Зертханалық жұмыс. Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау. Құрал – жабдықтар



Дата26.03.2023
өлшемі15,56 Kb.
#76283
Байланысты:
46422f99-3958-42ed-84e9-aad1e47112f3 (1)




Зертханалық жұмыс.
Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау.
Құрал – жабдықтар: 1) жарықтың толқын ұзындығын анықтайтын аспап; 2)дифракциялық тор; 3)жарық көзі.
Жұмыстың теориясы. Жарықтың дифракциясы дифракциялық тордың көмегімен жақсы бақыланады. Дифракциялық тордың формуласы d sin φ= Rλ ( 1) бойынша түрліше ұзындықтағы толқындар үшін максимумдар түрліше бұрыштармен бақыланады. Φ бұрышы аз және тор мен экранның а қашықтығы саңылаудан толқынның максимумы бақыланатын b қашықтықтан көп үлкен болатындықтан, sin φ=tg= ( 2) деп алуға болады. ( 1 ) мен ( 2 ) формулаларынан λ= аламыз :
Жұмыстың барысы:

  1. Дифракциялық торды (1 )аспаптың рамкасына ( 2 ) қойып , оны көтерілгіш үстелдің қысқышына бекітіңдер ( 1 – сурет ).

  2. Жылжымалы экранды (5) дифракциялық тордан 50 см қашықтыққа қойыңдар.

  3. Дифракциялық тор (1) арқылы қарап, аспапты нысана саңылауынан көрінетін етіп қойыңдар. Осы кезде жылжымалы экранның қараңғы реңінде бірнеше ретті дифракциялық спектрлерді көруге болады. Спектрлер көлбеу тұрса, торды олар вертикаль болатындай етіп бұрып қойыңдар.

  4. Экрандағы шкала бойынша бірінші реттік спектрдің қызыл және күлгін шекарасын анықтаңдар, сонымен қатар спектрдің жасыл сызығының орнын да байқаңдар.

  5. Өлшеу нәтижелерін кестеге түсіріңдер.

  6. Жылжымалы экран мен тордың арақашықтығын өзгертіп, өлшеулерді қайталаңдар. Мұны экранның әр түрлі үш орналасу жағдайы үшін қайталаңдар. үшін толқын ұзындығын анықтаңдар.

  7. Қызыл, жасыл және күлгін сәулелер үшін толқын ұзындығының орташа мәнін табыңдар.

  8. Өлшеу қателігін бағалаңдар.

Бақылау сұрақтары:

  1. Дифракциялық тор дегеніміз не?

  2. Тордың периоды деген не? Ол қалай есептеледі?

  3. Спектрдің қай бөлігі экранның саңылауына жақын орналасқан: қызыл немесе күлгін?

  4. Тор мен экранның арақашықтығы дифракциялық спектрдің ретіне қалай әсер етеді?

  5. Тордың периоды дифракциялық спектрлердің арақашықтығына қалай әсер етеді?

  6. Егер көшедегі шамға капрон , тюль арқылы қарайтын болсақ , неге олардың төңірегінде түрлі – түсті шеңберлер пайда болады?

Жұмыстың орындалуы:



Спектрдің реттілігі

Тордың периоды,
d ( м )

Тордан экранға (шкалаға) дейінгі қашық тық а

Спектрдің шкала-лары және белгілері м

Толқын ұзындығы , м

Қызыл

Жасыл

күлгін

қызыл

жасыл

күлгін

1

























2


























Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет