Перифериялық қан айналымының бұзылыстарының белгілері



бет3/9
Дата26.04.2023
өлшемі168,5 Kb.
#87205
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
№ 5 Шеткері қанайналым жүйесі патофиз-сы

Орналасқан жеріне қарай
Кіші қанайналым шеңберінің эмболиясы
Өкпе артерияларының эмболиясы. Өкпе артерияларының эмболиясы кезінде олардың ішіндегі рецепторлардың қоздырылуынан жүйкелік-рефлекстік жолмен денедегі шеткері тамырлардың кеңуіне әкелетіні байқалған. Бұл рефлекстің белгілі бір мөлшерде қорғаныштық маңызы бар. Осы рефлекс бойынша өкпеге келетін қанның мөлшері шектеледі. Содан өкпенің ісініп кетуінен сақтандырады. Бірақ өкпеде газдардың алмасуы бұзылғандықтан жүрек етінің гипоксиясы дамып, оның жиырылғыштық қызметі әлсірейдіартериялық қысым қатты төмендейді де, коллапс дамиды. Кіші қанайналым шеңбері тамырларында эмбол тұрып қалғанда, өкпе артериолаларының рефлекстік жиырылуы болады, өкпе артерияларында қан қысымы көтеріледі. Бұл өз алдына оң жақ жүректің қызметін ауырлатады, қуыс және т.б. көктамырларда қанның іркілуіне әкеліп соғады.
Үлкен қанайналым шеңберінің эмболиясы
Үлкен қанайналым шеңберінің эмболиясына сол жүрек ішіндегі (тромбэндокардитмиокард инфаркті) және артериялардың ішіндегі құрылған тромбтаргаз немесе май эмболиялары жиі әкеледі. Бұл эмболдар жүрек артерияларында, мибүйреккөкбауыр т.б. ағзалардың тамырларында жиі кездеседі.
Қақпа көктамырының эмболиясы
Қақпа көктамырының эмболиясы сирек кездеседі. Бұл көктамырдың эмболмен бітелуі іш қуысындағы ағзалардың (асқазанішектеркөкбауыр) тамырларында қанның іркілуіне алып келеді. Осыдан іш шемені, іш терісінің астындағы көктамырлардың кеңуі ("медуза басы"), қан қысымының көтерілуіне алып келеді. Көп қанның, шамамен айналымдағы қанның 90 пайызға жуығы іш қуысы ағзаларының көктамырларында жиналып қалуынан, жалпы айналымдағы қан көлемі азаядыартериялық қысым төмендейді, тыныс алу бұзылады, естен тану, тыныстық және тамыр қозғалтқыш орталықтарының салдануы байқалады, осыдан организмнің жан тапсыруы болады.


Эмболия – артериялардың эмболамен бекітілуі - эндогенді эмболалар –
а) (жүрек қақпашаларынан) үзілген тромбтар,
б) жарақатта үзілген ұлпалар, ісіктер ыдырағандағы ұлпалар,
в) сүйек майлары, өкпеден түскен майлар.
Экзогенді эмболалар: ірі веналарға сырттан түскен ауа көпіршіктері оң жүрекшеге барғанда ауа көлемі үлкейіп, жүректің оң бөлігін толтырады. Барометр қысымы кенет түскен кезде пайда болатын газ көпіршіктері (сүңгушілер тез көтерілгенде).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет