Сауат ашу негіздері
Тақырыбы: «Х дыбысы және әрпі» қайталау.
Мақсаты: Х дыбысының айтылуы мен жазылуын меңгеріп, сөз ішіндегі орнын тауып, мысалдар келтіре отырып тапсырмаларды дұрыс орындай алады.
Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Балықтар фаунасы» (Қарабалық)
Мақсаты: қарабалық және оның құрылысы мен тіршілік ету аймағы, ерекшелігі туралы танысып, берілген мәліметті айта алады.
Орыс тілі.
(Орыс тілі мұғалімінің жоспары бойынша) |
Математика негіздері.
Тақырыбы: «10 көлемінде тура және кері санау»
Мақсаты: 1-ден 10-ға дейінгі сандарды тура және кері санауды қайталап, «қанша», «сонша», «тең» деген ұғымдарды меңгеріп, дидактикалық ойындар арқылы тапсырмаларды дұрыс орындай алады.
Құрастыру
Тақырыбы: «Зообақ»
Мақсаты: балалар зообақтағы жануарлармен танысып, олар тұратын зообақты құрастыра алады.
Жаратылыстану
Тақырыбы: «Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер»
Мақсаты: балалар қызыл кітапқа енген жануарлармен таныса отырып, олардың тіршілігін, мекені туралы айта алады.
|
Сурет салу.
Тақырыбы: «Аю»
Мақсаты: балалар қарындаш пен аюдың бейнесін салып, қылқалам мен субояуды пайдаланып аюды үлгіге қарап бояй алады.
Жапсыру.
Тақырыбы: «Арқар»
Мақсаты: балалар Арқар туралы мәлімет алып, дайын арқар бейнесін қиып қағаз бетін бағдарлай отырып жапсыра алады.
Мүсіндеу.
Тақырыбы: «Ақ қоян»
Мақсаты: қоян және оның түрлерімен танысып, үлгіге қарап қоянды мүсіндей алады.
Музыка.
(Музыка жетекшісінің жоспары бойынша)
Музыка.
(Музыка жетекшісінің жоспары бойынша)
|