Жапсыру. Тақырыбы: «Көлік» (Автобус)
Мақсаты: Балалар қоғамдық көлік туралы және онда тәртіп сақтап, үлкендерге көмек көрсету керектігін түсініп, картон, қағаз арқылы автобусты жапсыра алады.
Мүсіндеу. Тақырыбы: «Менің сүйікті ойыншығым» (жеңіл мәшине)
Мақсаты: сүйікті ойыншық мәшине туралы әңгімелей отырып шымшу, есу әдісі арқылы мәшине мүсінін жасай алады.
Музыка. (Музыка жетекшісінің жоспары бойынша)
Музыка. (Музыка жетекшісінің жоспары бойынша)
Өзін-өзі тану. Тақырыбы: «Менің туыстарым»
Мақсаты: балалар туысқан ұғымы туралы түсінік алып, туған-туыстарға деген мейірімді қарым – қатынас көрсете алады
IІ- апта(08.11 – 12.11.2021ж)
Өтпелі тақырып: «Мен және қоршаған орта» Мақсаты: табиғатпен таныстыру, экологиялық тәрбие, тіршілік әрекетінің қауіпсіздік негіздерін қалыптастыру, адамдар және олардың мамандықтарымен таныстыру.
ІI апта.
1.Дене шынықтыру. (Дене шынықтыру нұсқаушысының жоспары бойынша)
2.Дене шынықтыру. (Дене шынықтыру нұсқаушысының жоспары бойынша)
3. Қауіпсіз мінез-құлық негіздері. Тақырыбы: «Табиғаттағы қауіпсіздік ережелері»
Мақсаты: табиғаттағы қауіпсіздік ережесін сақтап,табиғат аясында өзін - өзі ұстай алады.