Пәннің тақырыбы: Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы


Ыбырай Алтынсарин қазақтың тұңғыш педагогі, ұстазы (1841-1889)



бет46/81
Дата29.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#121156
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   81
Ыбырай Алтынсарин қазақтың тұңғыш педагогі, ұстазы (1841-1889). Аса талантты педагог, ағартушы, дарынды жазушы, ақын, көрнекті қоғам қайреткері.
1864 жылы 8 қаңтарда Ы.Алтынсариннің қазақ- орыс мектебi ашылды. Оған 14 қазақ баласы қабылданды. Осыған көңiлi толып қаңағат сезiм билеген ол 16 наурызда 1864 жылы: «Meнің үнемі ұмтылған тілегім – қалайда пайдалы адам болып шығу едi. Ал, қазiр осыған толық жетiп отырганын ойласам, көңiлiм толық жұбаныш табады» -деп мacaттана жазу ұлы ұстаздың ұлы бастамасы осылай басталған едi.
Ыбырай бабамазыдың тiкелей араласуымен немесе басқаруымен сол кездегi Торғай, Ырғыз Қостанай өңiрлерiнде орталықтандырылған қазақ балаларына арналған 4 кластық қазақ ­орыс училищесi 5 бастауыш болыстық мектеп, ауыл шаруашылық кәсiби училищесi ашылды.
Ыбырай қазақ – орыс мектебiнде мынандай пәндер оқытылды:

  1. жаратылыстану пәндерi

  2. сызу

  3. тарих

  4. орыс тiлi грамматикасы

Төңкеріске дейінгі Ресей оқу-ағарту жөнінен Европадағы ең соңғы орындардың бірін алатын. Көптеген балалар мен жасөспірімдер мектепке барған жоқ. Әсіресе сауатсыздық проценті деревняда жоғары болды. 1897 жылғы санақ бойынша ауылдық жерлерде сауатсыздық 72,2 процент, ал шаруа әйелдері арасында 87,5 процент болды. Ал сауатты деген әйелдердің өздері де бар-жоғы қол қоя білетін немесе бастауыш екі-үш сыныптары көлемінде ғана сауатты болатын.
Дегенмен, ұлттық шеткері аймақтарда әйелдердің білім алуы бұдан да нашар еді. Қазақстанда қыздар оқу мүмкіндігінен айырылған-тұғын. Қазақстанда әйелдерге арнайы білім беру жөнінде тұңғыш рет қазақтың көрнекті ағартушысы Ыбырай Алтынсарин мәселе көтерді. Оның ойы әйелдер мәселесі бойынша сол кезде жеке-дара болатын. Ағартушы ақыл мен білімпаздықты сыйлаған қазақ әйелі қоғамда лайықты орнын алуға тиіс деп есептеді. Ы.Алтынсариннің табанды еңбектенуі арқасында 1887 жылы Ырғызда өлкеде тұңғыш әйелдер училищесі, 1888 жылы оның жанынан қазақ қыздарына арналған интернат ашылды.
Ыбырай Алтынсариннің пікірінше қазақ қыздарын бастапқы кезде мектепке әйелдік қолөнерді үйренуге қабылдауға болады. Мысалы, киім тігу мен пішу, шәлі тоқу, жүннен арқан есу, алаша тоқу, киіз басу сияқты қазақтың тұрмысындағы үйреншікті үрдісті үйренеді. Осылай оқыту, деп есептеді Ы. Алтынсарин өзінің тура мақсатымен қоса, қазақ қыздарының біртіндеп орысша сауатын ашуға мүмкіндік береді.
Ағартушының бастамасы бойыынша және оның батыл ұсынысы, талмас жігерінің арқасында келесі жылдары интернатымен бірге қыздар училищесі 1891 жылы Торғайда, 1893 жылы Қостанайда, 1895 жылы Қарабұтақ ауылында және 1896 жылы Ақтөбе қаласында ашылды. 1896 жылы осы оқу орындарында 211 қыз оқыды. Олардың 70-і қазақ қыздары болатын. Семей қазақ интернатының архив материалдары да онда қазақ қыздары оқығанын айғақтайды. Қазақстандағы орыс-қазақ мектептерінде қыздарды оқытудың жағдайы қалай болды? Орысша сауат ашу (оқу және жазу) негіздері мен арифметиканы игеруден басқа қыздар іс тігуді де үйренді. Мәселен, 1889-1890 оқу жылының аяғында Ырғыздағы қыздардың орыс-қазақ училищесінде үш бөлімше болған еді. Жоғары бөлімшедегі қыздар орысша еркін оқып, оқығанын ұғынықты айтып бере алатын, сауатты жазып төрт амалмен арифметикалық есептерді шығара білген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет