Сценарийлік аппарат Адам тағдыры кемелденген шақтағы жоспарлардан емес,бала кездегі шешімдерден құралады.Адамдар не ойлап не айтсада олардың өмірбаяндары мен еңбек кітапшаларында жазылған оқиғаларға қарама-қарсы жаққа еліктіреді. Ақшаға құмар адамдар керісіншке оларды жоғалтаса кейбіреулер байи түседі.Ал махаббаттары таба алмай жүргендер,өз жэақындарының бойында тек жек көру сезімін оятады.
Ата-аналар өз балаларының бақыттары үшін барлығын істегені туралы айтады, есесіне нашақор қылмыскерлерді тәрбиелеп шығарады. Бұндай қарама-қайшылықтар адам баласының тіршілігі пайда болғаннан бері өмір сүріп келеді.
Балалар аңыздар мен ертегілерді жақсы көреді.Сондықтан да олар өз өмірлерінің тек өздері ұнататын ертегілерді оқиғалар желісіне ұқсағанын қалайды.
Психотерапевтер әдетте жағымсыз сценарийлер туралы көп біледі, бәлкім жағымды сценарийлер драмалық болғандықтан не халыққа кең тарап кеткендіктен бе екен. Мысалы З.Фрейд оның зерттеу жұмыстарында жеңіске жеткендердің қатарында Моискей Леонардо және оның өзі бар. Жеңімпаздардың жеңіске қалай жеткендері қызықтырмайды, ал жеңілгендер өздеріне «Неге?», «Бір нәрсені өзгертуге болады ма?»деген сұрақтар мазалайды.Сценарийлік аппарат мынадай элементтерден тұрады.
1. Ызаға булыққан ата-ананың бірі балаға «Жоғал!» немесе «Көзіңді құрт!» -деп айқайлайды. Сол сияқты «Сен әкең сияқты алқаш боласың» -деп бүкіл өміріне таңба басқандай болады.Бұл команда сахналы нәтиже немесе қарғыс деп аталады.
2. Балаға жағымсыз бұйрықтар береді: «Артымнан қал», «Мені мазалама!», «Сыңсыма!». Бұл «тоқтаулар» немесе сценарийлік бұйрық, мұны қатал Ата-ана немесе оның есі ауысқан баласы береді.
3. Әдетте ата-ана бала әрекетін қолдайды, нәтижесінде: «Алып қой!» дегенге дейін жетеді. Бұл сценарийлік арандату немесе түрткі деп аталады. Бұл ызалы баланың немесе әзәзіл ата-ананың әрекеті.
4. Бір нәрсені күтіп отырғандағы бос уақыттағы не істеу керектігіне нұсқау беріледі. Мұнда «жұмысты жақсы істе» дегенді, «Апта бойы намысқа тырысыып жұмыс істе, сенбі күні жақсылып іш» дегенге айналдырады. «Әр тиыныңды үнемде" деген ақыл, «Сосын барлығын ішімдікке жұмсау үшін әр тиыныңды үнемдеге» айналады. Бұл- «тәрбиелеуі» Ата-ананаың сценарийге қарсы ұраны.
5. Сценарийді жүзеге асыру үшін ата-аналар шынайы өмірдің шындықтары мен таныстырады:ішімдіктерді қалай аралсатыру,бухгалтерлік жұмыстарды қалай жүргізу керек және алдаудың айлалары. Бұл ересектердің нұсқауы бойынша қалыптасатын үлгі
6. Ал балалар өз тапынан ата-аналары қалыптастырған сахналы аппаратқа қарама-қайшы алға ұмтылысты сезінеді. Мысалы, «Есікті қақ!» («Жоғал!»дегенге қарсы), «Қолыңды бір сілте!», («Намысқа тырысып жұмыс ісьте»дегенге қарсы), «Барлық ақшаңды ішімдікке бірден жұмса», («Ақшаңды үнемде»дегенге қарсы) «Барлығын керісінше істе», бұл сценарийлік импульс немесе әзәзіл.
7. Қарғысты қайрату. «Қырық жастан кейін де барлығына үлгересің». Бұл сиқырлы сөздер сценарийге қарама-қарсы немесе іштей еркіндік беру.
Ойындар «Бәрі дұрыс» болып тұрған сәбикезінде бала шынайы да турашыл.Бірақ кейін оның көзі ашылып ,ол «бәрі дұрыс» болуы өзінің іс-әрекеті мен анасына деген қарым-қатынасына байланыстыекенін аңғарады.Ол дастархан үстінде өзін-өзі ұстауды үйренгенде анасы үшін жағдайының «бәрі дұрыс».ал есессіне ол анасының анасының жағдайының «бәрі дұрыс» екендігіне күмән келтіреді.Осылай күрделі тәжірибе қалыптасады да болашаұ ойындарға іргетас қатар қаланады.Әрине бала да бұл тәжірибені қолданады,әсіресе оны су мен сабынға үйретіу барасында бұл кезде басым күш баланың қолында,ал ас үйде бала аш кезінде ол анасына тәуелді анасы баласының таза болуын қалайды.Осы кезеңде анасының бала тәрбиелеуі кезінде өзінің айла-амалдары болады,сол сияқты баланың да айлакерлік қабілетіартта қалмайды.
Жылдар өтеді бала мектепке барады.Бұл уақытта оның қоржынында бірнеше оңтайлы тәсілдері болады,дөрекі және аяусыз тәсілдері де бар шығар тіпті ол ойынмен ғана өмір сүретін шығар. Оның бәрі ата-ананың айласы мен қатігездігінің қаншалықты деңгейде екендігіне байланысты.ата-ана қаншалықты айлакер болса олардың балалары да айлакер болады,ал неғұрлым ата-ана қатыгез және дөрекі болса соғұрлым балада тек қана осылай қатігездікпен өмір сүре аламын деп есептейтін болады.Практикалық тәжірибе көрсеткендей баланы бұзудың бір түрі-оны қоқақтық пен қызуқандылыққа мәжбүрлейді,бірақ бұл оның өз еркіне бөгет болады.
Мектепте бала үйде үйренген оындарын өзге балалар мен мұғалімдерге қолдануға мүмкіндік алады. Ойын барысында өзгелерден бір нәрсе үйренсе,кей нәрселерден бас тарта алады. Мектепте сонынмен қатар ол өзі көп нәрселерге көз жеткізеді және сол бағытта орнығады.Мектеп мұғалімі оның өз бағтын қуаттауы мүмкін,керісінше көктен жерге, жардан құзға құлатуы мүмкін. Оқушының өзін бағалауы төмен болса мұғалім соны нақтылап бағалауын төменн түсіруі де мүмкін (әдетте олар соны ғана күтіп тұрады) , не оның өзіне деген көзқарасы мен бағалауын жоғарылатуда әблен мүмкін. Егер бала қоршаған ортаны жақсы жағынан түсінсе онда мұғалім оны қолдайды ал егер керісінше оқушы дүниеде бәр жаман деген ойды ұстанса ол өз айтқанында тұрып мұғалімге бөгет жасауы мүмкін.
Өмір әр түрлі келеңсіз жағдайларға толы кейде оған педагог та,бала да төтеп бере алмайды.Мысалы,мұғалім «Аргентина» атты ойынды бастайды.
«аргентинада ең қызық не?» - деп ол сұрақ қояды.Сонда біреу:
«Пампастар» - «Жоо-қ»- «Патагония», -деп тағы да біреуі жауап қайтарады.
«Жоо-қ»- «»Аконгагуа» - «Жоо-қ».Енді барлығы өздеріне ғана қызықты география пәніндегі атауларды атағаннан ештеңе шықпайтынын түсінеді.Олар мұғалімнің не ойлап тұрғанын табу керек.Амал жоқ,сынып жеңіледіү
«Гаучо!»-деп жеңімпаздықпен жариялайды мұғалім.Сөйтіп бір мезетте барлығының өздерін надан адамдар ретінде сезінуіне мәжбүрлейді.Нағыз педагогтың өзі де үйінде еркіндік бермейтін өз ойы жоқ баладан жоғарғы бағалауала алмайды.Бала үндемей тұрғанда мұғалім оны жауап беруге мәжбүрлейді міне осы әрекетпен ол оның түйсігіне ойлауына зақым тигізедіжәне мұғалімнің ата-аналардан еш айырмашылығы жоқ екенін көрсетеді. Бірақ педагог балаға қандай көмек жасай алады?
Алайда әр орныққан орынға тән ойынның түрлері керек. Мұғаліммен бірге ойнай отырып бала оның неге жауап қайтарғанын бақылап жоқ нәрсеге машықтанадыү
Мысалға «тәкаппарлық орныққан орнында(+ -)-ойыны «Маған қиянат жасашы», «пайдасыз» орныққан орынында (- -)- «Сен бұған әлі өкінесің» деген ойынды ойнайды.Бала мұғалім ұнатқан ойыннан бас тартып осы ойынға мүлде ұқсамайтын өзгесін таңдауы мүмкін.сыныптастарының арасында бұл ойындарды қолданатын да шығар.
Соңғы орныққан орында («Сен бұған әлі өкінесің»)оқушының өзін-өзі бақылапқалыпта ұстай алмауы кездеседі.Егер мұғалім ұстамдылық пен төзімділік танытса онда ол баланы жағдайым дұрыс деген кішкене сәби кезеңдегі әлемге қайта енгізуі мүмкін.
Өтпелі кезең-бұл әдеттегі үйдегі ойындардың қайсысы қалады,ал қайсысы ұмытылып қалатын дәрежеге жететінін анықтайтын кезең.
Психотерапевтер үшін науқастың балалық шағы туралы келесі сұрақтар қызықтырады: «Сіздің мектепте мұғалімдермен қарым-қатынасыңызқандай болды?» немесе «Мектеп қабырғасында сіздің басқа баллармен қарым-қатынасыңыз қалай болды?»