Жобалар әдісі I.Жобалық әдіс
Педагогика теориясында тәрбиелеу әдістері мәселесін зерттеу барысында педагогикалық тәжірибелердің кейбір туыстас түрлерін біріктіру қажеттілігіне көзім жетті.Осы мақсатта жетелейтін түсінік табатыныма үміттендім.Меніңше ол оқушы іс-қимылдарын анық көрсете алатын,айқын түсінік болуы керек еді.Сонымен қатар мұндай түсінік оқыту заңдарын қажетті қолдану үшін лайықты орын тауып және тәрбиенің этникалық қасиеттер элементтері үшін де орын беруге тиіс. «Тәртіп қасиеттері» түсінігі қоғамдық орта мен жеке ерекшеліктеріне бірдей түрде қатынасы бар.Жоғары да айтылғандар мен қатар,тәрбиенің өзі өмір деген түсінік сияқты аса маңызды жалпы ережеден тұруы міндетті сияқты.Бірақ барлық осы ережелерді біріктіретін түсінікке кіргізу мүмкін бе екен?Мүмкін болса ол үлкен табыс болар еді.Ондай біріктіретін сәтті түсінік табылған жағдайда тәрбие теориясын мазмұндау жеңілдей түсер еді;сондай-ақ аса жетілдірілген әдістерді тарату ісі де дамитыны анық.
Сонда йжалпы түсінікті табу мүмкін бе еді? Міне мектеп ұйымдастырылуының ғасырлық мақсаты осы.Осы сұрақтар ойымды мазалағаннан бері мен іздеген ортақ идея жүректен шығатын мақсатты іс-әрекеттің негізгі элементі екендігіне сенімім арта бастады.
Осы «мақсатты актіге» әсіресе «мақсатты» сөзін айрықша атап мен оған «жоба»ұғымын қостым.
Бірнеше типтік мысалдар арқылы «жүректі» мақсатты актідеген ұғым туралы түсінік беріп кетейін.Өзіне көйлек тіккен қалыңдықты елестетіңіз.Егер ол өз ісіне жанын салып,бар ынтасымен өзі көйлекті пішіп,тіккен болса,мен мұны типтік жоба деп атайтын едім.Бұл жерде біз қоғамдық ортада «шын жүректен» жасалған «мақсатты акті» деп білеміз.Көйлек тігу мақсаты қойылғандықтан оның нақты түрі белгіленіп,сол мақсат бүкіл іс-қимылын билеп жұмыстың барлық жақтарын біріктірген болатын.Қалыңдық қыздың жұмысты «шын жүректен» істегені бізге белгілі.Жұмысы қоғамдық ортада өткені де белгілі.Басқа мысал ретінде мектеп қабырға газетін шығарып жатқан баланы алайық.Егер ол іске ынтамен кіріссе,біз жобаның негізін қалайтыніскерлік ықыласты көреміз.Біз хат жазып отырған оқушыны жер динамикасы ұстанымдарына сәйкес айдың қозғалуын түсіндіріп жатқан Ньютонның әңгімсін қызығушылықпен тыңдап отырған баланы,гректерді Филипп Македонскийге қарсы қоюға талпынған Демосфенді, «Жасырын Кешті» жазып жатқан Леонардо-да Винчиді,осы мақала жазып отырған мені,геометрияның қиын мәселе есебіншығарып отырған баланы мысалдар ретінде ала аламыз.Осы жоғарыда аталған мысалдардың бәрі жеке тұлғалық сипаттағы мақсатты актілер,бірақ көптеген топтық типтегі жобаларда бар:бір сынып қойылымға дайындалып жатыр,ұлдар тобы бейсбол ойнағанда тоғыздықты ұйымдастырады,оқушы өз достарына қызық әңгіме оқып беруге дайындалуда.Осыдан көретініміз жобалар олардың мақсаттары сияқты әр түрлі болуы мүмкін.Сонымен қатар біз сыртынан бақылаған фактілердің сипаттамасы нақты факторды ашпауы,яғни басты қойылған мақсатты көрсетпеуі мүмкін.егер біз біреудің істерді маңыздылығы бойынша тура нұсқауымен жасалатын істен бастап адам өз қалауымен бүкіл жанын салып орындайтын істерді маңыздылығына сәйкес қарастырсақ ,өз зерттеуіміздің нәтижелері бойынша шкаланың төбесінде, «жоба»,яғни «мақсатты акт»тұратын еді.Бұл жерде нақты ортасын бөлетін сызық өткізу қиынға түседі.Және Негеізгі ереженің маңыздылығы «шын жүректен»орныдалған істің деңгейіне байланысты арта түседі.
Осы жалпы сипатқа кіріспеден кейін біз мақсатты акт шынайы идеалды өмірдің типтік бірлігі деп айта аламыз.Мұнымен біз барлық мақсат пен ынта міндетті түрде жақсы деп айтудан аулақпыз,бірақ адамдар өмір ағымымен жүріп қана қоймай,лайықты өмірін мақсатты іс-әрекеттен құруы тиіс деп тұжырымдаймыз.Біз тағдырдың бергенін немесе жағдайды пассивті қабылдайтын адамдарды мүсіркеп өз өмірінің иесі болып жалпы ережеге сүйеніп нақты мақсат-міндет қоятын,жобаларды құрастырып орындай алатын адамдар алдында бас иеміз.Өз өмірін реттей алатын адам тәжірибелік іс-әрекет талаптарына ғана емес,әдептілік,жауапкершілік талаптарына да сай келеді.Мұндай адам демократиялық азаматтықтың үлгісі бола алады.Мақсатты акт құлдың немесе крепостнойлардың өмірінде болуы мүмкін.Олар үстем тап жүйесі мүдделеріне қарай бөтен мақсат-міндеттерді орындауда жеке инициативасыз құлдық қызмет етуге мәжбүр.Күрделі істерде олар жоғарыдан түскен жоспарларға сүйеніп,нұсқау бойынша орныдайды.Олардың қызметі үшін басқалар жауап беріп соған сай нәтижесін шығарады.Құлдардың басына түскен жағдайда қажетті құлшылық деңгейі оларға жоспар құруға бөгет болады.Біз демократияны есепке аламыз.
Мақсатты акт демократиялық қоғамдағы лайықты өмірдің типтік бірлігі деп анықтаған болсақ,онда оны педагогикалық тәжірибені де типтік белгісі деп алсақ та болар еді.Біз американдықтар,жылдар өте келе тәрбиеге болашақ өмірге дайындық деп емес,өмірдің өзі деп қарағанды қалаймыз.Біз ұсынып отырған түсінік осы мақсатқа жеткізетін шешуші қадам болып табылады.Егер мақсатты акт лайықты өмірдің типтік белгісі болса онда тәрбиені мақсатты актілерге негіздеу арқылы оны лайықты өмірмен парапар қоямыз.Тәрбиені өмірлік негізіге қоюды қолдайтын дәлелдердің бәрі біздің жағдайымызды қолдайды.Өмірге негізделген тәрбиенің өзі өмір болады.Сонымен мақсатты акт тәрбиеден өмірді тудырса адамды болашаққа дайындау үшін қазіргі өміріндегі тәжірибеден артық тәжірибе таба алмаспыз.Бір істі орындау арқылы біз іс үйренетініміз баяғыдан белгілі.Болашақтың лайықты өмірі дұрыс таңдалған мақсатты актілерден құралса,онда ақылдыбасшылықпенқазіргі кезде жасалған мақсатты актілерде жаттығудан артық не бар?Бұл үшін баланың жоспар құру мүмкіндіктері мол болуы тиіс.Және олөз істерінің нәтижесіне жауапты болуы крек.Бала нағыз жетістіктерге жетуі үшін оның қоршағанг айналасы өмірінің барлық жақтары оның ішінде достары да қажетті жағдайда мұғалім көмегімен оның ашылуына жәрдем беріп,жақсысын асырып жамынын жасырып көмек көрсетуі тиіс.
Мақсатты актіні оқытудың типтік түріне айналдырудың айқын негізін біздің жоспарымыз арқылы қол жеткізілетін оқу заңдарын қолдануда табамыз.Бұл заңдарды осы мақалада қолдап түсіндірудің қажеті жоқ деп ойлаймын.Біздің әр қимылымыз іс жүзіндегі ережеде көрсетілген реакция деп білеміз.әр реакция нақты жағдайда жауап береді,өйткені жүйке жүйесінде осы ережені сол реакция мен байланыстыратын ассоциациялар болады.Ол ассоциациялардың кейбірі өмірге келген кезден бастап пайда болады,мысалы баланың қарны ашқанда жылуы.Бұл жерде ашығу стимул қарны ашқан бала тамақты сөйлеу арқылы сұрап алады.Осы ассоциацияларды қабылдау немес өзгерті үдерісін біз ілім дейміз.Ассоциациялардың пайда болуы мен өзгеруіне себеп болған жағдайларды анықтау сол ілімнің заңдары болып табылады.Ассоциациялар кез келген уақытта қозғала қоймайды:мысалы,ашуланған кезімізде күлкіні бсақаратын ассоциациялар дайын бола алмайды;басқа жағымссыз қимылды басқаратын ассоциациялар керісінше дайын тұрады.Белгілі ассоциациялар дайын тұрғанда іс-әрекет ләззат әкеледі,ал қимылсыздық қанағаттанбаушылықты тудырады.Белгілі ассоциациялар қимылға дайын болмаған кезде қимыл қанағаттанбаушылықты тудырады,ал қимлысыздық ләззат тудырады.Осы екі тұжырым дайындық заңын құрйды.Бізге қатыстысы заң-қимыл заңы-өзгеріске қабілетті ассоиация іске қосылғанда нәтижесінде ләззаттану немесе қанағаттанбауына қарай ол бәсеңдейді немесе бекиді.Қарапайым психология бұл екі заң туралы үшінші ,нақты айтқанда жаттығу заңына қарағанда көп біле бермейтін бірақ біздің алға қойған мақсатымыз үшін әрбір жаттығуға тән қайталау қимыл заңын қолдану болып табылады.Оқыту үдерісін нақты түсіндіруге қажетті басқа да заңдар бар.Әдетте адам ашулы,ызалы болса,ол туралы жынданған,есі дұрыс емес деп атайды.Аталған жағдайда ашуланған объектіге зиян келтіру мақсатында көптеген ассоциациялар ортақ мақсат шеңберінде бірігіп іске қосылатындығын білдіреді.Осындай жағдайларда:а)мақсатқа жету үшін жұмыс істеуге дайын,жарамды қуат қоры;ә)шұғыл қимылға қатысы бар ассоциациялардағы дайындық жағдайы;б(біздің жоспарымыздағы мақсатқа жетуге бөгет болатын ассоциациялар жағынан дайындықтың болмауы.Адам туралы сөз қозғағанда көңіл-күй орнату» қабілеттілік бағытты іс-қимылға нақты қабілеттілігін білдіреді.Біздің талқылау тәртібі бойынша мұндай қимыл объективті жетістікті ғана көздеп қоймайды,сонымен қатар аталған жұмыс үдерісіне білім алуды қажет етеді.Іс-әрекетітабысқа әкелген ассоциациялар қаттырақ бекітіледі: «ынта» ықпалымен әрекет ететін ассоциациялар жүйесі. «Ынта»,дайындық,бағытты іс-әрекет,табыс,қанағаттану,білім алу-осылардың бәрі бір-бірімен тығыз байланыста.
Мақсаттыакт білім заңдарын қалай қолданады?Ұл бала ұшуға міндетті қағаз жылан жасаумен айналысуда.Бірақ осыған дейін ол өз мақсатына жеткен жоқ.Оның көздеген мұраты белгілі.Мұраты мақсатқа жетуге негізделген «ынта».Мұрат «ынта» секілді баланы қиындықтар алдында мойымауға жетелейтін ішкі талпыныс болып табылады.Бұл талпыныс дайындық пен білім және ойдың қажетті ішкі қорын береді.
Баланың көзі мен қолы шапшаңырақ қимылдайды.Ынта мақсатқұа айнала бере баланың ойын басқарып,жоспар мен материал таңдатып қажетті сенім тудырып,олардың қойылған мақсатқа жарамдылығын тексереді.Талпыныс мақсат болып табылған жағдайда табыс мәселесін шешеді:жылан ұшу керек,олай болмаған жағдайда мүмкіндік босқа кеткен болады.Екінші кезектегі тапсырмаларды орындау кезіндегі табысқа жету қанағаттандырады.Ілімнің екінші заңы атап айтқанда іс-әрекет немесе қимыл заңының ықпалымен қанағаттанарлық түрлі ассогциацияларды нығайтып жақсы ұшатын жылан жасап шығуға алып келеді.Сонымен,талпыну қимылға мәжбүрлейді,ішкі мүмкіндіктер қорымен пайдалануды үйретеді,жұмысты аяғына дейін жеткізуге бағытталады және қуанышты аяқталуына орай баланың санасында оның еңбегінің барлық табысты баспалдақтары бекиді,ол баспалдақтардың әр қайсысы табыстың ажырамас бөлшегін құрайды.Шынымен мақсатты акт ілім заңдарын қолдана алады.
Бірақ бұл есеп беру талпынудың одан шығатын білім алуға деген ықпалын тауыса алмайды.Өзіңізге екі қарама-қайшылықты елестетіңіз:екі бала қағаздан жасап отыр,оның біреуі жұмысқа жанын салып,біз жоғарыда көрсеткендецй «шын жүректен» жасап отыр,ал екінші бала болса амал жоқтан біреудің нұсқауымен өзіне ұнамайтын жұмыс жасап отыр.Біздің түсіндірмемізді жеңілдету үшін екінші бала мұғалімнің нұсқауы бойынша бірінші баламен теңдес жасап отыр десек болады.Екі жыланның пайда болуына себеп болған жүйелі іс-қимылдарды бұл жағдайда негізгі реация деп атаймыз.Жоғарыда айтылған екі жағдайда бұл реакциялар бір шетінен ұқсас екінші жағынан қарама-қайшы болып келеді.олардың ұқсас жақтарынан біз әдетте сабақ мақсат деп анықтайтын реакциялар тегін құрайды-ол бізді қызықтырып отырған қысқартуға келмейтін сыртқы минимум.Бұл сабақтарды біз қажет жағдайда жаза қолдану арқылы болса да міндеттеуге құқықтымыз,екі жыланның пайда болуына себеп болған негізгі реакцияларға қатысады.Бұл қосымша реакциялар «ассоциативті»және қосалқы болып бөлінеді.Ассоциативті реакциялар деп біз негізгі реакциялармен біз пайдаланатын материалдармен және біз көздеген мақсаттармен тығыз байланыста оянатын ойларды айтамыз. «Бірге қатысушы» ұғымы деп біз кейіннен жағдайлар мен икемдерді қалыптастыратын жылан жасауда алшақ қатысатын реакцияларды түсінеміз.Осылайша өзін-өзі сыйлау және сыйламау сонымен қатар ұқыптылық тазалық сияқты қасиеттер тәрбиеленеді.
Табысқа жетелеген қанағаттану арқылы әрекет ететін қатты «ынта» сол табысқа жеткізген ассоциацияларды нығайта түседі.Біреудің айтуымен жасаған жағдайда іс басқаша көрінеді.Бұл жерде біз некі»ынтамен» кездесеміз: біреу ібұйрықпен «біреуі үшін жасалған жылан,екінші өзіндік «ынтаның»мақсаты,сонымен қатар басқа- бұйрық болмаса басқа жолмен жетуге болар еді.Бұл «ынталардың» әрқайсысы қанағаттану мүмкіндіктерін көздейді және соған байланысты білім алу мүмкіндіктеріне сәйкес келеді.Бірақ екі»ынта» екінші «ынтаның» қанағаттану бөлшегін жойып негізгі білім алуға бөгет жасайды.
Сонымен қатар «шын жүректен» жасалған мақсатты акт үшін негізгі реакцияның түрлі бсапалдақтары өзара байланысып тұрады.Бұл жылан жасаудың жалаң техникасына қатысты болғандықтан «шын жүректен» жұмыс жасаған баланың алған білімі ұзақ сақталып ол білім мен машықтың жоғары деңгейіне ие болады.
Ассоциацивтік реакцияларды алсақ олардың ерекшеліктеріне онша қатты білінбейді. «Шын жүректен» жасалған жұмыстың біріккен ынтасы ішкі ресурстардан пайда әкеледі.Мүмкіндік бола қалған жағдайда ұқсас реакциялар тобы алға шығады.Ой әр алуан жаққа жүгіріп әр қадам басқа тербелістермен көптеген тәсілдер арқылы байланысады.Бала алдында түрлі бағыттарда мүмкіндіктері ашылып олармен қызығушылығын уақытша негізгі мақсаттың болуы арқылы ғана тоқтатуға болады.Қанағаттану элементі оған ашылған жаңа ассоциацияларды көрсетеді,сондықтан баланың миында да пайда болған біріккен ой жиынтығы ұзағынан сақталады.Осының бәрі екінші балада болмайды.Тыйым салынған «ынта» қарсыласқан сайын оның ойының жарық сәулесін сөндіріп тұратын болады.Оның іске деген қатынасы дайындықтың болмағандығымен сипатталады.Қосымша реакциялар көп болмайды және оларды бекітуге қажетті қанағаттану элементтері де болмайды.Бірінші бала біріккен идеяларға бай болса,екінші балада ол кемдеу яғни жетіспейді.Біреуінде мықтап сақталған нәрсе екіншісінде өткінші болып келеді.Екі баланың қарама-қайшылығы қосалқы нәтижелерден аса қатты білінеді.Бірінші бала мектептегі өз жұмысына қуанышпен сеніммен қарап басқа жобаларды жоспарлап отырса екіншісі мектепті көргісі жоқ ол сырттан өзінің « менін»іздестиіре бастайды.Біреуі үшін мұғалім –досы,жолдасы болса,екіншісіне –қадағалаушы,жауы болып көрінеді.Біріншісі өзін мектеп пен қоғамдық ұйымдарда өзін еркін сезінеді,екіншісі оларға қорқыту,үркіту құралы ретінде қарайды.Одан қалса жұмысқа деген бірігу достьастық арқылы ынта ұқыптылық пен инабаттылық сияқты әдіснаманың қажетті тұжырымдарына ауысады.
Біз қорғап отрыған жобаның адамгершілікке қандай ықпалы бар?Бұл сұраққа нақты жауап беру мүмкін емес.Жеке менің ойымша мен баланың адами қаситеттерін дамыту мүмкіндіктеріне оны жақтайтын мықты дәлелдеме ретінде қараймын.
Менменшілдік жетекешілдікке бой бұруды және тапсырма беру мен оқушыларды бөлек парталарға жалғыз отырғызатын әдеттегі жүйеге қарсы мықты тарау деп санаймын.Адамгершілік ең алдымен біріккен қоғамдық қатынастарға қатысты.Бұл өз жүріс-тұрысын қоғамдық топтың амандығымен бірлесе білім алуға бейімділік деп білеміз.
Осыған орай біз балалар мектепте идеяларды бағалау кезінде дұрыс тұжырымдауларын дамыту үшін қажетті идеялар қорын құруға тырысамыз.
Енді біз мектеп тәрбиесі ісіне жақында йтүсеміз.Жоба түрлерінің жіктемелерін қарастырайық: 1-түрдің мақсаты белгілі бір ойды немесе жоспарды сыртқы пішінге келтіру мысалы,қайық жасау,хат жазу,пьеса ойнау; 2-түрдің мақсаты эстетикалық толқудан ләззат алу мысалы қызықты әңгіме немесе симфония тыңдау,көркем суретке түсініп қарау; 3-түрдің мақсаты ойда туындаған қиындықты жеңу,мысалы қырау түсеме жоқ па,Нью-Йорк Филадельфиядан көлемі жағынан неліктен өскенін анықтау сияқты есептерді шығару; 4-түрдің мақсаты-кейбір мәліметтерді талант немесе білім алу мысалы:француздың дұрыс емес етістіктерін жаттап алу.Бұл топтамалар бір-бірін алмастырып екіншісінің мақсатына жету үшін қолданыла алады. Топтама үшін келесі амалдаржасалды: ұмтылыс,жоспар және бағалау.Біз дамытып отырған жалпы теория бойынша бала әрбір келесі қадамын өздігінен жасауы керек.Толық келеңсіздік қолдаудан гөрі үлкен зиян келтіреді.Қарама-қайшы қауіп бір жағынан баланың жұмыс істей алмай қалуы немесе уақытын бос өткізіп алу қаупі туындайды.Мұғалім жоғарыда айтылған қауіптерді айналып өтіп осы қыспақтардан өткізуі тиіс.Әрине ынта қызметі мен осы үдерісте ойлану үшін қалдыру қажеттілігі туралы айтудың керегі жоқ.Бала өскен сайын өз жұмысының нәтижесі туралы саналы түрде сын айту үшін төртінші қадамға назар аудару керек.
2-топ эстетикалық толқу мен ләззатану біздің тізімге аса лайықты. Емес болып көрінуі мүмкін.Жұмыс үдерісі мен ынта факторы басқарады және ол ойлану сапасына ықпал етеді.Бірақ мен ұсынатын нақты іс қимыл жолын білмеймін.
3-топ,біздің мектептегі әдетті қызметімізге сай.Осы себеп бойынша мен оған аса қатты назар аударудан аулақ болдым.Біздің мектептер қоғамдық қызметтің дамуына мұқтаж болып отыр.
4-топ, мұнда ерекшге оқу мәліметтері мен қабілет туралы мәселе көтеріліп,1-топтағы жолмен жүзеге асады:ынта мақсат,орындалуы мен бағасы.Бірақ бұл жағдайда жоспарды құру психолог тарапынан болса,өте жақсы болар еді.Және бұл топ өзіне аса мән беру арқылы қауіп тудыратындығымен ерекешеленеді.Кейбір мұғалімдер берілген тапсчырманың шын мәнінде жоба немесе жаттығу екендігін нәтижесі екі жағдайда да белгілі дәрежеде әр түрлі болса да нақты ажырата алмайды.
Біздің мақала шеңберлері пәннің басқа маңызды ережелерін талқылауға мүмкіндік бермейді: біздің жоспарымызға жауап беру үшін сынып жиһазында орта мен оқу құралдарында,мүмкін мектеп архитектарсында өзгерістер енгізілуі тиіс;одан қалса,мектепті сыныптарға бөлу мен басқа сыныпқа ауыстырудың жаңа тәсілдері әбден мүмкін.Демократия үшін қабілетті,ойшыл,қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға қабілетті өздеріне сенімді,жаңа әлеуметтік жағдайларда өмір сүруге бейімделген азаматтарды дайындайтын мектеп тәжірибесінің жаңа түрін қалыптастыру өте маңызды.Қиындықтар туралы бір мәселе үшін арнайы мақала жазу керек:дәстүрлер қайшылығы,салық төлеушілердің;дайындығы жоқ және талантсыз мұғалімдер;іс-әрееттердің жасалған практикалық жоспары,әкімшілік пен бақылауды ұйымдастыру тәсчілдері туралы мәселелер.Егер жаңа қозғалыстың тамыры тереңге кетпеген жағдайда осы аталған және басқада қиындықтарды оны жоюға мүмкіндіктер туындар еді.