Д/о: «Суретті жалғастырып боя және әңгімеле»
Көркем әдебиет
«Екі әтеш»
Сурет бойынша құстар туралы шағын әңгіме құрастыру. Құстарға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Д/о: «Үй құстарын ата»
|
ҚМҰҚ
«Реттік сандармен танысу»
Сандарды ретімен атау біліктерін дамыту. Сезім мүшелерінің (көру, есту, иіс сезу) көмегімен санау дағдысын дамыту.
Д/о: «Қайсысы қайда тұр?»
Жаратылыстану
«Үй құстары»
Қораз және тауық, балапан туралы ұғымдарын қалыптастыруды жалғастыру. Үй құстарының сыртқы келбетіндегі ерекшеліктері туралы білімін нақтылау.
Д/о: «Бұрын кім болған?»
Құрастыру
«Қар мен аққала»
Құрылыс материалдарының негізгі бөліктерін, олардың бөлшектерін атауға үйрету, оларды көлемі, түсі бойынша ажырата білуге баулу.
Д/о: «Аққала»
|
Сурет салу
«Үй құстары»
Пішіні дөңгелек заттардың суретін салу және пішінін ескере отырып, қарындашпен бояу дағдыларын бекіту. Құстың суретін салып, денесінің пішінін (сопақ), бөліктерін көрсетуге үйрету.
Д/о: «Қандай фигура?»
Мүсіндеу
«Тәрелкесімен саптаяқ»
Тұрмыстық заттарды мүсіндеуге қызығушылықты тәрбиелеу.
Д/о: «Дәл сондай пішінді тап»
Музыка.
«Құстар»
Балаларды өздігінен музыка бағытын (баяу, көтеріңкі, жоғары, төмен) ажыратуға, анықтауға үйретуді жалғыстыру. Құстарға деген қамқоршылыққа тәрбиелеу.
Д/о: «Құстар мен балапандар»
|