Тақырыбы: Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстары. Тромбоз, эмболия
Тромбоз (thrombosіs; гр. thrombos – ұйыған қан) – тірі организмнің қан тамыры қуыстарында қанның ұюы. Ұйыған қан (тромб) тамыр арқылы қанның қалыпты ағуын баяулатады немесе толық тоқтауына әкеледі. Тромбоздың даму патогенезіне:
қан тамырлары қабырғаларындағы (әсіресе оның ішкі қабатындағы) әр түрлі аурулардың салдарынан (атеросклероз, тромбофлевит, т.б.) болатын өзгерістер;
қан ағымының баяулауы, яғни қан тамырларының кеңеюінен болатын аурулар (аневризма, варикоз);
тромбоциттердің адгезиялық-агрегациялық белсенділігінің артуы;
ұюға қарсы факторлардың тапшылығы немесе белсенділігінің төмен болуы;
қан ұю факторларының белсенділігінің артып кетуі;
фибринолизді күшейтетін ықпалдардың азаюы;
Тромбоздың даму сатылары
Тромбоздың дамуы үш сатыда өтеді:
Тромбоциттердің эндотелий жасушалары бүлінген жерге жабысуы (адгезия);
Тромбоциттердің өзара бір-бірімен жабысуы (агрегация);
Плазмалық қан ұю факторларының қатысуымен қанның ұюы (коагуляция);
Тромбоздың дамуының салдарлары мен ақыры
Пайда болған тромбтың клиникасы әр түрлі. Ол жұмсарып, біртіндеп еруі мүмкін, ал екінші бір жағдайда іріңдейді. Тромб немесе оның бір бөлігі өзінің бастапқы пайда болған жерінен үзіліп, қанмен жылжи отырып, ол жерден алшақ орналасқан қан тамырларын бітеп тастауы (эмболия) мүмкін. Бұл жағдай, сол органды қанмен қамтамасыз ету қызметінің бұзылып, тіндердің өліеттенуіне (миокард инфарктысы, гангрена, ішек некрозы, т.б.) әкеледі. Кей жағдайда Тромбоздың пайдалы жағы да бар. Мысалы, әр түрлі себептермен организмнен қан кетудің тоқтауына әсер етіп, қан жоғалту доғарылады.[2][3]
Қан қатпасының өзі бірнеше өзгерістергі ұшырауы ықтимал:
бактериялардың қатысуынсыз (асептикалық), фибринолиздік т.б. гидролиздік ферменттердің әсерінен қан қатпасының ыдырауы;
бактериялардың әсерінен қан қатпасының ыдырауы бүкіл денеге іріңді ошақтың тарап кетуіне әкелуі мүмкін;
қан қатпасының дәнекер тіні өсіп-өніп, оның беріштеніп қалуы тромбтың организациясы делінеді;
беріштенген қан қатпасының талшықты тіндері қысқарып жиырылуынан оның ішінде жаңа өзектер ашылуы (реканализация) болып, қанайналым қалпына келуі мүмкін;
қан қастпасында кальций тұздарының жиналуынан (кальцификация) ол қатайып қалуы мүмкін;
қан қатпасының бір бөлшегі үзіліп кетіп, жалпы қанайналымға түсуінен тромбоэмболия дамуы мүмкін;
Достарыңызбен бөлісу: |