Осы тақырыптарды оқыту барысында берілетін білім мазмұны мыналарды қамтиды:
педагогиканың тарихы пәнінің маңызы, міндеттері, әдіснамалық негізі, басқа ғылымдарымен байланысы, педагогиканың тарихын зерттеу жолдары ашып көрсетіледі;
алғашқы адамдар қауымдағы тәрбие, отбасының туындауы, жазудың алғашық элементтері, этнопедагогиканың маңызы қарастырылады;
Ежелгі Мысыр, ежелгі үндістан, Византия, Қытайдағы педагогикалық ойлармен танысу арқылы олардың ерекшеліктерін аңғарады;
Антикалық дүниедегі мектеп және тәрбие, ежелгі Рим, Византиядағы ағарту және педагогикалық ойларды меңгереді;
Қазіргі Қазақ жерінде көне дәуірде өмір сүрген халықтардың тәлім-тәрбие сипаты, жазу түрлерімен таныстыру;
Қазақ жеріндегі жазба ескерткіштердегі тәлімдік ойлардың маңызы;
Түрік дәуіріндегі жазба мәдениет және ондағы педагогикалық ойлар;
Орта ғасыр жазбаларындағы тәлім-тәрбиелік ойлардың маңызы;
ХҮ-ХҮШ ғғ.бірінші жартысындағы Қазақ ақын-жыраулар мұрасындағы тәрбиелік ойлар;
ХҮШ ғ. және ХІХ ғ. бірінші жартысындағы Қазақ ақын-жыраулар мұрасындағы тәрбиелік ойлар;
ХІХ ғ. екінші жартысындағы қазақ ақын-жазушыларының, қоғам қайраткерлерінің тәлімдік ойлары;
Кеңес одағы кезіндегі Қазақстандағы педагогикалық ойлар мен оқу-тәрбие мекемелерінің дамуы;
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы АҚШ, Еуропа, Азия, Африка, Латын Америкасы педагогтарының педагогикалық идеялары;
Егемен Қазақстанда білім беру жүйесінің дамуы мен болашағы;
Оқу курсында мынадай заңдылықтар ашылады.
қоғам дамуы мен ондағы тәлім-тәрбиелік ойлардың жаңғырып отыру заңдылығы;
тарихы кезеңдердің тәлім-тәрбиелік ойлардың мазмұнына ықпалы;
ғылым, білім, дін және тәрбие арасындағы байланыстар;
білім және тәрбие арасындағы байланыстар мен олардың педагогикалық ойлардың қалыптасуына ықпалы;
Қазақ халқының даналық ойларының шығу тегі мен тәлім тәрбиедегі маңызы;
әлемдік педагогтардың педагогикалық идеяларының мәні.