Сурет салу «Қысқы көрініс» Күрделі заттардың суретін салғанда бөліктердің орналасуын және олардың көлемі бойынша ара қатынасын көрсете білуді қалыптастыру.
Д/о: «Аққаланы құрастыр!»
Аппликация «Ақшақар» Қайшыны дұрыс ұстау, кесу, бөліктерді мұқият жапсыру дағдыларын бекіту. Бөліктерді дұрыс орналастырып және оларды мұқият жапсырып, суретті құруға үйрету.
Д/о: «Пішінді ата»
Музыка «Қорқыт ата» Халқымыз қадір тұтып, атын аңызға айналдырған Қорқыт бабамыздың өмірі туралы түсінік қалыптастыру.
Д/о: «Қандай аспап?»
Музыка «Қорқыт ата» Қорқыт атаның өсиет, нақыл сөздері, бата-тілектері арқылы балаларды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Д/о: «Неше дыбыс?»
Мақсаты:Табиғаттың әрбір бөлшегі азамат баласы үшін асқан байлық, қайталанбас қазына екенін, денсаулықтың қорғаны екенін ұғындыру.
Міндеттері: Табиғат аясындаөзін мәдениетті ұстауға, қоршаған ортаны ластамай сақтауға тәрбиелеу.
«Бізді қоршаған әлем»
Ғажайыптар әлемі (өлі табиғат құбылыстары) (І апта)
Дене шынықтыру «Бір орында тұрып ұзындыққа секіру» Бір орында тұрып, ұзындыққа секіруге үйрету. Бастан асырып лақтыруды бекіту.
Д/о: «Бөренеден өтіп көр»
«Допты домалату» Допты бір-біріне лақтыруды үйрену. Лақтыруды жетілдіру. Белгіге назар аударып, жылдам жауап беру дағдысын қалыптастыру.