Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Денсаулық әлеміне саяхат»
Мақсаты: денсаулық үшін тазалықтың маңызын түсініп, жеке гигиеналық дағдылар мен салауатты өмір салты туралы өз ойларын толық әрі мәнерлі жеткізе алады.
Сауат ашу негіздері.
Тақырыбы: «Ң дыбысы мен әрпі»
Мақсаты: Ң дыбысы мен әрпімен таныса отырып, жаңа сөздерді оқып сөздерге дыбыстық талдау жасай алады
Сауат ашу негіздері.
Тақырыбы: «Ң дыбысы мен әрпі» қайталау.
Ң дыбысын ойындар арқылы қайталай отырып, сөйлемдер құрай алады
Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Жемістер жыры» Роза Қонақова өлеңі
Мақсаты: өлеңнің мазмұнын түсініп, жемістердің пайдасы, құрамындағы дәрумендері туралы түсінік қалыптастыра алады.
Орыс тілі.
(Орыс тілі мұғалімінің жоспары бойынша)
|
Математика негіздері.
Тақырыбы: «Шар. Текше. Цилиндр»
Мақсаты: балалар көлемді денелер: шар, текше, цилиндр туралы түсініп, қоршаған ортада сәйкес пішіндегі заттарды тауып, тапсырманы ұқыпты орындай алады.
Құрастыру
Тақырыбы: «Сиқырлы қораптар»
Мақсаты: балалардың қағазбен жұмыс жасау дағдыларын игеріп, бос қораптарды (тіктөртбұрыш пен төртбұрыш пішінде) түрлі-түсті қағаздарды пайдалана отырып, белгілі бір бейнелерді жасай алады.
Жаратылыстану
Тақырыбы: «Ауа не үшін қажет?»
Мақсаты: балалар ауаның қасиеттерімен танысып, тәжірибе арқылы ауаның біздің айналамызды қоршап тұрғанын түсіне алады және қоршаған ортаны таза ұстай алады.
|