалу жолдары: кез келген сөз табынан.
8-тақырып. Тілдердің классификациясы
Мазмұны. Дүниежүзі тілдері. Тілдік туыстық. Тілдердің генеологиялық классификациясы. Түркі тілдері: пайда болуы, қазіргі жай-күйі.
Тілдердің морфологиялық типтері. Синтетикалық құрылысты тілдер.
Қазақ тілі – синтетикалық құрылысы, жалғамалы тіл екендігі.


Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
1-тақырып. Кіріспе
Мазмұны. Конспект: Негізгі әдебиет - №1. §1,2,3.
Сұрақ: Тіл білімінің зерттеу объектісі не?
Лингвистикадағы жалпы тіл білімі және жеке тіл білімі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет