Сурет салу «Сүйікті ойыншығым (қонжық)» Балалардың шығармашылық қыбілеттерін дамыту, белгілі бір бейне жасауды түстердің үйлесімділігін және заттардың суретін салуға тапсырма беру
Д/о: «Ойыншықты тап».
Мүсіндеу «Түрлі түсті пирамида». Пирамида туралы түсінік беру; түстерді дұрыс ажыратуға үйрету; шығыршық дөңгелектер жасауды үйрену, Тілдерін дамыту.
Д/о: «Пирамида құрастырайық».
Музыка. «Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары» Бір әннің әр түрлі аспапта, ойнаған сазын тыңдау, тану, салыстыру, ажыратуға үйрету. Әр аспаптың тарихы, неден жасалатыны, құрылысы туралы түсінік беру.
Д/о: «Қатты және ақырын музыка».
Қоршаған ортамен таныстыру «Көлік түрлері» Адам өмірі мен еңбегін жеңілдететін көліктің маңызын түсіндіру. Түрлі мамандық иелерінің әр түрлі көлік құралдарын басқаратыны туралы айтып үйрету.
Д/о: «Даусынан таны»
Мамандықтың бәрі жақсы (IV апта)
Дене шынықтыру «Кеңістікті бағдарлау» Кеңістікте бағдарлай білуді үйрету. Көзді жұмып жүруге жаттықтыру. Күш, ептілік, жылдамдық тәрізді қимыл сапаларын дамыту
Д/о: «Мерген футболшы».
«Гимнастика» Дене-тұлғасын дұрыс қалыптасуына арналған гимнастикалық жаттығуларды орындауды үйрету. Жаттығуларды орындату арқылы қимыл үйлесімділігін дамыту; баспен домалауға жаттықтыру.
Д/о: «Мысық пен тышқан»
«Жұқпалы аурулар және олармен күрес» Микроб туралы түсінік беру. Аурудың белгілерін білуге үйрету. Салауатты өмір салтын құруға баулу