Пәннің тақырыбы: Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы



бет67/81
Дата29.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#121156
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   81
Байланысты:
Педагогика тарихы л.с

Эрик Берннің (1970 -1970) де негізгі еңбектері, мұғалімдер мен ата –аналарға арналған ұсыныстары, трансактілі талдау теориясы көптеген педагогтардың назарын аударды.
Филипп Кумбстың (1915 -2006) XX ғ. екінші жартысында білім беру жүйесі мемлекет пен қоғам дамуына орасан зор әсер еткендіктен, Филипп Кумбстың (1915 -2006) еңбектеріндегі ұстанымдарға тоқталуға болады. Шындығында, Ф. Кумбсты педагогика ғылымының жаңа бағыты –білім беру саясатының өкілі деп атауға болады.
Ол Amherst College –де білім алып, Чикаго университетінде магистр дәрежесіне ие болды. 1961 ж. АҚШ президенті Дж. Кеннедидің тағайындауымен АҚШ –тың білім беру және мәдениет мәдениет мәселелері бойынша Мемлекеттік хатшының бірінші кеңесшісі болады. Білім беру жүйесінің басты реформаларын бекітті және әрбір мектеп округі өз бюджетінің 2% білім беру аймағындағы зерттеулерге бөлуі тиіс деп санады. Алдағы өзгерістердің қарқынына көңілі толмаған ол, 1962 жылы Мемлекеттік департаменттен кетеді, 1963 жылдан 1968 жылға дейін Парижде ЮНЕСКО –ның білім беруді жоспарлау халықаралық институтының директоры қызметін атқарады. Бұдан кейін 1992 жылға дейін экономикалық дамудың халықаралық кеңесінің төрағасы мен вице –төрағасы ретінде жұмыс жасайды. Оның білім берудің әлемдік дағдарысы жайлы еңбектері XX ғ. екінші жартысындағы әлемнің алдыңғы қатарлы елдері мен Еуропаның білім беру жүйесінің реформалануына үлкен роль атқарды.
Кьелл Рудестам (1931жылы туылған) –америка психологы, тренингтік топ теориясының немесе Т-тобын құрған авторлардың бірі. Жеке психотерапия, отбасы психотерапиясы, кеңес беруді ұйымдастыру бойынша тәжірибе жинақтаған. Клиникалық Психология Академиясының мүшесі. Қазіргі педагогикада тренингтер қолданылғандықтан, антология К. Рудестамның баяндамасынан тренингтердің пайда болу тарихы туралы ұстанымдарын мысалға келтірдік. Оның «Топтық психотерапия» кітабында арт –терапия формаларын, түзету –дамытушылық жұмыстарының жалпы мәселелерін және т.б. қарастырады.


Джером Брунер (1915 ж.т.) - когнитивті психология мен педагогика жаңа бағытының авторы. 1939 жылы Гарвард университетінде магистр дәрежесін,1941жылы доктор атағын алды. Джером Брунердің ойлау теориясы жол ашуды үйрену теориясы ретінде түсіндіріледі.
Джером Брунер адам миының эволюциясы мен ойлауын үш «жағалықтар ағынының» (ғылыми революция) нәтижесі деп есептеді. Біріншісі-бұл адамның моторлы қабілеттерін кеңейткен механикалық машиналардың ойлап шығарылуы. Екіншісі-радио мен теледидарлардың шығарылуы-адамның сенсорлық мүмкіндіктерін күшейтті: анағұрлым көру мен есту, қашықта тұоып сезіну мен түйсіну қабілеттіктері. Үшіншісі-бағдарламалау тілі мен компьютерлік жуйелердің құрылуы адамдардың интеллектуалды қабілеттіктеріне ықпалын тигізді. Дж. Брунер балалардың ақыл –ойын дамыту үрдісінде қолданылатын ғылыми жаңалықтардың тарихы мен репрезентация жүйелерінің арасындағы өзара тепе – теңдікті жүргізді. «Таным психологиясы» деген еңбегінде Дж. Брунер адам қандайда бір заттарды немесе оқиғаларды қабылдау барысында меңгерген категориялар актілерін жүзеге асырады деп жазады.
Жалпы алғанда, Дж. Брунер американдық білім беру жүйесіне зор үлес қосты.
Томда американдық педагог-психолог, Блум Таксономиясының авторы-Бенжамин Блум (1913-1999) еңбектерін де атаған орынды. Ол Пенсильван университетін оқып, осында бакалавр мен магистр дәрежелерін алады. 1942 ж. Чикагоуниверситетінде доктор дәрежесін иеленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет