Дәріс № 5 Тақырыбы: Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстары. Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстарының негізгі түрлері.
Перифериялық қан айналымының бұзылыстарының белгілері (Воронин В.В., Г.И. Мчеднишвили)
Мидағы артериалды гиперемия. Мидың артериалды гиперемиясы ми ұлпасының қанмен қамтамасыз етілуі жетіспеушілігінде дамиды (эпилепсияда, тырысуда, қан қысымы кенет төмендегенде, ми артерияларының бітелуінде). Ми ұлпасының ишемиясынан соң қайта қалыпқа келу кезеңінде айқындала түседі. Қан тамырларындағы қан көлемі көбейіп, бас қаңқа ішінің қысымын жоғарылатуы мүмкін, сол кезде магистралды артериялар компенсаторлы тарылып, бас сүйек ішінде қан көлемінің тұрақтылығы реттеледі.
Ишемия (лат.ischaemia, қан тоқтау) — дене мүшелеріне қанның жеткіліксіз келуіне байланысты немесе қанның келуінің толық тоқтауына байланысты жергілікті қан айналымының бұзылуы.
Ишемия - әкелуші артериялардың бітелуінің әсерінен перифериялық және микроциркуляторлық қан тамырларында қан ағысының баяулауы, бұл жағдай коллатеральды тамырлар жетіспеушілігінде болады.
Артериялардағы қан кедергісінің жоғарылауының себептері – артериялардың ангиоспазмы, артериялардың толық немесе жартылай бітелуі, артерия қабырғаларының қабынуы, склерозы, сырттан қысылуы.
Артерия спазмының негізгі себебі тамырдың тегіс еттерінің қызметтік жағдайының бұзылуы, соның нәтижесінде қалыпты гуморальдық және жүйкелік әсер қан тамырларының ұзақ уақтылы жиырылуына әкеледі – ангиоспазмға.